Дінтану | Діншілдік дүниетанымының деңгейі

Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама. Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс.
Батыс мәдениетінде «Дін» ұғым түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» ұғымының түсінігі. Бұл ұғым түсінікпен жер мен көк /аспан/ арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал екінші, осы латын тіліндегі «religo» ұғым – түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылады.
Екінші ұғым – түсінік біріншісіне қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді.
Батысқа қарағанда исламдық өркениетте «дін» терминінің мәні басқашалау түсіндіріледі. Мұның себебі «Дін» ұғымының кең ауқымдығы сан қырлы мән мағынасы исламға дейінгі араб елі тұрғындарының әртүрлі түсіндірілуіне байланысты.
Мұсылмандық дінтанушылардың түсіндірулерінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенінадам өз жүрегі арқылы сезіну керек дейді.
Дінді әлеуметтану тұрғысынан талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады.
Сонымен қатар дін әлеуметтануының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестерге байланысты.
Қоғамдағы діннің орны мен қызметі өте күрделі. Діни қатынастардың ерекшелігі ол қоғамдық әлеуметтік-экономикалық және мәдени, рухани сфералардан көрінеді.
Жұмыстың тақырыбына байланысты классикалық ғалымдардың ой пікірлері. Сол заманның Гобб, Лок, Юм сияқты әлеуметтік теоретиктері діннен табиғаты бойынша қоғамға пайдалы, тұрақтылық Гоббс өзінің еңбектерінде дінде негізделген қоғам үшін жағдайын қауіпті күштерді сараптайды. Ағартудың біршама төмен бағыты діннің әлеуметтік пайдалылығын мойындап ешқандай қоғам дінсіз өмір сүре алмайды дегенді алға тартты. Бірақ әңгіменің бәрі мынады еді, жаңа заманда еуропа тарихындағы болған оқиғалардағы нақты көрініс берген діни дау-дамайлар мен әлеуметтік жан-жалдардың қайнар көзі болады. Діннің қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қауіп тудырмайтындай әрекетіне жағдай жасап, дінге қоғамнан лайықты орын беру қажет болды. Локк дін мен әлеуметтік өмірдің бұлай үйлесімділігінің бір мүмкіндігі деп, дінді «ресми емес» деп алып мемлекеттен бөлу керек деді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дінтану | Діни экстремимнің пайда болуымен теориялық негіздері

Әуелі барлық әлемдерді Құран нұрымен нұрлы қылған Ұлы Раббымыз Аллаһ-Тағалаға сансыз алғыс-мақтауларымыз болсын, Ал заттың сүйікті пендесі және пайғамбары болған әзіреті Мұхаммедке (с.а.у) дуа сәлемдеріміз болсын. Міне, 1400 жылдан артық уақыттан бері адамзат әлемін бір Ұлы Кітап нұрлы қылып, жарқыратып келеді. Ол Аллаһ Тағаланың Өз пайғамбары Мұхаммед алйһис-сәлемге, ол кісі арқылы барлық адамдарға түсірген қасиетті Құраны.
Аллаһ Тағала бүкіл әлемді жаратып, сосын ол әлемге иелік қылсын, басқарсын деп адамзатты дүниеге келтірген соң, оған және оның ұрпақтарына жер жүзінде нағыз адам болып жасап өтулері үшін илааһи қолданба қылып Өзінің көрсетпелерін- кітаптарын жіберіп тұрды. Сол илаһи кітаптардың ең соңғысы және сонау Қияметке щейін жоғалмай бұзылмай тұрғаны және тұратыны Құрани Кәрім болып есептеледі. Бұл қасиетті кітаптың адамзат ғұмырындағы мәртебесін адам денесіндегі жанға ұқсатсақ еш бір қате кетірмеген боламыз. Өйткені адамның басқа жанзаттардан айырмасы, басқаша айтқанда,адамды айуаннан ажыратып тұрған нәрсе оның діні-иманы болса, сол діннің дінгегі-негізі Құран екендігі шексіз. Құран біздің, мұсылмандардың Қасиетті Кітабы болудан тыс, теңдессіз ұқсасы жоқ бір илаһи керемет. Сөз де болып, жалғыз мұсылмандар емес, басқа діндердің өкілдері де оған өзгеше сый-құрмет көрсетеді. Оның сырттай қарапайым көрінген аяттарындағы, сөздеріндегі өте терең мағына, бір аяттың өзіндегі тірлік дүниесі ақыретпен, жер тұрмысы аспанмен жанаса келтірілгені, ол түгілі, Құран мәнісінен бейхабар адам да оның өзгеше жағымды және өте әсерлі үнін ұққан кезде, өзі сезбеген жағдайда рахаттанып, демін ішіне тартып, құлақ түріп қалуы, ол түгіл тұла бойымен беріліп тыңдауы- бұлардың барлығы осы Ұлы кітап қарапайым адамның емес керісінше Жаратқан Аллаһтың сөзі екндігіне ашық-айқын дәлел. Міне, 14 ғасыр болады, бұл кітап мұсылмандарға илаһи қолданба болып және басқа барлық адамдарды да өзіне тартып, таң қалдырып келеді. Құран Аллаһ Тағала тарапынан пайғамбарымыз Мұхаммед алейһис-сәләмге түсіріле бастаған уақыттың өзінде бұған таң қалу басталған. Белгілі болғанындай, сол мезгілде арабтарда әдебиет өте дамып, ақындардың арасында әрдайым әдеби бәсекелер өткізіліп тұрған. Сондай сынақтарда жеңіске жеткен ең күшті шығармаларды сыйлық қатары, оларды Қағбаның дуалына іліп қоятын. Ел ол шығармаларды оқып, оларды жазған ақындарға алғыстарын айтатын. Сонда пайғамбарымыздың сахабаларының бірі, жеңіске жеткен шығармалардың қатарында Құрандағы ең қысқа сүре-« КӘУСАР» сүресін іліп қойғанда, бұл сүрені оқып көрген ең күшті ақындар бір ауыздан «Бұл сөз-адамның сөзі емес» деп таң қалған. Бұл оқиға Құран Аллаһ Тағаланың сөзі екендігіне ашық-айқын бір дәлел болса, енді Құранның басқа илаһи Кітаптардан айырмасы және де анық. Құраннан ілгері түсірілген Тәурат, Інжіл сияқты илаһи кітаптардың біреуінің де түп нұсқасы қалмаған, керісінше олардың барлығы түрлі тілдердегі аудармалардан оқылары мәлім ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дінтану | ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МӘСЕЛЕСІ ХИЗБ УТ ТАХРИ АЛЬ ИСЛАМИ ДІНИ ЭКСТРЕМИСТІК ҰЙЫМ

Қазіргі заманда болып жатқан экономикалық, саяси, ақпараттық, мәдени және діни кеңістіктің жаһандануы әлемдік үрдістердің маңызды факторы болып табылады. Бұл құбылыс жағымды аспектілермен қатар белгілі бір негативті жағдайларға да әкеледі.
Адамзат өткен ғасырдағы қырғи- қабақ соғыс кезеңінің қорқыныштарын басынан кешіріп, енді тыныштық заманға қол созып отырғанда, тағы да жаңа бүкіләлемдік мәселемен тікетіресті. Енді қазіргі әлемнің алдындағы өзекті мәселелер халықаралық экстремизм мен лаңкестіктің агрессивті көріністері және соның ішінде діни-саяси экстремизм, ислам фундаментализмі, ваххабизм және т.с.с түрлі-түрлі пішіндер болып табылады.
Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен лаңкестік тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарында өте жиі орын алуда. Хақ дін исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында көптеген ойлар да, зерттеулер де бар екені мәлім. Дін мәселесінің ушығуы өзінен өзі пайда болған жоқ. Ол – ұлттық тәрбие, тіл, діл мәселелерімен астарласып жатыр. Сондықтан осы сұрақтың астарына үңілерде жоғарыда айтылған мәселелерді тұтастай қамти қарастыру керек сияқты. Сонымен қатар ислам дінінің атын жамылып, оның заңдары мен қағидаларын бұрмалап, іс-әрекет жасап жүрген діни экстремистік және лаңкестік топтардың саны көбейіп келе жатыр. Ал нақтылай атап өтетін болсақ «Аль-Каида», «ХАМАС», «Мұсылман-ағайындар », «ЭТА», «Аль-Джамаа аль-Исламийя», « Ансар аль-Ислам», « Хизб-ут-тахрир аль-Ислами» және т.б.
Экстремизм мен терроризм сонау заманнан-ақ қолданбалы әрі тиімді қару ретінде рөл атқарған болатын. Әсіресе ХХ ғасырдың бірінші жартысында Франциядағы саяси жүйенің радикализациялануы кезінде экстремизмнің қалыптасыуы орын алады. Бірақ, сол уақытта, бұл мәселе, қазіргі кездегідей өте күрделі мәселе болмағаны, сонымен қатар оның жан-жақты қарастырылмағаны тарих беттерінен көрінеді. Ал қазіргі ғаламдану кезінде, осындай экстремистік ұйымдардың көбеюіне байланысты, бұл қиын және өзекті мәселе ретінде әрбір мемлекеттің күн тәртібінде тұрғаны және соған қатысты күн сайын конференциялар, шақырулар өткізіліп, көптеген декларациялар, конвенциялар қабылданып жатқаны бәрімізге де мәлім. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дінтану | Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы

Курстық жұмыстың тақырыбы: “Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы”.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі өзгерген, діни-руханилықтың жаңа дәуірдегі дамуы мен өзгерістерінің қарастырылуы. Шариғат заңдарының қазақ әдет-ғұрыптарында қалдырған ізінің зерттелуі. Сонымен қатар, Ислам дініндегі мазһабтардың қалыптасу тарихының, мектептердің заң қағидаларының ұстану ережелерін түбегейлі қарастыру.
Қарастырылу деңгейі. Бұл жұмысты мен, әуелі Құранға, одан соң бірнеше ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып зерттедім. Тақырыптың қарастырылатын қыр-сырлары көп. Бұрын бұл тақырып кең көлемде қарастырылды деп айта алмаймын. Себебі, осы тақырыпқа байланысты жазылған еңбектер көлемі көпте емес. Мысалы, з.ғ.к., шығыстанушы арабист Нұралы Өсерұлы мұсылмандық құқықтың негіздерін қарастырған болатын. Нақты айтқанда, шариғат заңдарының нормаларын, олардың қазақ әдет-ғұрыптары арасындағы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін зерттеген болатын. Сонымен қатар, мұсылмандық құқықтың негізгі қайнар көздерін – Құран, Сунна, Ижм, Қияс түсініктерін қарастырған.
Келешекте, мұсылмандық құқықтың діни жүйемен ара-қатынасы жан-жақты кең қарастылылады деген үмітпен, мен де ғылымға өз үлесімді аз да болса қосу мақсатымен осы тақырыпты таңдадым.
Жұмыстың мақсаты: Исламға дейінгі арабтардағы құқық жүйесін, сонымен қатар төрт мазһабтар кезеңіндегі құқықтық жүйелерді қарастыру; олардың құқықтық жүйелері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсету; исламдық құқықтың қалыптасуына құранынның алатын орнын, яғни шариғат пен фиқһ ілімін қарастырып өту; мұсылмандық құқықтың діни жүйемен арақатынасын ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дінтану | Ислам экстремизм мен терроризм

Қазақстанның кеңестiк мектептерiнде коммунистiк идеологияның нұсқауымен дiннiң адамзат тарихындағы рөлi терiс түсiндiрiлдi. Дiн – адам санасын ұлайтын, жаңалыққа, ғылымға қарсы, барлық өзгерiстердiң, табыстардың бәрiн Құдай жасап отыр деп түсiндiретiн, нағыз керiтартпа,үстем таптың жоғын жоқтаушы, соның сойылын соғушы деген сипатта оқытылып, дiннiң қызметiне терiс баға берiлдi. Осының салдарынан Кеңес елi халықтарының, соның iшiнде Қазақстан халықтарының да бiрнеше ұрпағы атеистiк (дiнге қарсы) рухта тәрбиеленедi. Қазiргi кездегi елiмiз халықтары арасында адамгершiлiкке кереғар өрескел тәртiпсiздiктердiң: түрлi бұзақылықтардың, әсiресе, ұрлықтың, зорлықтың, нашақорлықтың, араққұмарлықтың, жезөкшелiктiң көбеюiне сол дiнсiздiк тәрбиесiнiң әсер еткенi сөзсiз.
Ал, шындығына келсек, дiн алғаш пайда болғаннан бастап, халықпен бiрге өмiр сүрдi, оған көптеген пайдалы қызметтер атқарды. Қай дiн болсын халықты адалдыққа, адамгершiлiкке, имандылыққа, татулыққа, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа, достыққа шақырды, халықтың сауатын ашуға, мәдениетiн көтеруге елеулi үлес қосты.
Бұл айтылғандарға ислам дiнi мысал бола алады. Ислам қазақ тарихында үнемi өркендетушi рөл атқарған. Ислам–жеке адам мен қоғамды түзететiн, әлеуметтiк бақытқа, шынайы бостандыққа және бiрлiк-татулыққа жеткiзетiн құрал, iзгi жол, даналық. Осыны түсiнiп бағалай бiлген Жүсiп Баласағұн ХI ғасырдың өзiнде ислам руханиятын «Құтты бiлiк» деп атап, оның мемлекетке зор пайдасы бар екендiгiн дәлелдеген.
Тарихта барлық дiн пайда болғаннан бастап, оны шын мәнiнде уағыздаушылармен қатар жалған дiндi (эрзац-дiн) таратушылар да болған. Бұған өткен уақыттардан да, қазiргi уақыттардан да мысал келтiре аламыз, ондайларды екi топқа бөлуге болады. Бiрiншiсi, әдейi бұрмалаушылар, ал екiншiлерi бiлiмi таяздықтан, надандықтан бұрмалаушылар. ....
Курстық жұмыстар
Толық