Конституция | Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.
Қолайлы қоршаған ортада өмір сүру әрбір ұрпаққа тән адамның табиғи, ажырамас құқығы екенінің конституциялық жағынан танылуы оның кепілдігін, заңдық тұрғыдағы әдістері мен тәсілдерін бекітуге бағытталған келесі қадам болуы табылады. Бұл ретте Қазақстандық заң шығарушылардың іс-әрекетінде адамның өмірі мен денсаулығын қорғауын, тұрғындардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүруін, еңбек етуін, демалуын қамтамасыз етуге бағытталған принциптер қамтылуын тиіс.
Әркімнің қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы халықаралық және мемлекеттік стандарттарға жауап бере алатын қоршаған ортада өмір сүрудің реалды мүмкіндіктерін, экологиялық шешімдерді дайындау, талқылау және қабылдауға қатысу, олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау, нақты және заманауи экологиялық ақпараттарды алу, экологиялық шығынның орнын толтыру мүмкіндіктерін қарастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Конституция | Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы сипаттамасы

Кіріспе
Қазан төңкерісінен күні бүгінге дейін тарихымызда бес Конституция қабылданған екен. Үшеуі – қазақ Кеңес Социалистік Республикасының 1924 жылғы Конституциясы, 1937-1978 жылдары қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциялары.
Бір сөзбен айтқанда, тәуелсіздік жағдайында өміріміздің он екі жылы ішінде біз екі Конституция қабылдадық. Соңғы Конституция бүкіл халық қабылданған заң болғандықтан, оның қағидаларын міндетті түрде ақиқат өмір талаптарына сәйкес орындау мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың сондай-ақ республикасының барша азаматтарының бұлжымас борышы болып табылады.
Сондықтан да біздің Заң алдында есеп беруіміз, бақылауында болуымыз керек. Мемлекет алдында, Заңға бағынуымыз шарт.
1990-1991 жылдардың саяси оқиғаларға толы болғаны белгілі. Олардың қатарында «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның жариялануын, КСРО – ның ыдырауын, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының» қабылдануын жатқызуға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық