Ветеринария | Фитопрепараттарды қолдану арқылы қозылардың диспепсиясын емдеу

1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы
Республикамызда қой шаруашылығы мал шаруашылығының дәстүрлі және негізгі саласы болып табылады. Қойларда өнімділікті арттырудың басты жолы – мал басын көбейту десек, одан алынатын төлді аман сақтау маңызды болады.
«Диспепсия» деген атау тура мағынасында ас қорытудың бұзылуы (грек. Dyspepsia dys – бұзылу, жойылу; pepsis – қорыту) дегенді білдіреді. Бұл терминді 1875 жылы, жаңа туылған төл өлексесін сойып-зерттеу кезінде айқын білінетін макроскопиялық өзгерістерді белгілеу мүмкін болмаған кезде қолдану арқылы, алғашқы болып австриялық дәрігер Видерегофер енгізді. Ол аталған аурудың негізінде ас қорыту үрдістерінің бұзылуы жататындығын және таза функциональдық сипатын болжап берді. Дегенмен, бұл концепция кейін теріске шығарылса да, терминнің өзі жаңа туылған нәрестелер, төлдер және құстар аурулары бойынша мамандардың арасында кеңінен қолданысқа ие болды[1].
Қозылар диспепсиясы барлық жерлерде таралған және де ірілендірілген шаруашылықтарда көптеп кездеседі. Жалпы диспепсиямен үй малдарының барлық түрлерінің төлдері ауырады. Аурудың бұл түрінен келетін шығын мал басы санының кемуінен, төлдердің нашар болуынан, ауырып жазылған малдардың бордақылаудың қымбатқа түсуінен, ауру төлдерді емдеуге жұмсалған шығынның қайтымсыздығынан құралады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Сиырдың іріңді катаралды желінсауы

Тақырыптың өзектілігі : Бүгінгі таңда сүт өндіретін шаруашылықтар Қазақстан Республикасы бойынша өз жұмысын жандандыра бастады. Солардың ішінде бірнеше ірі сүт өндіретін шаруашылықтарда бар атап айтсақ: Ақмола облысындағы «Родина» шаруашылығы, «Астана-өнім»; Алматы облысында «Адал», «Фудмастер», «Аиршир», «Байсерке-АГРО», СПХК «Алматы» АШӨК, «Амиран», «Медеу- Коммерц» және тағы басқалар, сонымен қатар бірнеше шаруа қожалықтары бар.
Осы күнге дейін мал шаруашылығында, атап айтсақ сүт өндіретін шаруашылықтарда сиырлардың желінсауы жиі кездеседі. Соның салдарынан жоспарда белгіленген сүт өнімі ойдағыдай алынбай келеді. Аталған аурулар жұқпалы емес, бірақ антисанитарлық жағдайда асқынып кетуі әбден мүмкін, сонымен қатар індетті ауру салдарынан да асқынып, малды істен шығаруға тура келеді. Ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге сүйенетін болсақ желінсаулар 15 - 20 % туғаннан кейінгі кезеңде кездеседі. Сондықтан бұл аурулар шаруашылыққа орасан зор зиян шектіреді.
Жоғарыдағы жағдайды ескеріп, Біз дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде: Сиырдың іріңді-катаралды желінсауының алдыналу іс-шараларын ұйымдастыруды алдымызға мақсат етіп таңдап алдық.....
Дипломдық жұмыстар
Толық