Балабақша тәрбие сағаты: «Геометриялық пішіндер туралы ертегі»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау; дөңгелектенген және бұрышты пішіндер туралы түсінік беру;
Дамытушылық: балалардың заттарды санау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту;
Тәрбиелік: балаларды ұжымшылдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқытудың әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, бақылау, ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар, дидактикалық ойындар.
Көрнекті құралдар: геометриялық пішіндер (сопақша, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, шеңбер немесе дөңгелек), санау таяқшалары, суреттер, сандар.
Үлестірмелі материалдар: санау таяқшалары, геометриялық пішіндер....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Дидактикалық ойындар арқылы геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту ойыны

Оқу іс-әрекеттің мақсат-міндеттері: Білім беру саласы, «Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»
Дидактикалық ойындар: «Қандай пішін, ата!», «Жануарларға геометриялық пішіндерден үй құрастырайық», «Аққаланы құрастыр» т.б
Ақпараттық құзіреттілік: Балалардың геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) туралы білімдерін жетілдіру.
Коммунакативтік құзіреттілік: Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды тауып, сәйкестендіре білу қабілеттерін қалыптастыру.
Проблема шешу құзіреттілігі: Балалардың зейін, ес, түйсік, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау сияқты танымдық үдірістерін дамыту.
Пәнаралық байланыс: «Математика негіздері», «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын технологиялар: Слайд көрсету, ойын-жаттығу
Оқыту құралдары: Геометриялық пішіндердің макеті, кубиктер, пішіндер бейнеленген карточкалар
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сқрақ-жауап, көрсету, қайталау, дидактикалық, дамытушылық ойындар өткізу, ғажайып сәт ұйымдастыр, тіл дамыту жаттығулар т.б.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Балабақша | Ғажайып математика

Білім саласы; Таным.
Ұйымдастыру оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.
Тақырыбы. «Ғажайып математика»
Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау,. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті....
Ашық сабақтар
Толық

Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар

Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету.
Көрнекілік: Ою - өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер.
Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с. с./ пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс.
Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.:
а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, үшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;
б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;
в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Үйшік қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған

Мақсаты:
1. Балалар 5 санына дейін тура, кері санауға көрші сандарды таба білуге, геометриялық. пішіндермен таныстыру.
2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс істеуге үйрету.
Көрнектілігі: Сандар, аңдар суреті
Сабақ түрі: Саяхат сабақ

Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі
Балалар біз бүгін орманға саяхат жасаймыз.
Саяхатқа барамыз
Дорбамызды аламыз
Ей бұл кім?.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Геометриялық пішіндер

Тақырыбы: Шар мен текшені салыстыру (сөздік жұмыс)
Мақсаты:
а) Балаларға геометриялық пішіндер – шар, текше сөздерін естеріне сақтауға, олардың ерекшеліктерін (мысалы: шар домалақ, домалайды; текше төртбұрышты, орнынан қозғалтуға болады, бірінің үстіне бірін қоюға болады) ажыратуға үйрету.
ә) Сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілетін дамыту.
б) Ұқыптылық пен сабырлылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: (көңілді домалақ шар мен текшенің суреттері), үлестірмелі материалдар (ұқсас заттарды сурет бойынша сәйкестендіру). Дидактикалық жаттығу: «Қай зат қай затқа ұқсайды?».
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: шар, текше, доп.
Билингвальды компонент: шар - шар, текше - куб, доп - мяч.
Мотивациялық қозғаушылық:
- Бір – біріміздің қолымыздан ұстап, жақсы лебіздер білдірейік. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Геометриялық пішіндер

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Балаларды көлемді денелер (шар, текше, конус) туралы түсінікті нақтылау, геометриялық пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге, геометриялық пішіндердің өмірде қажеттілігін түсінуге үйрету. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды тауып үйрену.
Дамытушылығы: балалардың есте сақтау қабілеттерін шыңдау, ой - өрісін дамыту, және жетілдіру Сөздік қарым - қатынастарын байыту
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Керекті құралдар: геометриялық пішіндер, суреттер, көз байлауға орамал, таяқшалар.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ойын, жұмбақ, көрсету.
Түрі: қайталау сабағы
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, көркем әдебиет.

Ынталандыру,
Сезімдерін ояту.
- Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу - іс әрекетіміз, математика сабағына қонақтар келіпті. Шаттық шеңберіне шығып сәлемдесейік.
- Өте жақсы, балалар! Бүгін класта кезекші кім? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Геометриялық пішіндер Өткен материалды қайталау

Мақсаты: 11 - 20 дейінгі сандарды санап, цифрларды тани білу; геометриялық пішіндерді ажырата білу; кеңісті бағдарлау туралы білімдерін бекіту.
- Сандардың ретін, қатарын анықтай алу, бүтін, жарты, ширек ұғымын саналы түрде игеру, 10 саны көлемінде азайту, қосу амалдарын орындау дағдыларын дамыту;
- Ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: топтастыру, салыстыру, талдау
Сабақ түрі: қайталау
Сабақ көрнекілігі: сызба қағазы, цифрлар, сандар салынатын кесте, геометриялық фигуралар, сиқырлы тақтайша, смайликтер.

Мотивациялық қозғаушы
1. Сәлеметсіңдер ме? Балалар бүгін қандай оқу іс - әрекеті?(балалар жауаптары)
1. Психологиялық дайындық: Балалар бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Сендердің не үйренгендеріңді көргілері келеді: Мен сендер, өте, алғыр жақсы оқушы екендеріңді айттым: Енді менің сенімімді ақтайсыңдар деп ойлаймын. Ондай болса сабағымызды бастайық. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық