ПМНО | Қазақ тілі пәні бойынша оқу әдістемелік кешенді жүзеге асыру

Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр кезеңіндегі айқындаған тенденциялары әр халықтың гүлденіп өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығын, жалпы білім саласының маңыздылығын дәлелдейді әрбір мемлекеттің интелектуалдық, экономикалық, парасаттылық және оның даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты екендігін педагогика ғылымы мен білімнің даму тарихы айқындайды .
Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған туындаған талаптарға сай жас өспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Әдетте бұл жеке мемлекеттің білім жүйесіндегі реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы сол қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты.
Қоғам дамуының әр кезеңінде жас ұрпаққа берілетін білімніңққ құрамы мен құрылымына қойылатын жаңа талаптар мен соған сай енгізілетін өзгерістердің сипаты сыртқы және ішкі факторлардың негізінде айқындалады Осы тұрғыдан жалпы білімберу жүйесіндегі бетбұрыстардың себепшісі болып жатқан саяси әлеуметтік,экономикалық өзгеістер, әлемдік деңгейдегі білім берудің жаңашыл үрдістері жатады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

ПМНО | Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту

Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-жақты түсіну үшін бітіру жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамыту ерекшеліктері» деп анықтадық.
Осы тақырыпты зерттеу мақсатының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін тәсілдері анықтау деп белгіледік. Зерттеу міндеттерін келесі түрде анықтадық:
1. Ойлау қабілеті туралы ұғымды анықтап бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерімен танысу.
2. Бастауыш сынып оқушылары ойлау процесінің дамытуға халық педагогикасы мен психологиясы элементтерін қолдану ерекшеліктерін зерттеу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

ПМНО | Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ролі

Бүгiнгi мектептердегi жүргiзiлетiн тәрбиенiң негiзгi мақсаты да, мектептегi оқушының жас ерекшелiктерiне қарай құндылықтар маңызын санасына сiңiрiп, осыған байланысты тәрбие түрлерiн анықтау.
Педагог оқушыларды оқыта және тәрбиелей жүрiп баланың қалай дамып келе жатқанын,оның түрлi қылықтарына түрткi болған себептердi ұдайы талдап отырады. Баланы тәрбиелеу, оның жеке бастық қасиетiн қалыптастыру күнделiктi өмiрдiң әр күнiнде жүзеге асырылады. Баланың дамуына ықпал жасайтын факторлар өте көп. Балалармен тәрбие жұмысын жүргiзгенде олардың бәрiн ескерген жөн.
Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деп түсiнiлген. Бздiң болашағымыз – артта өсiп келе жатқан жасөскiндер мен жасөспiрiмдер. Жас ұрпақ ел-тiрегi, ертегiмiздiң кепiлi деген сөз бар. Әсiресе баланың эстетикалық, көркемдiк талғамын ұштап ұлттық тәрбие беруiмiз керек. Баланың тiлi қалыптаспай ойын айта алмайтыны түсiнiктi болғанымен, тiл халық жаны бар екендiгiн түсiне беремiз бе. Тiл ана сүтiмен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда дамып жетiледi. Онсыз бала мәңгүрт болып елiн-жерiн сүймейдi. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелi жерге дән тастағанмен өнбейтiн сияқты, жас баланы бiлiммен сусындатып, бағып – күтпесек, көкiрегiн ашып, тәрбие бермесек өспейдi, өнбейдi. Баламен тiл табысып, оның бойына бiлiм ұрығын себетiн басты тұлға – ұстаз. Ұстазы ....
Дипломдық жұмыстар
Толық