Тарих | ГЕРМАНИЯНЫ БІРІКТІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БИСМАРКТЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

Такырыптың өзектілігі. Курс жұмысы Отто фон Бисмарктың өмірі мен саяси қызметін талдауға арналған. Бисмарк сияқты ірі тарихи тұлғаны, әр түрлі қырдан зерттеуге болады. Еуропа мен әлем тағдырына үлкен ықпал жасаған ХІХ ғасырдың мемлекет қайраткерлерінің арасында, Бисмарк қызметінің тарихи маңызы бойынша да, өзінің саяси және дипломатиялық өнері бойынша да алдыңғы қатардағы тұлға.
ХІХ ғасырдың ортасында біртұтас мемлекет құру қажеттілігі туындады. Сондықтан да, Германияның мемлекеттік бірлігіне жету - 1848ж. буржуазиялық-демократиялық революциясының негізгі, басты мақсаты болды. Бірақ буржуазиялық-демократиялық революциясы жеңіліс тапты, оған қарамастан, ол едәуір ірі із қалдырды. Германияның қоғамдық өмірдің барлық салаларында, әсіресе Пруссияда: экономикада, әлеуметтік-саяси өмірінде елеулі өзгерістер болды.
Герман мемлекетінің құрылуының ерекшеліктері Отто фон Бисмарктың саяси қызметімен, биографиясымен тығыз байланысты. Оның аты герман және жалпыеуропалық тарихтың маңызды оқиғаларына тікелей байланысты, ең алдымен, ол өзінің “қан мен темір” атты саясатымен атақты. Германияның бірігуі осы адамның саясаты арқылы жүзеге асты.
Бисмарк – көрнекті дипломат пен үздік қолбасшы, оның қабілеттері “Пруссиялық соғыстар” деп аталатын 1860-70 жылдарды қамтыған кезеңде айқын көрінді. “Темір канцлер” деп аталған Бисмарк өз заманынан озған адам еді.
Бисмарктың өмірі мен қызметі жақсы зерттелген Батыста, ол туралы әр түрлі пікір қалыптасты, оның жеңістері мен жеңілістерінің қарама-қайшы талдаулары жасалды. “Темір канцлер”, “ақ революционер”, Германияны біріктірген адам, ХХ ғасырдың соғыстарына алғышарттар құрған адам, Гитлерге жол салушы – бұның бәрі Бисмарк ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Германия мен Қазақстанның қарым қатынасының дамуы

Тақырыптың өзектілігі. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде одақтастар армиясы фашистік Германияны оккупациялады. Германия территориясын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО мемлекеттері оккупациялап, төрт зонаға бөлді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция оккупациялаған зона батыстық зона деп аталынды. КСРО оккупациялаған зона шығыстық зона деп аталынды. 1949 жылы батыстық зонада Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған жауап ретінде шығыстық зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Бір неміс ұлты бір-біріне қарама-қарсы қоғамдық өмір кешті. Германия Федеративтік Республикасы АҚШ бастаған капитализмнің алдыңғы қатарлы державалары Кеңес өкіметі және социалистік елдерге қарсы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «қырғи-қабақ соғыс» жүргізгенде Германия Федеративтік Республикасы осы саясатты жүргізудің негізгі объектісіне айналды. 1989-1990 жылдарда КСРО мемлекетінің өз ішінде және социалистік лагерь елдерінде басталған демократиялық реформалар Германия Республикаларының дамуына да ықпал етпей қалмады. Осының салдарынан қос Германия мемлекеті бірынғай мемлекетке айналды. 1 шілде 1990 жылы айналымнан шығыс германдық марка алынып тасталынып жалпы германдық марка енгізілді. Біріккен Берлин, шығыс германдық жерлер 3 қазақ 1990 жылы ФРГ құрамына кірді. Содан бері Германия мемлекеттік құрылымы жағынан парламенттік республика. Негізгі заң бойынша президент билігі шектеулі. Канцлерге (премьер- министрге) көптеген өкілдіктер берілген. Билік екі палаталық парламентке берілген. Оның жоғарғы палатасы - Бундесрат, төменгісі - бундестаг. Федеральдық үкімет федеральдық канцлерден, федеральдық министрлерден тұрады. Орталық банк мемлекеттің кредиттік-ақша саясатына бақылау жасайды. Федеральды канцлер халықаралық қатынастарға, қорғанысқа, финансқа және коммуникацияға басшылық жасайды. 1999 жылы үкіметте 15 федеральдық министрлер болды. ФРГ-ның астанасы - Берлин. Солай бола тұрса да Бонн қаласында кейбір мемлекеттік мекемелер қызмет етеді. Елдің басшысы 5 жылға сайланатын федеральдық президент. Оны федеральды жиналыс сайлайды. Президенттің бір міндетті канцлердің кандидатурасын бундестагтың бекітуіне береді. Сондай-ақ президент қарулы күштер құрамынның жоғарғы офицерлерін тағайындайды. Дегенмен оларға қорғаныс министрі басшылық етеді. Германия Федеративтік Республикасы Батыс Европаны алдыңғы қатарлы мемлекеті ретінде жан-жақты дамып келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | АҚШ тың Германияның банктік жүйесі

