Тарих | Қалам

Қазіргі кезде қаламсаптың түрі өте көп. Олар әр түрлі формада жасалынып жүр. Мәселен жуандатылып жасалған әр түрлі формаға келтіріліп, жіңішкесі де бар, қолға ұстағанға ыңғайлысы да сол. Жуандатылып жасалған қаламсаптар жазуды бұзатыны қақ. Сырты әдемі болған соң балалар қызығып ұстағысы келеді, бірақ, ол баланың қолын талдырып жіберуі абзал, жазуы да бұзылып кетеді. Қаламсапты таңдар кезде оның тек әдемілігіне ғана қарамай қолға ұстағанға ыңғайлысын, сиясының түсіне, қою немесе сұйықтығына да қарап алу керек. Шарикті қаламсаптар оның жуандау немесе жіңішке жазатынына қарай ерекшеленеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қаламдардың қалай, қашан пайда болғанын және тұрмыстағы қажеттілігін білу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қаламның шығу тарихын зерттеу
2. Қалам түрлерін анықтау
3. Қаламды қолға дұрыс ұстаудың маңыздылығын білу
4. Қаламдардың адамға пайдасы мен зиянын ажыратып анықтау......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Ырымдар мен тыйым сөздерді ұмытпайық

1. Адам баласына әдепсіздіктің зияндылығын түсіндіре отырып, анықтама беру.
2. Жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға, қисық жолдың шырмауына түспеуге үйрету, адамгершіліктің жолын көрсету.
Зерттеу әрекетінің кезеңдері:
1. Теориялық материалдар жинақтау, оқып - танысу.
2. Бейнесуреттер жасау.
Зерттеу жаңалығы:
Ырымдар мен тыйым сөздердің мағынасын зерттеу жаңалығы......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Маңғыстаудың ежелгі қалалары

Маңғыстау - республикамыздың даңқын әлемге әйгілеп отырған қазына қоймасы, мұнайдың өлкесі, көл - көсір тарихы мол өлке. Оның дархан өлкесі Австрия, Швейцария, Нидерланды және Люксембург тектес бірнеше мемлекет түгелімен сиып кетер 8 миллион гектар жерді алып жатқан кең аймақ. Қойнауы - кенге, қыры – мыңғырған малға толы, халқымыздың рухани байлығын әйгілейтін архитектуралық тарихи және мәдени, әдеби мұралар мол сабақталған осы аймақ туралы ертелі - кешті көптеген еңбектер жарық көрген.
Маңғыстау – ерте дәуірден тоғыз жолдың торабы. X - XII ғасырларда Еуропаның көптеген сауда порттары мен қалаларын қамтыған Индия – Орта Азия – Еуропа сауда жолының бірі осы түбек арқылы өткен. Бірқатар еңбектерде Маңғыстау – көне кезден Еуропа – Орта Азия, Орта Азия – Кавказ қақпасы көптеген елдерді байланыстырған, осындай маңызды жолдың бойында болуы Маңғыстаудың мәдени экономикалық саяси өміріне елеулі әсер еткен оның дәуіріне сай үлкен цивилизация орталықтарының дәрежесіне жетуіне әкелген. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

І. Кіріспе
1. Мәдениетіміздің бет бейнесі. Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып, мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген.
Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно - мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады.
Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері
даусыз. Себебі, қазақ дүниетанымы терең, мәдениеті бай, әрбір өнері көрнекті, көрген - түйгені мол үлгілі ұлт. Қазақ өнерінің әрбір туындысы өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлттық нақыштарға толы......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | В И Пацаев атындағы мектеп тарихы

Тарихы терең, тағлымы мол білім ордасы
2012 жылы біздің мектебіміз 80 жылдық мерейтойын белгілеп өтті.
80 жыл – бұл дүние тарихы үшін қысқа мерзім, ал білім ордасы үшін – тарихтың бір бөлігі.
Мектеп құрылысы 1929 жылы жергілікті бор карьерінен алынған бор блок материалынан басталды. 1932 жылы ашылған мектеп Алға темір жол станциясындағы жалғыз ғана білім ордасы болған. Заман талабына сай 1967 жылы мектептің оқу корпусы, оқу кластары, спорт зал, оқу шеберханасы, асхана т. б. қажеттілігіне байланысты жаңадан салынды.
Орта мектеп ретінде 1939 жылы алғашқы түлектер бітіріп шықты.
Мектептің өткен тарихына жүгінсек, 50 ден астам адам белгілі ғалым, ұстаз, инженер, дәрігер, ауыл шаруашылығының мамандары атанды. Түлектер арасында ҰОС қатысушылары, ұшқыш, профессор, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары да бар. Бүгінгі таңда мектеп тарихында Кеңес Одағының батыры, ұшқыш – космонавт, алғалық В. И. Пацаевтың есімінің болуының өзі зор мақтаныш......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | С Ж Аспандияров қоғам қайраткері

Зерттеу жұмысының мақсаты: С. Ж. Аспандияровтың тұлғасы мен еңбектеріне бүгінгі күнгі тарих ғылымының биіктігінен шама – шарқымызша баға беру; Ұлы бабамыздың қайраткерлік жолын кейінгі ұрпақ арасында насихаттап тәрбиелеу құралына айналдыру.
Зерттеу гипотезасы: ұзақ тарихи жылдар ішінде қалыптасқан, әлемдік және отандық ғылыми ойдың мұрасына айналған әлеуметтік – экономикалық және саяси процестер мен құбылыстарды объективті ғылыми талдау да назарда болды. С. Ж. Аспандияров тұлғасын, оның қызметін бағымдауда мәселелер тарихилық, яғни хронологиялық негізге жүйелі баяндау принциптеріне жүгіндірілді.
Зерттеу жаңалығы: Зерттеу жұмыстары мен дерек көздеріне сүйене отырып ғылымның өмірі мен шығармашылығын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделеуге талпыныс жасауда және оның еңбектеріне ғылыми баға беруде.
Зерттеу жұмысының қорытындысы: Ғылыми жұмыс ғылым, қоғам және мемлекет қайраткері С. Ж. Спандияровтың өмірі мен ғылыми шығармашылық, саяси, ағартушылық және ұйымдастырушылық қызметінен мол, жан – жақты мағлұматтар береді. .....
Ғылыми жобалар
Толық