Геология | Алматы метрополитені нысандарының технологиясы
Кіріспе
Қала халқының көбеюіне байланысты үлкен қалаларда жер бетіндегі жолаушы легінің тығыздығы арта түседі.
Сондықтан да, көшеден тыс жолаушыларды жылдам таситын жалпы көліктер қажеттігі пайда болады. Мұндай проблеманың ең дұрыс шешіміне метрополитен құрылысы жатады.
Метрополитен деп-қалалық көшеден тыс теміржолды айтамыз.
Көпшілік қалаларда метрополитендердің желілері жерастында орналасқан.
Қалалық жолаушы көлігі қанағатты жұмыс істейді деп санауға
болады, егер жолаушы қаланың сырт жерінен орталыққа 30 минут
ішінде жететін болса. Осы шарттарды есептей отырып тұрғындары 1млн адамнан асатын қалаларда метрополитенді пайдалану жөн деп саналады.
Осындай қалаларға елімізден ең үлкен мәдени, финанс және эконо
микалық орталығы болып саналатын Алматы қаласы жатады. Алматы метрополитенінің бірінші кезеңінің жобасы Алматы ГИПРОТРАНС,
ГИДРОСПЕЦСТРОИ, Алматы ГИПРОГОР институттарының қатысуымен МЕТРОГИПРОТРАНС институты 1981 жылы дайындап бекіткен.
Қазіргі уақытта бірінші көлік желісінің құрылысы жүргізілуде, оның құрылыстық ұзындығы – 8,3 км, эксплуатациялығы – 7,67 км, станциялардың саны-8, станциялардың бір-бірінен орташа арақашықтығы -1229м, ең үлкені -1692м, ең азы – 854м.
Метрополитен желілерін әдетте жербетінен төменде орналастырады.
Тоннелдердің жерастында орналасуының екі түрін айырады: тайаз және терең . Метрополитен тоннелдерінің орналасу тереңдігін қала жоспарына
және құрылыс ғимаратының, жерасты коммуникацияларының орналасу
жағдайларына байланысты тағайындайды. Сонымен қатар құрылыстың топографиялық, геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлары да есептеледі. Метрополитеннің тайаз жерлердегі салынатын желілері 5-6м тереңдікте орналасады. Тайаз орналасқан метроның нысандары жолаушы
ларға ең ыңғайлы жағдайда қамтамасыз етеді, эксплуатациялық және экономикалық жақсы көрсеткіштер болады.
Тайаз жүргізілетін нысандар қаланың жаңадан құрылыс жүргізіліп жатқан аудандарда ең тиімді болады, мұнда тоннелдердің желілері кең көше магистралдарының астына орналасады.
Тереңдікте орналасқан метрополитеннің желілерінің жоларналарын қаладағы құрылыс ғимаратының орналасуын есептемей ақ станциялардың
арасындағы ең қысқа бағыттармен жобалауға болады. Тоннелдердің орналасу тереңдігін негізгі орнықты болғанынша су өткізбейтін жыныстарда орналастыру шарттары бойынша анықтайды. Тоннелдердің төбесіндегі осындай жыныстардың қалыңдығы 4-5метрден кем болмауы тиіс. Сонымен терең салынатын тоннелдердің жербетінен 30-50м төмен орналастырады.
Тоннелдердің жоларнасының қисық иіндерінің радиустары метрополитен желілерінің эксплуатациялау жағдайларымен шектеледі.
Метрополитеннің басты жолдарындағы ең аз радиусын 500 метрге тең деп қабылдайды, ол поездардың айналу иіндерінде біркелкі жүруін қамтамасыз етеді.....

Дипломдық жұмыстар