Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері

1. Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері
Салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер. Басқа мiндеттi төлемдер (алымдар, баждар, ақылар мен төлемдер) – бюджетке белгілі бір мөлшерлерде жүргізілетін ақша аударулар. ҚР № 209-2 2001 ж. 12-маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Басқа салықтар тікелей салықтарға жатады. Салық кодексінің 60-бабына сәйкес салықтардың төмендегідей түрлері белгіленген:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құн салығы.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму бағытта

Кіріспе
Салық мәселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми көзқарас XVIII-XIX ғасырларда пайда болды. Оған дәлеледі теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти «Салық пен жиынтық трактаты» -(1662 ж.), Д. Рикардо «Салық салу және саяси экономияның басталуы» - (1817ж.), А. Смит «Халықтар байлықтарының себептері мен табиғатын зерттеу» - (1776 ж.).
А. Смиттің айтуы бойынша, салықты төлеушілер үшін, бұл құлдық емес, еркіндіктің белгісі. Ф. Аквинский (1226-1274 жж.) салықтарды рұқсат етілген тонау нышаны ретінде анықтады. К. Маркс «Салық – бұл меншік, жанұя, тәртіп және дінмен қатар жүретін бесінші құдай» деп анықтады. АҚШ-ның мемлекеттік қайраткері және ғалымы Б. Франклин (1706-1790 жж.) . «Өмірде салық пен өлімнен құтылатын ештеңе жоқ» деп айтты.
Шарль Монтекье (1689-1755 жж.) ризықтың қанша бөлігін бодандардан тартып алып, қаншасын солардың сыбағасы етіп қалдырудың амалын табатын данышпандық пен ақылгөйліктен асатын ештеңе жоғын толық сеніммен негіздеген.
А. Смит салық салудың үшін принціпін айқындаған. Оның осы прициптері дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды.
1. Өзіңе бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға (қаржыландыруға) қатысады. Мемлекеттік қорғауымен қамқорлығын пайдалана отырып, қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады.
2. Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін ыңғайлы кезде барлығын төлейді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі қызметін жетілдіру жолдары

Кіріспе
Салықтар кез-келген елдерде мемлекеттің қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекеттік кірістердің негізгі көзі болып табылады. Барлық елдерде мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Нарықтық қатынастар қалыптасқан елдерде салықтар мемлекеттік және муниципиалдық табыстарды қалыптастыруда басты рол атқарады, экономиканы басқарудың күшті негізгі құралы болып табылады. Әсіресе олар ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсенді қызмет атқарады. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыру үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Мемлекет салықты экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Сондықтан мемлекет алдында салық механизмін жетілдіру өте қажетті мәселеге айналған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар мәні мен,мазмұны

Кіріспе
Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады. Жиырмасыншы жүзжылдығының 90-жылдарының басынан бастап экономикалық және әкімшілік ықпал ету механизмінің бірігуіне негізделген тұрақты дамуының теориясы дами бастады. Мұндай ұтымды өзарақатынасын іздеуі салықтық аясын реттеудің жетілдірудің негізгі міндеттерінінің бірі болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Қазақстан Республикасында меншікке салынатын салықтардың алыну механизмі

Кіріспе
Салықтар дүниежүзіндегі барлық адамзаттық өмірінде күнделікті кездесіп отыратын құрал болып келеді, себебі әрбір тұлғаның сатып алатын, тұтынатын заттарының барлығының құрамында салықтың белгілі бір мөлшері тұрады. Мемлекет қоғамның қызығушылықтарын әр-түрлі салада қолдай отырып, сәйкесінше белгілі бір саясатты ұстанады. Мұнда әлеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеуінің объектісі мен субъектісінің ара-қатынасының құралы ретінде қаржы-несиелік және баға механизмі қызмет атқарады.
Қаржылық-бюджеттік жүйе мемлекеттің қаржылық ресурстарын, яғни бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру мен қолдану жөніндегі қатынастарды қамтиды. Бұл қорлар мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, діни және қорғаныс сияқты басқа да қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ал осы қорлардың ҚР-да бүгінгі таңда көп үлесі салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерден құрылатындықтан қаржылық-бюджеттік жүйенің негізгі қорлану көзі салықтар болып келеді.
Барлық салықтық және салықтық емес түсімдер, басқа да капиталмен жасалатын операциялардан түскен түсімдердің барлығы мемлекеттік бюджетте шоғырланады, ал мемлекеттік бюджет өз кезегінде республикалық және аумақтық бюджеттерге бөлінеді. Біз алдымыздағы жұмысымызда аймақтық бюжеттердің кірісінің негізін құрайтын жер, көлік, мүлік салықтары туралы бар мәліметті беруге тырысамыз. Бірінші бөлімде біз салықтарға жалпы сипаттама беріп өтеміз: салықтар ұғымы, мазмұны, экономикалық мәні, жүйесі, механизмі және меншікке салынатын салықтардың мәні туралы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Жер салығы

Жер салығының экономикалық мазмұны
Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезеңдерінде үзбей алынған, күні бүгінге дейін әрқашан да жергілікті салық салу жүйесінде көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық негізінгде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына қарай құрылады.
Қазіргі кезде, нарықтық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының ролі күні сайын артып келеді.
Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экоологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Жер ќатынастары

Кіріспе.
Жер салығы – бұл жер рентасын шеттету нысандарының бірі. VIII ғасырдың соңында және ХІХ ғасыр бойы дамушы саяси экономиканы ұсынушылар, жер меншігі негізгі байлық болып табылады, мемлекетті басқару үшін қажетті мемлекеттік кірістер, осы байлықтың бірінші қайнар көзі сияқты салық салу жолына шығарылуы керек деп бекітті, яғни жерге салық салу керек деген.
Бұл салық жер учаскесін нақты қолдану есебімен кіріске негізделеді. Өткен және қазіргі жүзжылдықта олармен Г. Джордж, С. Корд, Н. Тидеман және көптеген басқа зерттеушілер айналысқан. Соңғы уақытта біздің шарттарда бұл мәселелерді М.Л. Бронштейн, А.А. Калныньш, А.Э. Сагайдан, Б.И. Пошкус айналысқан. Н. Суханованың жиырмасыншы жылдар басындағы маңызды және теориялық өңдеулері сақталған. Рентаның салық салу маңыздылығын сипаттағанда, ол былай деген: “Бұл жұмыс екі бөлікке бөлінеді: біріншіден, жер рентасын салық ретінде қалай алуға болатынын анықтау, және екіншіден қалай рентаны қоғамдық қажеттілікке аударуды шешу керектігін, яғни оны қалай бөлу керек”. ....
Курстық жұмыстар
Толық