Банктік жүйе – банктік операциялардың жалпы жиынын шоғырландырушы несие жүйесінің негізгі буыны.
«Ал банк – банк қызметін атқарушы, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.»(№10 1-бап 1-тар)
«Банк мәртебесі жоқ бірде бір заңды тұлға өзін «банк» деп атай алмайды және банк қызметімен айналыса алмайды»( №10 1-бап 3-тар)
Экономика саласындағы ақша және банк ісі проблемалары ең бастылардың бірі болып табылады. Кез-келген мемлекеттің экономикасының мықтылығы банк жүйесінің беріктігінен білінеді. Әсіресе жас мемлекеттер үшін банк жүйесінің жақсылап қалыптасуының зор мағыназы бар.
Шет ел экономисттерінің пікірінше : «Банк – басқа іскерлік ұйымдар сияқты,өз кірісін максималды түрде ұлғайту үшін жұмыс істейді.»(№6)
Мемлекеттің банк жүйесінің дамуына қарап мемлекет экономикасының қарқыны мен әлеуметтік жағдайын бағалай аламыз. Егер банк жүйесі дұрыс әрі тиімді болса , оның халқының да хал – ахуалы жоғарғы деңгейде болады .
«Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтікө экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай – ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы, ақша- кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банкілік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олрдың қызмет аялары банктік құқық құзыретімен қамтылатыны бүгінге көпшілікке мәлім.»(№8 3-б.)....
Курстық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | Еуропалық қауіпсіздік жүйесіндегі Германияның рөлі

Соңғы елу жыл шеңберiнде барлық дүниежүзiлiк қоғам Еуропада бiртұтас, жалпы экономикалық, саяси және әлеуметтiк кеңiстiк құруды мақсат ете отырып, өзiнiң ерiктi жаулап алу деңгейiмен Батыс Еуропаның тәуелсiз мемлекеттерiнiң бiрiгуiне куә болып отыр. Тарихтан көретiнiмiздей, түрлi мемлекеттердiң бiрлестiктерi, қауымдастықтары мен одақтары көп жағынан халықаралық экономикалық және саяси қатынастардың анықтаушы факторына айналды. Әсiресе, Еуропалық Одақ шеңберiндегi интеграция үрдiсi өзiне ерекше қызығушылық тудыруда. Оның көмегiмен батысеуропалық мемлекеттер өткен жүзжылдықтағы екi алапат соғыстың салдарларын жеңе отырып, тез қарқынмен өзгерiп отырған дүниеде өзiнiң мәнiн сақтап, халықаралық және мемлекетаралық қатынастарда жаңа жүйенiң қалыптасуына үлкен әсер ете алуда. Бұның жалғасы немесе салдары ретiнде зерттеушiлер Еуропалық Одақта болып жатқан интеграциялық үрдiстерге мiндеттi түрде тек аймақтық деңгейде баға берiп ғана қоймай, дүниежүзiнде болып жатқан жағдайлармен қоса, оған сабақтастыра ескерулерi қажет.....
Дипломдық жұмыстар
Толық