Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 1916 жылғы қайраткердің қалдырған дерегі

Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 14 (26).12.1894, Верный уезінің Шығ.Талғар болысы, қазіргі Алматы облысында дүниеге келген. 10.2.1938 өмірі қиылады. Кеңес мемлекеті және партия қайраткері. 1917 жылдан Компартия мүшесі болған. Көшпелі кдей шаруаның семьясында туған. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы, Ұлы Қазан социалистік революциясына, Азамат соғысына, Орта Азиядағы, Қазақстан мен РСФСР-дегі социалистік құрылысқа белсене қатысты. Әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы желтоқсанда патша үкіметінің зорлық – зомбылығына қарсы шыққаны үшін 10 жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылды. Он жасар Тұрар да верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болды. Он екі жасынан Тұрар жалшылықта байдың малын бақты. 1907 жылы ол Қырғызбаев деген жалғанфамилиямен Әулиеатадағы бұратаналарға арналған орысша бастауыш мектепке түсті. 1910 – 1914 жылдар ішінде Пішпектегі (Фрунзе) ауылшаруашылығы мектебінде оқыды. 1916 жылы Тұрар Рысқұлов Ташкенттегі мұғалімдер интернатыга түскенімен, оны аяқтап үлгермеді. Қазақстан мен Орта Азияда ұлт – азаттық көтерілісі бұрқ ете түсті. Әулиеатадағы осы көтеріліске белсене қатысқан Рысқұолвты патша үкіметі сол жылы тұтқынға алды.
Ақпан революциясынан кейін ол қазақ жастарын революциялық жолға жұмылдырды. 1917 жылдың басында Т.Рысқұлов Қырғыз (қазақ) жастарының одағын ұйымдастырып, Әулиеата Советімен тығыз байланыс жасады.
Кеңес үкіметі орнасымен Рысқұлов 1917 жылы қарашадан 1918 жылдың маусымына дейін Әулиеата уездік Совдепі аткомының председателі болды. 1918 жылдың шілдесінен сол жылыдың аяғына дейін Түркістан республикасы денсаулық сақтау халкомы, 1918 жылдың ақырынан 1920 жылдың қаңтарына дейін Түркістан республикасы ОАК пердседателінің орынбасары, 1919 жылғы наурыздан 1920 жылдың ақпанына дейін РК(б)П Мұсылман бюросының председателі, 1920 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін Түркістан республикасы ОАК-нің председателі, сол жылдың аяғынан 1921 жылға дейін Ұлт істері Халық Комиссариатынң Азербайжан республикасы бойынша уәкілі, 1921 жылдан 1922 жылдың қыркүйегіне дейін РСФСР Ұлт істері Комиссариатының қызметкері, коллегия мүшесі және халкомның 2 – орынбасары, 1922 жылдың қыркүйек айынан 1924 жылдың сәуір айына дейін Түркістан республикасы халкомсовының председателі болып жұмыс істеді....
Рефераттар
Толық

Әзербайжанды періште кейіпті қыз дүр сілкіндірді (фото)

Бану Мурадова Бакуде 12.12.12 датасында туған. Періште кейіпті қыз бірнеше жылдың ішінде өзінің келбетімен бүкіл Әзербайжан елін таң қалдырумен келеді. Бұл туралы Spletnik электронды журналының дерегі негізінде ras.kz хабарлады.
Жаңалықтар
Толық