Психология | Жасөспірімдердің ойлау процесінің даму деңгейін зерттеу және логикалық ойлауын дамыту жолда

Зерттеу өзектілігі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт ішінде экономикада сілкініс жасап, өркениетпен ықпалдасуда. Әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр.
Осыған орай, қоғамдық даму деңгейінің өлшемі болып табылатын қазіргі білім беру жүйесінің мәні арта түсуде.
Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылғы 1 наурыздағы жолдауында: « Білім беру жүйесін дамыту – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі » деп атап көрсетті.
Орта білім берудің алғашқы сатысы – бастауыш білім беру. Білім негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту.
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары

Кіріспе
Бюджеттік құралдардың қалыптасу ,бөлісу және пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарда,яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен оларды негізгі мақсаттарда, әрі қарай тереңдетуге,білім мен денсаулық сақтауды дамытуға ,индустралды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар-бюджетті құрғанда көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді.Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті-экономикалық даму бағдарламасы табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бастап тәуелсіз еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайын өсірудің бірден бір саласы бюджет екеніне көз жеткізе түсінгендей болып отыр, десекте сол бюджеттің нарық талабына сай қызмет етуіне баса назар аударып жетілдіру үстінде. Қазақстан бюджетін дамыту жүйесін қолға алып әлемдік дамыған мемлекеттердің даму деңгейіне сүйене отырып, мемлекеттік бюджеттің экономиканы реттеудегі рөлі зор екендігіне баса назар аударуда.
Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақтан Республикасының бюджет жүйесі мен салық жұйесінің жылдан жылға жаңаруы, бюджет кодексі мен салық кодексіне жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне себеп болып отыр. Ол дегеніміз мемлекетіміз бір орында тұрмай экономиканың бір ыңғай немесе үнемі қозғалыста болғанының белгісі, экономикамыз іштей және сырттай дамуы ол халқымыздың әл ауқатының түзелуі мен мемлекетіміздің тыныштығы деп білем.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халықтың қайнар ойларынан нәр алып, өскелең ұрпақтың игілігіне жараған, адамзаттың ақыл-ой қабілеттерін дамытуға негізделген рухани құндылықтардың бірі - зияткерлік ойындар. Оның - жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытып, өзін-өзі қалыптастыруында маңызы зор. Шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы және го секілді ойындар - тек қана спорт, өнер, ғалым ғана емес, олар жасөспірімдерді тәрбиелеудің маңызды құралы.
Зерттеу нысаны – тоғызқұмалақ қазақ дене шынықтыруының этностық педагогикасы ретінде.
Зерттеу мақсаты – тоғызқұмалақ арқылы қазақ халқының ұлттық дене мәдениетін дәріптеу.
Зерттеу әдістері: ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиет сараптамасы мен жинақталуы; сауалнама жүргізу; педагогикалық бақылау.
Зерттеу міндеттері:
1. Тоғызқұмалақтың қазақ елінің жалпы мәдениет құрылымындағы өзіндік орны.
2. Тоғызқұмалақтың заманауи даму деңгейін айқындау.
Зерттеудің әдістемелік негізін тарихи-педагогикалық құбылыстар мен фактілерді зерттеудің жүйелі тәсілі құрайды.
Ғылыми жаңалығы:....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Күресші студенттердің анаэробтық өндірісі деңгейінің тиімділігін дене мүмкіндігі негізінде арттыру

Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қазiргi кезеңдегi студент күресшілердің дайындау жүйесi өзiндiк мақсаты, мiндеттерi, құралдары, әдiстерi, ұйымдастыру түрлерiмен материалдық-техникалық шарттары т.б. бар, студенттердiң ең жоғарғы спорттық нәтижелерге жеткiзуге қамтамасыз ететiн күрделi де көп факторлы құбылыс болып табылады, сондай-ақ студент спортшыны жарыстарға дайындайтын ұйымдастырылған педагогикалық үрдiс.
Дүние жүзiндегi студент жастар арасында кеңiнен тараған спорт түрлерiне спорттық түрлер мен волейбол жатады.
Күресші студенттердiң спорттық шеберлiгiнiң шыңын анықтайтын факторлардың бiрi ойыншылардың техникалық тәсiлдерi қабылдап алу мен беру, тиiмдi орындау болып саналады.
Қазiргi заманғы қазақстандық және шетелдiк спорттық ғылым күресшілердің сол немесе басқа тәсiлдердi тиiмдi орындаудың жекелеген жақтарына қатысты мәлiметтердiң жеткiлiктi санын жинақтады (волейбол, футбол, хоккей, баскетбол т.б.) /6, 44, 4, 10, 13/. Соған қарамастан, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттердегi тиiмдiлiк пен әдiстердi жетiлдiру түсiнiгiне кiретiн зерттеулердiң құрылымдық компоненттерi жеткiлiктi орындалмаған. Студент спортшының әрекет етуi тиiмдiлiгiнiң түсiнiгi өзара байланыстың күрделi құрылымы мен әртүрлi жоспарлы көрсеткiштердiң жиынтығын өзiне қосатын жалпылама сипаттаманы бiлдiредi.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты

Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі: Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу поцесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарым қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де андататын болды. Мұгалім мен оқушының бірлікті іс-әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін андатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. ....
Курстық жұмыстар
Толық

100 жас жасауға көмектесетін 7 кеңес

Дәрігерлердің айтуы бойынша, әрбір адам келесі ережелерді орындай отырып, денсаулығын бірқалыпта ұстай алады.
Бірінші. Салауатты өмір салтын ұстану. Физикалық жаттығу жасамау адам өмірін 4 жылға азайтады екен. Физикалық жаттығулармен айналыспайтын адамдар жүрек ауруларына шалдығуы әбден мүмкін.

Екінші. Холестерин деңгейін білу және бақылап отыру. Қандағы холестерин мөлшерінің көп.....
Кеңестер
Толық

Білікті жұмысшылар дайындаудың теориялық негіздері мен практикасы

Кәсіптік педагогика зерттеу ауқымы емес, өзінің даму тарихымен әр кезеңдегі ашылған жаңалықтарымен, тұлғалар тағдырындағы текетірестер мен адасулар, түпсіз тұңғиыққа тірелген ойлар әлемімен қызықты.
Кәсіптік педагогика жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірумен қалыптасты. Бұл енді дамып, қанат жайып келе жатқан жас ғылым саласы.
Басқа ғылымдар сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты бар, оның іргелі ғылым екендігін, сапалық ерекшеліктерін айғақтайтын дәйектемелері бар. Қазіргі кезде нарық талабына сай.....
Рефераттар
Толық