Технология | Күре жолдар арқылы деректерді жобалау

Мен бұл курстық жұмыста «Цифрлық байланыс технологиялар» пәнінің негізгі ой және идеяларын түсіне отырып бір–бірінен кешігіп отыратын ақпараттық екі тарату және қабылдау арасындағы деректерді таратудың орташа жылдамдықтағы күре жолын жобалап үйрендім. Цифрлық сигналдардың берілу және өңделу жүйесін құру принциптерін, цифрлық байланыс жүйесінде беру жылдамдығын жоғарлататын бағдарлама – аппараттық әдістерін, байланыс арнасын тиімді пайдалану әдістерін игердім.
Осы пән бойынша оқу процесінде орындалатын курстық жоба, студенттерге «Цифрлық байланыс технлогиялар» курсының бөлімдерінің негізін түсініп, инженерлік практика кезінде кездестірілетін есептерді шығару дағдысына көмектеседі ....
Курстық жұмыстар
Толық

Технология | Керамикалық кеуекті кірпіштер

Керамика біздің ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан өте көне материалдың бірі. Керамикалық деп әр алуан ылғалдыктағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық біркелкі массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғарғы температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады. Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібінің ең басты өндіріс процесі - қалыпталынып кептірілген шикі материалдар мен бұйымдарды пештерде жоғарғы температурада белгілі режимде өртеу. Сондықтан, бұл өндірісте шығарылатын өнімдер күйдірілген материалдар мен бұйымдар деп аталады. Жақсылап дайындалған сапалы шикізаттардан технологиялық нақтылы режимде жасалынып күйдірілген материалдар мәңгілік жетерліктей басым және де түсі, фактурасы бойынша сырты ешбір қосымша өңдеуді қажет етпейтіндей болып шығады. Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары арналулары бойынша былайша топталынады: қабырғалық материалдар – кәдімгі құрылыс кірпіші, қуыс денелі кірпіш және тас, кеуекті және жеңіл кірпіш; керамикалық кірпіштен және тастан жасалынған қабырғалық блоктар мен панельдер; үй фасадын (үй қас маңдайын) қаптаушы материалдар мен бұйымдар-беттік кірпіш және тастар, плиткалар; іштей қаптаушы керамика материалдары -қабырғалар және едендер үшін плиталар мен плиткалар; санитарлық-техникалық бұйымдар; жол және жерасты коммуникациясы үшін -жол кірпіштері, құбырлар; жылу айырушы материалдары - жеңіл кірпіш және фасонды бұйымдар; қышқылға төзімді керамика -кірпіш, плитка, құбыр және т.б.; отка төзімді керамикалық материалдар және толтырушылар - түрлі керамикалық бұйымдар, керамзит, алгопорит, перлит, вермикулит және т.б.
Керамикалық материалдар мен бұйымдардын сапаларының оңдылығы және едәуір арзандығы, жасауға қажет шикізат корының жан-жақты таралуы және технологиясының карапайымдылығы көне заманнан бастап олардың құрылыста көлемі жағынан көрнекті орын алуына себепкер болды. Мысалы, өнеркәсіптерде жасалынатын жалпы кабырға материалдар көлемінің жартысы керамикалық материалдар мен бұйымдар үлесіне келеді. Соның ішінде толық денелі кәдімгі керамикалық кірпіш, қуыс денелі кәдімгі керамикалық кірпіш, кеуекті жеңіл кірпіш, қуыс денелі блоктар, толық немесе қуыс денелі кірпіштерден зауыттық жагдайда шығарылатын панельдер мен блоктар және т.б. бұйымдар тұрғын, әкімшілік-қоғамдық және өндірістік үйлер үшін кең қолданады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Технология | Дүкен (чегі)

