Биология | ТАН сериясы сусындарының микрофлорасына морфо биохимиялық сипаттама беру

Қазіргі таңда экологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты туындайтын індеттер саны артып барады. Ондай індеттердің алдын алу үшін пробиотикалық қасиеті жоғары препараттар мен емдік әртүрлі сүт қышқыл сусындарын ойлап табуда. Солардың ішінде жоғары сұранысқа ие, аралас ашу процесінің өнімі – «ТАН» сүт қышқыл сусындары болып табылады. Олардың құрамына сүт қышқылын активті түзетін және антагонистік қасиеті жоғары сүт қышқыл таяқшалары кіреді. Сондықтан бұндай өнімдер адам микроэкологиясын жақсартып, иммунитетін көтеріп, денін сауықтырады. Сондай-ақ, өкпе және асқазан ауруларының алдын алу үшін өте тиімді. Практикалық маңызды (активті қышқыл түзушілер, антагонистік қасиеті жоғарылар, антибиотик түзушілер т.б.) штамдарды бөліп алып, солардың негізінде жаңа емдік – диетикалық сусындарды алу арқылы жоғарыда аталған аурулардың алдын алуға және орташа өмір сүру уақытының көрсеткішін арттыруға болады.

Жұмыстың мақсаты: «ТАН» сериясы сусындарының микрофлорасына морфо-биохимиялық сипаттама беру.

Жұмыстың міндеттері:
- «ТАН» сериясы сусындарының микрофлорасын зерттеу.
- Бөлініп алынған сүт қышқыл бактерияларының морфолого-культуралдық және физиолого-биохимиялық қасиеттерін анықтау.
- Бөлініп алынған сүт қышқыл бактерияларының практикалық маңызды қасиеттерін анықтау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Оңтүстік шығыс Қазақстанда бұршақтың таралуын зерттеу

Бұршақ халық шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Бұршақтан ең алдымен ауылшаруашылық өсімдіктері мен бақшалар, әсіресе гүлдеу зақымданады.
Қазақстандағы бұршақтық процестерді зерттеуге арналған жұмыстар өте аз. Авторлармен өте қысқа шектелген материалдарда жыл ішінде бұршақ болған күндердің орташа санының географиялық таралуы, бұршақтың тәуліктік және жылдық жүрісі, оның жаууының ұзақтығы қарастырылады.
Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарында бұршақ көбіне маусым айында жауады.
Шөл және шөлейт аудандарда бұршақ түсуі сәуірде,шілдеде және қазанда байқалады.
Қазақстанның басқа аудандарында бұршақ көбіне мамыр және тамыз айларында түседі.
Қазақстан территориясы бойынша бұршақтың түсу ұзақтығы 7 минут және бұл шама 5-тен 10 минутқа дейін өзгеріп отырады. Таулы және шөлейтті жерлерде бұршақтың түсу ұзақтығы 10 минуттан да асатын жағдайлар кездеседі. Бұл шаманың ең көп мөлшерде түсуі Қазақстан территориясында 20-дан 40 минутқа дейін, ал кейбір жағдайларда 1 сағаттан асады.
Бұл жұмыс Қазақстан территориясы бойынша бұршақтың таралуын және соның ішінде Алматы станциясындағы бұршақтың 10 жылдық мәліметін сараптау, яғни аэрологиялық жағдайын, жауу ұзақтығын анықтау, климаттық жағдайын және оны сараптау болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Қан плазмасы және қан түйіршіктері

Кіріспе
Қан ағзадағы дәнекер ұлпаның бір түрі. Қанның құрамы сұйық плазмадан және қан түйіршіктерінен (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Қан құрамындағы лейкоциттер организмді әр түрлі зиянды заттардан қорғайды.
Қан мен лимфа және ткань аралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын құрайды да, бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатады.
Организмнің ішкі сұйық ортасының құрамы, физикалық және химиялық қасиеті біршама тұрақты болады, сондықтан да организмдегі клеткалардың тіршілік процесі қалыпты жүріп жатады.
Қан организмдегі клеткаларға, тканьдерге қоректік заттарды жеткізетін болса, екінші бір органдар зиянды, қорексіз улы заттарды организмнен шығарып отырады. Қорыта келгенде қан организмдегі клеткалардың тіршілігін сақтайды, әрі ол клеткалар мен тканьдердегі су мен минерал заттардың мөлшерін реттеп тұрады.
Қан қан тамырларымен ағады да, организмнің барлық клеткаларына қоректік заттарды тасу қызметін атқарады. Мысалы, қан тканьге глюкоза, амин қышқылдары, май, витамин, минерал заттарын, суды, оттегін т.б. қоректік заттар жеткізсе, екінші жағынан зат алмасу процесінің нәтижесінде организмнен бөлінген ақырғы өнімдерді (мочевина, аммиак, несеп қышқылы, көмір қышқылы) сыртқа шығару органдарына: бүйрекке, тер бездеріне, ішекке және өкпеге апарады. Қан организмде Гуморальдық реттелу процесін қамтамасыз етеді, яғни организмдегі органдарды химиялық жолмен бір-біріне байланыстыра отырып реттейді. Қанның организмді гуморальдық жолмен реттеуі – ондағы ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға қосылатын физиологиялық актив заттарға – гормондарға байланысты.
Сонымен бірге қанда болатын иммунитет факторы организмде қорғаныс қызметін атқарады. Иммунитет - қандағы лейкоциттердің фагоцитоз процесіне бейімділігі. қандағы қорғағыш денелер организмдегі микробтарды, олардың бөлетін улы заттарын зиянсыздандырады және зиянды белоктарды ыдыратады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық