Салық жүйесі | Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері

Кіріспе
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.
Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің дамуы 3 кезеңнен өтті.
Бірінші кезең. 1991 жылы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемелекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.
Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу:
1. Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.....
Курстық жұмыстар
Толық