Медицина | Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызы

Тіс жегісі – бүкіл әлемде ең көп тараған аурудың бір түрі, ол дамыған елдердің 90 - 95 пайызында кездеседі. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, жылдан жылға тіс жегісімен ауратын аурулар санының артып бара жатқандығын байқауға болады. Біздің мектепте де бұл ауру оқушылар арасында кең таралған (қосымша 1). Осы құбылыстың кең таралуының негізгі себебі неде деген сұраққа жауап іздеп, әдеби кітаптардан, әлеуметтік желіден мәліметтер қарағанда тістің бұзылуынан сақтауда сілекей құрамының ерекше әсері бар екендігі жазылған. Бірақ мәліметтер келтірілгенмен, нақты зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан тіс жегісінен сақтаудағы сілекей құрамының маңызына көз жеткізу үшін осы ғылыми жобаны алып отырмын.
1. 2 Жұмыс мақсаты
Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызына байланысты зерттеу жүргізу.
1. 3 Жұмыс міндеттері
1. Сілекей құрамын, құрылысын, қасиетін және қызметін қарастыру.
2. Сілекейдің буферлік ерітінді екендігін басқа буферлік ерітінділермен салыстырып отырып анықтау......
Ғылыми жобалар
Толық