Биология | Сұр қойларының қанындағы ферменттер белсендігі

Ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымдылығы мен өнімділігін мейлінше жас кезінде анықтаудың маңызы зор, себебі жоғары препотентті жануарларды селекциялық жұмыста ұзақ мерзімде қолдана отырып, жалпы популяцияның генетикалық біркелкілігін тезірек ұлғайтуға болады. Бұл жұмыс қаракөл қойын өсіргенде көп қажет, өйткені олардың шаруашылыққа тиімділігі 5-6 жасында-ақ аяқталады, ал қошқарлардың тұқымдық сапасы қалыпты жағдайда 2 жасында анықталатынын ескерсек, қажетті типтегі малдардың генетикалық потенциясы көп жағдайда жүзеге толық аспай кетінін аңғарамыз.
Кейінгі кезде малдардың тұқымдық сапасын анықтау үшін олардың интерьерлік белгілері зерттеле басталды. Әсіресе қанның белок пен фермент типтерінің ерекшеліктері, тұқым қуалауы мен белсенділіктері анықталып, көп белгілердің ұрпаққа берілетіні, организм мен шаруашылыққа, өнімдерге тікелей әсер ететіні дәлелденді.
Осы жағдайға байланысты біздің жұмысымызда оңтүстік сұры қаракөл қойларының аминотрансфераза ферменттерінің белсенділік параметрлері ата-анасы мен төлдерінде зерттелді. Бұл сияқты жұмыстар мүйізді ірі – қара малда, шошқада көбірек жүргізілген болса, биязы жүнді қой тұқымында аз кездеседі, ал қаракөл қойында фермент белсенділіктері өте сирек зерттелген. Сондықтан біздің дипломдық жүмыстың тақырыбы осы мәселелерді қамтиды да ғылыми, әрі шаруашылыққа маңызы бар деп есептейміз.
Зерттеу мақсаты: – қаракөл қойының қанының сарысуындағы аминотрансферазаның тұқым қуалауы мен кейбір селекцияландырылатын белгілермен корреляциясын анықтау болып табылады. Алынған тәжірибе нәтижелері биохимиялық тесттереді ұсынуға мүмкіндік беріп, оларды селекциялық жұмыстағы іріктеу мен жұптастыру кезінде қосымша белгілер ретінде қолдана отырып, малдардың өнімділік қасиетін алдын ала, ерте жасында болжауға жағдай жасайды.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселерді шешу жолға қойылды: асырааминдеу ферменттерінің қаракөл қойындағы тұқым қуалау қасиеті мен өзгергіштігі;
1 аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі бойынша мал басының өсіп өну қасиеттері;
2 аминотрансфераза белсенділігінің қаракөл сапасына әсері;
3 ферменттер мен қойлардың өсуінің, салмағының, дене құрылысының, жүн өнімділігінің арасындағы байланысы;
4 аминотрансфераза белсенділігінің тұқым қуалағыштығы мен селекцияландырылатын белгілермен корреляциясы;
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс материалда бетке компьютерлік текстпен теріліп берілген, 6 кестеден тұрады . Жұмыс құрылымы ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Қатты дәнділіктегі бидайдың құрылымдық механикалық қасиеттері

