Бухгалтерлік есеп | ЖШС-ң дебиторлық қарыздар есебін талдау

Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | ЕСЕП РЕГИСТРЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ

1.1. Бухгалтерлік есеп формалары.
1. Мемориалдық-ордерлік есеп формасы алғашқы және жинақталушы құжаттар мәліметтері негізінде жүргізіледі. Операцияларды жазу - тіркеу журналында, сонынан Бас Журналда жүргізіледі. Аналитикалық есеп алғашқы немесе жиынтық құжаттар негізінде жазылатын карточкаларда болады. Аи біткен соң синтетикалық және аналитикалық цюттардың мэліметтері бойынша өзара салыстырылатын айналым ведомостілері жасалады. Бұл формадағы есеп дәйекті ізбен іске асады, алайда бұл көп еңбекті талап
1.2. Есеп регистрлері.
Ағымдағы есептік жазбалар жүргізілетін, арнайы түрде жолма-жол сызықтар салынатын парақтар есеп регистрлері деп түсіндіріледі. Бұл есеп жұмыстарының екінші кезеңі. Оларда синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша шаруашылық құралдарының жағдайы мен қозғалысы, шығу көздері туралы мәліметтер топтастырылып, жүйеленеді. Есеп регистрлерінің мәліметтері бойынша есептемелер жасалынды. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде сыртқы түрі мен мазмұны жағынан әр түрлі есеп регистрлері қолданылады. Бос парақтар (журнал-ордерлер, ведомостер), карточкалар (карточкада сақталады) және кітаптар (кассалық, депозитке салынған жалақы және т.б.) пайдаланылады.
Есеп регистрлерінің қайсысын таңдау ұйымының есеп саясатында алдын-ала ескертіледі.
Мазмұны мен міндеті жағынан есеп регистрлері мынадай болып бөлінеді: ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | Еңбекақы есебі, оны талдау және жетілдіру жолдары

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Жұмыстың негізгі мақсаты – еңбекақы есебі, оны талдау, аудит жүргізу және еңбекақы есебінің жетілдіру жолдарын зерттеу. Атап айтқанда:
• Еңбекақы түрлері мен нысандары;
• Еңбекақыны аудару тәртібі және одан алынатын ұсталымдарды анықтау;
• Еңбекақысын төлеу және оны ұйымдастыру жолдарымен танысу;
• Еңбекақы аудитін жүргізу тәртібін қарастыру;
сияқты негізгі мәселелер қарастырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық