Экономика | Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесі

1.1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат),оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып,тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар кажетті тұтыну кұнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді."Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша".
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қалыптасуы

Кіріспе
Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын үғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға, ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Мемлекеттің макроэкономикалық жэне микроэкономикалық процеске қатысуы осы процестің бөлінбейтін элементіне айналды. Бүгінгі таңда мұндай қатынасу барлық экономика көлемінде жүргізіледі жэне ол белсенді түрде жүзеге асырылуда. Әлбетте, мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан бүгінгі таңда өркениетті елдердің экономикасы өзінің нарықтық негізін сақтауда.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуі

Кіріспe
Аралас экономика дегеніміз бұл мемлекетін тікелей аралсуы емес аралас деп атаймыз.Жеке меншікте бар және мемлекетін меншігіде бар. Мемлекетің меншігіне темір жол, космостық аймақтар және тағы басқалар жатады.Қазақстан Республикасын аралас экономика деп санауға болады. Өйткені мемлекетін үстемдігі бар. Біздің экономикада
Нарықтық экономика белгіленген.1993-1995 жылдары қабылданған Конституцияда белгіленген жеке меншікті мойындады Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол:
«Аралас экономика - бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» — дейді.
Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра — өзара іс-әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекетттік қарызы

Кіріспе
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының монетарлы саясаты

Кіріспе
Қазақстан Ұлттық банкі монетарлы саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.Ақша дегеніміз — тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша — тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары

Кіріспе
Шығындар дегеніміз - нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады.
Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Бухгалтерлікке-өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар рыногын құру

Кіріспе
Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды рыног жүйесіндеі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Тақырыптың өзектілігі: біздің экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік рыногқа енуіміздегі ең өзектісі, бұл әлемдегі бағалы қағаздар рыногына байланысты жинақталған барлық құндылықтарды оқып үйрену, хабарлау және оның әрі қарай даму тенденциясына әсер етуінің маңыздылығын қарастыру болып саналады. Мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі тікелей елдегі жүргізілетін саясатардың дұрыстығына негізделеді және соған байланысты болады. Сондықтан бағалы қағаздар рыногын құру шаруашылықты орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесі мен ресурстардың сала аралық қайта бөлінуін ауыстыру, рыногтық құрылымдардағы инвестицияға деген сұранысты қанағаттандыру, бұл рыногқа капиталдың сала аралық қайта бөлінуін реттеуші болу, ірі кәсіпорындар мен банктердің тиімділігіне барометр болу маңыздылығы ерекше, өйткені ол елдегі іскерлік қызметтің артуына және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуіне бағытталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекетттік қарызы

Кіріспе
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары

Кіріспе
Шығындар дегеніміз - нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады.
Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар рыногын құру

Кіріспе
Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды рыног жүйесіндеі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Тақырыптың өзектілігі: біздің экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік рыногқа енуіміздегі ең өзектісі, бұл әлемдегі бағалы қағаздар рыногына байланысты жинақталған барлық құндылықтарды оқып үйрену, хабарлау және оның әрі қарай даму тенденциясына әсер етуінің маңыздылығын қарастыру болып саналады. Мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі тікелей елдегі жүргізілетін саясатардың дұрыстығына негізделеді және соған байланысты болады. Сондықтан бағалы қағаздар рыногын құру шаруашылықты орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесі мен ресурстардың сала аралық қайта бөлінуін ауыстыру, рыногтық құрылымдардағы инвестицияға деген сұранысты қанағаттандыру, бұл рыногқа капиталдың сала аралық қайта бөлінуін реттеуші болу, ірі кәсіпорындар мен банктердің тиімділігіне барометр болу маңыздылығы ерекше, өйткені ол елдегі іскерлік қызметтің артуына және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуіне бағытталады. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені мемлекеттің қалыпты дамуын, әрі экономикалық өсуін немқұрайлықпен немесе мүлдем қарастырмай кету үлкен қателік болар еді.....
Курстық жұмыстар
Толық