Мен дизайнермін Дауыссыз дыбыс түрлері (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Мен дизайнермін. Дауыссыз дыбыс түрлері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2.4.1.2 дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң, ұяң, үнді) ажырату
2.3.8.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Сабақ мақсаттары: Мазмұн бойынша сұраққа жауап бере алады;
Дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратады.
Каллиграфиялық нормаларды сақтап, әріптерді жазады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Экономика | Қазақстандағы модельер дизайнерлері

Кім болмасын әдемілікті жақсы көреді. Әсіресе, сұлулық сыйлау жолында қызмет етіп жүрген, осы жолды өмірлік ұстанымы етіп алған жандардың орны айрықша. Сондай жандардың бірі – негізі 1947 жылы қаланған, отандық сән әлемінің бастау бұлағында тұрған «Сымбат» сән академиясының арт–директоры Балнұр АСАНОВА. Ол Мәскеуде, Дубаида және Вашингтонда өткен Сән апталықтарына үнемі қатысып келеді. Сонымен қатар Б. Асанова – «Wһіte and black», «Cһіcco’s» және «Vіctorіa secrets» сауда белгілерімен танымал американдық «Mast Іndustrіes» компаниясының ресми дизайнері болып қызмет істеді. «Cһіcco’s by Balnur Assanova» белгісімен киімдерді АҚШ пен бүкіл әлемнің 500 өкілдігінде кездестіруге болады. Қазақстандық сән өнерінің әлемдегі орны қаншалықты? Осы сауалға жауап іздеп, Балнұр Асанованы әңгімеге тарттық.
– Қазақстандағы қазіргі сән өнері туралы пікіріңіз?
– Қазақстанда сән өнері жоқ деген пікірмен келіспеймін. Сән өнері сонау ерте кезден–ақ жолға қойылған. Ата–бабаларымыздың киген әрбір киімдерінің өзі қайталанбас үлгілерге жатады. Олардың тігуге пайдаланған барқыт, шибар¬қыт сияқты маталарының өзі қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Мысалы, Парижге барғанымда осыған көзім жетті. Атақты франциялық дизайнерлер өз еңбектеріне дәл осы барқытты кеңінен қолданып жүр. Сол сияқты велюр де бізден қалған десем артық болмас. Керек десеңіз қазіргі таңда сәнге айналған киім үлгісі, яғни пішу түрлері де қазақтың ұлттық киімінен қалған. Мәселен, еуропалықтар үшін енді ғана сәнге айналған киімдері, бұрынғы қазақтың камзолының үлгісі сияқты. Сондай–ақ, киізден тігілген сырт киімдер де шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Бұның барлығы қазақтың қолөнерінен шыққан дүниелер. Сондықтан, Еуропа емес, Қазақстандық сән өнері әлемді аузына қарата алады.
– Биылғы жылы Нью–Йоркте LACOSTE, DKNY, Y–3, MІSS SІXTY, CAROLІNA ҺERRERA, JІLL STUART, BETSY JOҺNSON, DІESEL, ANNA SUІ, CALVІN KLEІN, RALPҺ LAUREN, DONNA KARAN, TOMMY ҺІLFІGER сияқты әлемдік брэндтермен бірге коллекцияларыңызды ұсынбақшы едіңіздер?
– Иә, қыркүйектің 5–12–сі аралығында Нью–Йоркте Сән апталығы – ІMG Fasһіon Week (Mercedes Benz Fasһіon week New York) ашылды. Онда АҚШ пен бүкіл әлемнің талантты дизайнерлері «Көктем–жаз–2009» жаңа маусымына арналған киім үлгілерін ұсынды. ....
Рефераттар
Толық

Болашақта қоғамға қажет мамандықтар

Мамандық таңдау – қазіргі түлектердің басты мәселесі. Оларды толғандыратыны – қай мамандық қоғамда тапшы. Болашақта кей мамандықтар жоғалып, жаңа маман иелеріне деген сұраныс арта түседі. Бұл қоғам мен техниканың әсерінен болуы мүмкін. Сонымен, назар аударайық: 10 жылда қоғамға қажет 10 мамандық тізімі.
Кеңестер
Толық

Бір-бірінің көйлегін алмастырып киетін жұлдыздар кімдер?

Бүгінде ел алдында жүрген қыз-келіншектер әр көйлегінің, тіпті әр сәнді бұйымының ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын, ерекше болғанын қалайды. Дегенмен, кей жағдайда олардың бірдей көйлек киіп қалатын кездері де болады. Мәселен, отандық дизайнерден эксклюзивті көйлекке тапсырыс берген Аиша дәл сондай көйлекті Гүлнұр Оразымбетованың үстінен көріп, таң-тамаша болған еді.
Жаңалықтар
Толық