Қазақ әдебиеті | Шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орны

КІРІСПЕ
Қазақ халқы жүріп өткен жолы мен өмір тарихында қиын да, ауыр кезеңдерді басынан өткізгендігі тарихтан мәлім. Әуелі Ресей империясының, кейін Кеңес империясынының құрсауындағы отар ел болды. Қандай да болмасын отар ел, тұтқындағы адам өмірін кешеді. Ондай халықтың тағдырымен бірге тілі, діні, тіпті бүкіл тарихы да сол империяға бағынышты болады. Бұндай тәуелділікте болған халық қалай дамиды, өседі, көркейеді, керісінше азып-тозып, руханилық тұрғыдан жұтап, тіпті құруы мүмкін емес пе? Дәл осындай қиын кезең басына төнген қазақ халқының егеменді ел болғандығына биыл 12 жыл. Тіліміз де, дінміз де қайта оралып, тарихымыз жаңа үрдіс алып ұлттық тұрғыдан жазыла бастады. Тарихымыздың шынайы толық дәрежеде жазылуына үстемдік еткен таптық принцип күйреді. Көптеген тарихшыларымыз тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашып, әр түрлі тарихи еңбектерді өмірге әкеле бастады. Сондай еңбектердің бір тобын шежірелер туралы жазылған еңбектер құрайды. Өз ата-бабасы туралы білу өзінің қай рудан шыққандығын анықтауға деген үлкен ұмтылыс, талпыныс пен ұлттық сұраныс шежіре жазуға деген қызығушылықты тудырды. Шежіре айту қазақ халқының өзіне ғана тән қасиеттерінің бірі. Халқымыз ұрпақтан-ұрпаққа айтып, жазып жеткізу арқылы шежіреледі осы күнге дейін сақтап келді.
Тақырыптың өзектілігіне келсек, бұл тақырып жеке бір халық, ру немесе тайпаға оның шығуына т.б. ерекшеліктерін анықтауға арналмаған. Аты айтып тұрғандай, бұл тақырып жалпы қазақ халқының тарихындағы шежіренің алатын деректік орны, сонымен бірге оның ерекшелігі, маңызын анықтауға арналғандықтан тақырып өзектілігінің ауқымы, аясы өте кең. Сондықтан бұл тақырыптың өзектілігін біз халқымыз тарихындағы шежірелердің деректік маңызын көрсетуден бастаймыз. Ол үшін біз шежіре деген не, оның халқымыз тарихында алатын орны қандай және т.б. халқымыз тарихындағы шежіренің деректік орнын толық ашып беретін сауалдарға жауап іздейміз.
“Шежіре – (араб тілінде “шаджарады”–“бұтақ”, “тармақ”) халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір саласы” /1/.
С. Мұқановтың анықтамасы бойынша: “шежіре”деп кімдерден кімдер туып, қалай өрбігенін баяндайтын ерте заманнан атадан балаға мирас болып келе жатқан ауызша деректерді атайды” /2/.
Ұрпақтардың “біз кімбіз, біз қайдан келдік, ата тегіміз кім, олар қай жерлерді мекендеген, қандай ел болған?” деген сауалдарға жауапты шежіре береді /3/.
Шежіре шын мәнінде рудың, тайпаның, халықтың тарихының құрамды бөлігі. Тарихи ата салты бар халықтар жеке от басының, әулеттің, атақты қол басшының, мемлекет қайраткерлерінің шежіресін жасауды салтқа айналдырған Шығыста бұл салт Қытай елінде өте ертеде дамыған. Көрші Ресейде патшаның, текті сасловиялардың, дворян әулеттерінің шежіресін жасау салты қалыптасқан. Қазақ халқының да шежіресі ертеден бері бар: “Жеті атасын білмеген жетесіз,” “жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер, жалғыз ұлын білген ел, құлағы мен жағын жер” деген сөздер бекер шықпаған. Шежіре арқылы, оның тегін, ата қонысын, қауымға қосқан үлесі, отан қорғаудағы орны, меншік, адам құқы т.б. болмысы білінетін болған. Ру, бау, сан, тайпа, тұқым, тел, арыс, жүз, жұрт, ел, отан сияқты халықтың барша тарихын көрсетер категориялар – айналып келгенде, шежіренің негізгі категориялары. Бұл болса тұтас этнос халықтың сырын ашуға бірден-бір қажет сюжеттер.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мысал жанры

Кіріспе
Азаматтық даму тарихына қарап отырсақ, қай халықтың болмасын руханияты мен мәдениеті ауыз әдебиеті екендігіне көзімізді жеткізеді. Ауыз әдебиетінің әр алуан түрлері қоғам дамуымен бірге жаңарып, өзгеріп отыратыны шындық. Осы жаңарулар өмірге көп қырлы өнер туындыларын әкеліп, әр түрлі қызмет атқарған. Ал ғылым қалыптасқан кезде жаңа жанрлардың тууына септігін тигізген. Біздің жұмысымызға негіз етіп алып отырғанынымыз да әдебиеттану мен фольклортану ғылымдарында сөз болып келе жатқан мысал табиғаты жайлы, оның тарихы, ол жайындағы ғылымдағы теориялық айтыстар, әртүрлі зерттеулерге тоқталып өтпекпіз. Біз мұнда орыс ғалымдарының ғылыми деректері мен мысал жанры туралы әр жылдары сөз қозғаған қазақ зерттеушілерінің еңбектеріне сүйендік.
