Дінтану | Қазақстан қоғамындағы діни процестерге социологиялық талдау

Тәуелсіздік жылдары азамат¬тық қоғамның және нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де сипатталады.Егемендік енгелі елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып,ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып,бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты.Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екені өмір шындығы.Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі,өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті,халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс береді.Сондықтан да кейінгі кездердегі қалыптасқан еліміздегі діни ахуалдарға социологиялық тұрғыдан қарау бүгінгі қоғам дамуының талассыз қажеттілігі.Дін социологиясы ілімдері соңғы жылдары ғана жандана,негізделе бастағанын ескерген жөн.Дін социологиясы,діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерінің пайда болуын зерттейді,адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатынастарын қарастырады..Әлеуметтік қатынастардағы діннің ықпалды рөлін жоққа шығаруға болмайды.Сондықтан дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу объектісі ретінде қарастырылуда.Бұл орайда,осы бітіру жұмысында қамтылған еліміздегі діни ахуалдардың динамикалық даму процестері жайлы алынған нәтижелер мен қорытындылар,қоғамымыздың діни саласын реттеуге өз үлесін қосады деген сенімдеміз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық