Дүниетану | Кемпірқосақ

Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады.
Кемпірқосақ қалай пайда болады?
Қапырық ыстықтан кейiн, бұлт қоюланып нөсерлетiп жаңбыр жауады. Жаңбыр басылған соң бұлт сейiлiп көкжиектен батып бара жатқан күн көрiнедi. Дәл осы кезде тарап бара жатқан қара бұлт арасынан, жерге қарай иiлген алып доға тәрiздi кемпiрқосақ пайда болады. Оның бір - бiрiмен жарыса астасқан жетi жолағы: Қызыл, ақшыл сары, сары, жасыл, ақшыл көк, көк, күлгiн жетi түске малынған......
Ғылыми жобалар
Толық