Бидай дәні биологиялық жүйе болып табылады. Ол анатомиялық бөлшектерінің күрделі құрылысымен және микроқұрылымымен, ал сыртқы түрі бойынша – дақылдардың әрбір тобы үшін ерекше болып келетін пішінімен ерекшеленеді. Химиялық заттар дәннің анатомиялық бөліктері мен қимасы бойынша өте-мөте бірқалыпсыз бөлінген. Биологиялық маңызды қосылыстар (витаминдер, ақуыздар, ферменттер) ең алдымен ұрықта және қалыпты дәнде клеткалары өмірге қабілеттілігін сақтап қалатын алейрон қабатында шоғырланған; эндоспермнің түпкіріне тереңдеген сайын осы қосылыстардың үлесі біртіндеп төмендей береді.
Тотықтары дәнді жаққан кезде күл түзетін органикалық емес заттардың, сонымен бірге жоғары нәрлілікке ие, әрі сондықтан дәннің өсіп-өнуінің ерте кезеңдерінде-ақ ұрықтың қалыпты дамуы үшін өте-мөте қажет липидтердің бөлінуі де осындай заңдылыққа бағынған.
Тірі организмдер үшін олардың жағдайының, күйінің факторлардың көптеген санына және көптеген ішкі өзара байланыстарға тәуелділігі тән болып табылады.
Дәннің күйін анықтайтын негізгі факторлар болып оның ылғал мөлшері және температурасы, сонымен қатар олардың шамаларының қоршаған орта күйінің параметрлерімен анықталатын тепе-теңдік мәндерінен ауытқу дәрежесі табылады.
Бидай, оның қасиеттері және сақтау мен өңдеу ерекшеліктері туралы ғылымның көп ғасырлық тарихы бар. Әсіресе ол ғылым ХХ ғасырда қауырт даму алды, бұған ең алдымен дәл ғылымдардың жан-жақты дамуы және осының негізінде нақты материалдарды зерттеу әдістерінің жетілдірілуі мен дәлдігінің артуы себепші болды. Дәнді бағалау, оның технологиялық ерекшеліктерін танып білу, сақталу және өңделу жағдайларын, сондай-ақ режимін анықтау үшін қасиеттер, сапа, сапа көрсеткіштері, сапаның бірлі-жарым көрсеткіші, сапаның кешенді көрсеткіші, сапаның базалық көрсеткіші, сапа деңгейі, ақыр соңында, күйі түсініктері қолданылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Қапшағай суқоймасының Торта балығы ихтиофаунасы

КІРІСПЕ

Қапшағай суқоймасының кәсіптік ихтиофаунасы жерсіндірілген түрлерден құралады. Балық қорының кәсіптік игерілуінің дұрыс жасалмауынан, суқойманың қолайсыз гидрологиялық жағдайы кейбір бағалы балықтардың түрлері үшін суқойманың биоценозы тұрақсыз жағдайға тап болуда. Көбіне балықтардың бағалы түрлерінің популяциясы олармен бәсекелес кәсіптік маңызы аз балықтарға қарағанда кәсіптік ауыртпашылықты көбірек кешуде.
Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының бірден көзіне түсті, ең алдымен «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» мамандары мен Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің гидробиология және ихтиология кафедрасының оқытушыларының. Зерттеу жұмыстары көптеген бағыттар бойынша жүргізілді, ол өз кезегінде қайта құрылған суқойманың ихтиоценозының қалыптасу процестерін тануға үлкен үлес қосты. Суқойманың қалыптасуының алғашқы жылдарында ақ қоректік базаны жақсарту туралы ұсыныстар мен кәсіптік балықтардың сапалық құрамы (торта, сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) жасалды. Жиналған тәжірибелер арқасында көптеген балықтар популяциясының болашақтағы жағдайына болжам берілді.
Қапшағай суқоймасының ауыр металдармен ластануына байланысты ондағы тіршілік ететін балықтардың жағдайына әсері жаңа зерттеулерді қажет етіп отыр. Қапшағай су қоймасы еліміздегі балық қоры мол және кәсіптік маңызы бар көксерке, сазан, тыран, торта және т.б. балықтар ауланатын суқойма.

Жұмыстың мақсаты: Торта балығының биологиялық көрсеткіштерін зерттей отырып, қазіргі кездегі жағдайына баға беру.
Жұмыстың міндеттері:
1. Торта балығы бойынша жасалған ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу жасау;
2. 2008 – 2009 жж. аралығындағы жиналған материалдардың биологиялық анализінің көрсеткіштерінің динамикасын көрсету;
3. Көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде Қапшағай суқоймасындағы торта балығының қазіргі жағдайына баға беру.....
Дипломдық жұмыстар
Толық