Turbo Pascal тілінде біз массивтермен, файлдармен, процедуралармен және тағыда басқа операциялармен жұмыс істей аламыз.
Менің курстық жұмысымда мен осы операциялардың кейбірін қолдана отырып программа құрдым. Менің программам дүкендегі жалғыз сатушы, кассалық аппараттың орнына компьютермен жұмыс істеуі және тауарлар туралы мәліметтер енгізуі. Сонымен бірге тауар қалдықтарның жалпы бағасын есептеп, оларды инвентаризациялауды ұйымдастыру қажет. Кейіннен Shop.txt тексттік файлына шығаруы туралы программа құруым керек ....
Курстық жұмыстар
Толық

Технология | Грейферлі жүк қоршайтын қондырғысы бар тіректі кран

Егеменді еліміздің Қазақстанның материалдық-техникалық негізін құруда халық-шаруашылығын дамытып алдыңғы жолға қою ең маңызды да жауапты жұмыс.
Халық шаруашылығын дамыту дегеніміз өндірістің барлық саласын яғни жер байлығын өндіретін таукен саласында, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, құрылыс, жеңіл және тамақ өндірісінде және тағы басқа да еңбек өнімділігін арттыру, қол еңбегін жеңілдету, халықтың жағдайын жақсарту дегенге жатады.
Ерте заманнан-ақ адамдар күн көру үшін ететін ауыр еңбектерін жеңілдетудің әр түрлі тәсілдерін ойлап тапқан. Ауыр заттарды бір жерден бір жерге тасымалдау немесе оны жоғары көтеру үшін неше түрлі әдістер қолданған. Сол әдістер бертін келе көтеру-тасымалдау машиналарының негізгі болып қалды.
Алғаш Египетте одан кейін Грецияда, Римде адамдар жүкті көтеріп-тасымалдауды дамытты. Биік пирамидаларды салуды, ауыл шаруашылығында жерді суландыру үшін төменнен суды жоғары көтеруде тасымалдаудың жаңа түрлерін тауып дамытып отырды.
ХIV-ғасырдың аяғында ХV-ғасырдың басында көтеру-тасымалдау жұмыстарын жеңілдетудің әдістері өте жақсы дамыған елдің бірі Ресей болды.
Орыс механиктері бу қозғалтқышын ойлап тапқаннан кейін техниканың дамыған кезеңі басталды. Ресейдің жер астындағы шахталарында кендерді жер бетіне көтеру үшін жүк көтеретін арабаларды ойлап тапты.
Осылардан кейін көтеру механизмдерінің қарқындап дамыған кезі Кеңес Одағында болды.
Октябрь революциясынан кейін алғаш рет Петербургта кран құрылысымен айналысатын заводтар ашылды.
Төменгі Тагильде үлкен мұнаралы крандар шығаратын заводтар салынады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Технология | АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жалпы автомобиль тарихы ежелден басталады.Адам баласы өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтижесінде автомобиль жасалған.Қазіргі таңда автомобиль көлігінсіз бірде – бір тасымалдау жұыстары атқарылмайды немесе тракторсыз бірде – бір ауыр жұмыс істелмейді.Сондықтанда олардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше.
Халық шаруашылығында автомобильдерді төрт түрлі жағдайларда пайдаланады.Олар ауыр жүктерді тасымалдау, көптеген жолаушыларды тасымалдау, көлік орнына пайдалану және спорттық мақсаттарда қолдану.....
Курстық жұмыстар
Толық

Технология | Аксиаль роторпоршеньді машиналар

Аксиаль роторпоршеньді машиналар аз өлшемдерде жоғары өнімділікпен және едәуір қысымдармен болып келеді, сондай-ақ олардың айналатын бөлшектерінің екпіні аз және реттеу дәлдігі жоғары. Бұл айтылғандар олардың қолданудың кеі аймағын қамтамасыз етеді.
Тау кен өндірісінде АПРМ-дар арнайы орындалған және сериялы шығарылатын машиналар ретінде қолданылады. Сериялы машиналар 1200л/мин-ке дейінгі өнімділікпен 20,0 МПа-ға дейінгі қысымға арналып шығарылады....
Курстық жұмыстар
Толық