Дефектология | Жалпы тіл кемістігі бар балалардың танымдық процестерінің дамуын зерттеу
Ес - бір-бірімен байланысты бірнеше өзіндік процестерден тұратын күрделі психикалық процесс. Ес адам баласына қажет, өйткені ол арөылы мәліметтер жинақталып, есте сақталады да келешекте білім мен дағдылар ретінде жеке өмірік тәжірибеде қолданылады. Психологиялық ғылымның алдында ес процестерін зерттеумен байланысты бірнеше күрделі міндеттер тұр: мәліметтер қалай сақталады, бұл процестің физиологиялық механизмдері қандай, есте сақтаудың шарттары қандай, оның шеңбері қандай, сақталған мәліметтердің көлемін кеңейтуге мүмкіндік беретін тәсілдердің қолданылуы. Осы мәселелермен қатар басқа да сұрақтар бар: есте сақтау іздері қалай сақталады, бұл іздердің қысқа және ұзақ мерзімге сақталу механизмдері қандай, бұл механизмдер қандай өзгерістерге ұшырайды және де осы өзгерістердің адамның танымдық процестерінің дамуына әсері. ....
Дипломдық жұмыстар