Тіл | Ұрым тілі

Ұрым тілі
1.0 Түркі тілдес ұрыдар мен грек тілдес румеилер бірлесе отырып, христиандықты уағыздайтын және Қырымнан Солтүстік Азов маңына 1778-1779 жылдары қоныс аударған, ғылымда «мариупольдік гректер» атымен белгілі этникалық топ құрайды. Ұрымдар мен румеи атауларының өзі, біріншіден грек ұлтына тән фактісіне, екіншіден, Шығыс Рим империясы қол астындағыларының ресми атына байланысты, ол империя мұсылман дүниесінде «Румдер елі» (түр. Rum diyari), ал қол астындағылар – «рум тұрғындары, румдықтар» (Rumi) деп аталды. Ұрымдар тілі атауларының нұсқалары: түркі тілдерінің мариупольдік тіл ерекшелігі, татар, қырым-татар, грек-татар; аға буын өз тілін урим дили – урум тили деп атайды.
2.0 Ұрым тілі (Ұ.т.) Украинаның оңтүстігінде, Солтүстік Азов маңында, Донецк обылысының Великоновоселковск, Першотравнев, Старобешевск, Тельман аудандарындағы отыз ауыл мен Запорож обылысының Куйбышев ауданы және Мариуполь қаласы жергілікті тұрғындарының ауызекі-тұрмыстық тілі түрінде тараған. 1980 жылы ұрымдар саны 60 мың адамнан асты. Ұрым тілі этникалық топ ішінде және отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы кезінде қоладнылады. Барлық ұрымдар өз тілінен басқа орыс тілін де меңгреген. Жас ұрпақ арасында өз тілін білу әлсіздігі байқалады. Жалпы әдеби Ұрым тілі жоқ.....
Курстық жұмыстар
Толық