Тақырыптың өзектілігі:
Мысал – қоғамдағы жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы әр түрлі жайсыз қасиеттерді, мінез-құлықтарды тура сынамай, астарлап жеткізетін шығармалар деп аталады. Мысалдың алғашқы үлгілерінің пайда болуын біздің эрамызға дейін VIII ғасырдағы гректердің өмірінен байқаймыз. Олар белгілі бір ойды, пікірді дидактикалық мазмұнда айтып беретін әңгімелер түрінде көрінген. Әрине бұл , бірден туып, қалыптаса қойған жоқ.
Эпостың әріден келе жатқан бір түрі – мысал. Мысал ескі Грецияда да болған. Бірақ мысалдың қайтадан дәуірлеген, кең түрде жайылған кезі XVII-XVIII ғасырларда болды. Мысал дегеніміз шағын ғана шығарма. Көбіне өлеңмен жазылады. Болмысты перделеу түрінде сықақтап суреттейді. Автор өз көзқарасын адамгершілікке үндейді, мысалдағы қатысушылар адамша сөйлей алатын, адамша күйініп, сүйінетін не айуан, не басқа нәрселер болады. Бірақ қатысушы адам да бола береді. Мысалдардың көпшілігінде-ақ не басында не аяғында автор пернелеген нәрсенің негізгі мазмұны, автордың айтайын деген адамгершілік ойы болады. Дворян- буржуазия жазушылары мысалды өздерінің қоғамдық адамгершілігін үйретудің құралы етіп қолданды. Бұл үйретулер сатираның кімге қарсы жұмсалуын анықтайтын жазушылардың таптық мүддесі болды. Ресейде мысал-жазушылар - Сумароков, Крылов т.б. қазақтың жазба әдебиетінде тұңғыш мысал жазушылар Абай мен Н.Наушабаев
Адамның шындық болмысты түсініп, қаншалықты рухани дәрежеде болғандығын өнер көрсетеді. Осы ретте алғашқы қауым адамдарының өміріне көз жүгіртеміз. Олардың дүние танымы мифтік көзқарастарымен анықталатыны белгілі. Адам санасының өсуі, өзгеруіне байланысты алғашқы түсініктердің де аясы кеңейе бастаған. Осылайша, дүниеге жаңаша қарау, қоршаған ортаға деген жаңаша қатынас өнерге де әсер етпей қалған жоқ. Ойымызды нақтылай түссек, алғашқыда шығарылған туындының оқиғасы сақталып, ауыздан-ауызға таралу жолында сюжеті мен айтылу мәнеріне қарай аңыз, хикая, ертегі пайда болғанда , даму процесі жетілген сайын шығармашылық та жан – жақты дамып отырған. Мысалы, мифтің тууы алғашқы адамдардың айналасындағылардың бәрін “ киелі” деп түсінгенімен байланысты болса, келе – келе бұл сипаттан айрылып, өздері араласып жүрген адамдар, іс - әрекет жөніде айтылатын әңгімелерге ауысқан.
Бұл әңгімелер де келе-келе жаңаша сипат алып, түрлі формаларды тудырған. Осы орайда қазақ халық прозасын, соның ішінде ертегілердің жан – жақты сипатын ашып берген ғалым С. Қасқабасов былай дейді:
«Ертегі жанрының түп – төркіні алғашқы қауым пайда болған көне миф, аңшылар туралы әңгімелер, хикая және әртүрлі кәде ырымдар мен аңыздар. Басқаша айтқанда, ертегі жанры өзінің қалыптасу процесінде осы жанрлардың қасиеттерін бойына сіңірген, олардың кейбіреуін молырақ, бағзыларын азырақ пайдалынған». [ 1,257].
Яғни, ойлаудың қалыптасу барысында шығармашылық әр түрлі үлгілер бір – біріне әсер етіп, өзгеше бір шығармашылықтың түрін туғызады екен. Сонда мысалдың да жанрлық тұлғасының қалыптасуындағы бірінші ерекшеліктер сонау дәуірдің өзінде жатса керек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Отызыншы жылдардағы қазақ әдебиеті сыны

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Отызыншы жылдардағы қазақ әдеби сынын сөз еткенде, оның коммунистік партияның тікелей басшылығына сүйеніп өмір сүргенін атап айту қажет. 30-жылдардың басында әлі республика басшылығында отырған Ф.И. Голощекиннің әдебиетте жік бар, соны әшкерлеп жою керек деген «нұсқауына» сәйкес, 1930 жылдың басында баспасөз бетінде «жікшілдіктің» сырын ашу мақсатымен айтыс ашылды. Бұл пікір талас «жікшілдікті» жоймақ түгіл,қайта ушықтыра түсті. Әдеби сынды көркем шығарманы сынау үшін емес,жазушының өзін сынауға пайдаланып,сынды сынампаздыққа айналдырып жібереді. Мерзімді баспасөз бетінде «жікшілдікті» жоюға арналған Ғ.Мүсіреповтың, Ә.Мұсаұлының, І.Жансүгіровтың, С.Мұқановтың мақалалары жарияланды. Бұрыннан келе жатқан «сәдуақасовшылдық», «қожановшылдық» сияқты атауларға, «сәкеншілдік», «бәйдіндилшілдік», «жансүгіровшілдік», «сәбитшілдіктер» қосылып,көбейе түсті. Жалпы,осы «жікшілдікке» байланысты жарияланған мақалаларда бір-біріне орынсыз кінә тағу, тіл тигізу сипат алған. [1; 59-86б].
Әдеби сындағы жағдайдың ушыққандығы соншалық, жазушылар бір-бірінің шығармаларының ішінен «тырнақ астынан кір іздегендей» болмашы кінәраттар тауып алып, оны халыққа, партияға қарсы «ұлтшыл», «халық жауы» етіп көрсетті. Мағжанның, Ахметтің, Жүсіпбектің, Міржақыптың тағы басқа шығармаларына тиым салынды. Әдебиет көшін бастаушылардың барлығы дерлік қуғынға ұшырады. Шығармада жас бала жыласа, «ол неге жылайды?» -деп күдікпен қарады себебі: «Кеңес Одағында ешкім жыламауы керек». Көркем туындының тағдыры «пролетариат», «кеңес», «партия», «кедей», «жалшы»деген сияқты сөздердің бар-жоғына қарай шешілді. Көркемдік категориялар елеусіз қалып, саяси бағытты ашу сынның басты міндеті деп ұғынылады. Көркем шығармаларды бағалағанда ол жазушылардың топтық шығу тегімен байланысты қаралды. Пролетариат әдебиетін тек «таза» пролетар жазушылары жасай алады деп түсіндірілді [3; 38б]. Жазушы шығармашылығын бағалауда «ең алдымен, біздің тексеретін мәселеміз кімнің қандай жазушы екендігі», «өлшеу: жазушы әдет, салт-сана, әдет-ғұрып тұрғысында пролетариат болып тууы бірінші шарт» делінді. [2; 123б].
Ә. Мұсаұлы осы өлшеміне сүйене отырып, Сәкен мен Сәбитті пролетариат жазушы емес деп тапқан. Сөйтіп, құрылыстың жұмысшы тобына шыққан еңбек ерлерін, колхозшыларды ол көрмейді. «Сейфоллаұлы коммунист бола отырып, көп реттерде байшылдық салдарынан шыға алмаған...»-деп жазды Әйтіке мақаласында.
«... ол жасөспірімдерді өз руын басқа рудан жоғары көтеруді міндетім деп білген ескі батырлардың әдемі дене құрылысынан үлгі алуға шақырады. Дене шынықтыру кезінде пионерге өгіздей қара күші бар Қажымұқанды үлгі етіп тартады. Сейфоллаұлының ескі ауылды сүйетіндігі сонща, кітабына Қажымұқанның суретін салдырады [4; 254б].
Ол С.Сейфуллинмен бірге Ғ.Тоғжановтың да кемшіліктерін көрсетуге біраз көңіл бөлген.Оны Ахмет Байтұрсыновты жеткілікті сынамады, сыни еңбектерінде Плехановтың пікірлерін пайдаланады-, деп кіналаған. «Мұны негізгі Тоғжанұлының әлі партияға жат ұлтшылдық-байшылдық әдеттен босана алмағандығынан шығады» деп, саяси сойылын тағы да сермеп өтеді. Ал Ахмет Байтұрсыновты қалай сынау үлгісін де өзі көрсетеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық