География | Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануын бақылау жүйесі

Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды.
Биосфера – түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты – үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар,онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.
Табиғи орта миллиардтаған жылдарғы даму барысында қалыптасқан өте күрделі құрылымды жүйе. Оның құрылымды бөліктеріне ұсақ организмдер, саңырау құлақтар, өсімдіктер, жан-жануарлар, адамзат, топырақ, қызу, жарық, басқа ғаламшарлар, жұлдыздар, түрлі тартулы күштері, магнитпен электр өрістері жатады.
Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы,яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады.
Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Қазақстандағы табиғат ресурстары

Менің бұл курстық жұмысымды Қазақстандағы табиғат ресурстарына арнап жазып отырмын.
Табиат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты емес. Мысалы, ауа егер бұрын жоқ табиғат жағдайы болса, қазір жағдай және ресурс бол ып табылады.
Табиғат ресурстарымен қатар табиғат жағдайлары мын да қарастырамыз. Олардың табиғат ресурсарынан ерекшелігі — олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдың өндіріске қатыспайды.
Табиғат ресурстарын қазір қолға алған жөн.
Мысалы: Ауаның ластануы, ормандардын құрып бара жатқаны, жануарлар және т.б.
Ауаның, судың, топырақың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылыуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлілігің кемуі, адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлануы күшейіп отыр. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Қазақстанның қорықтары мен ұттық бақтары

Адам баласы ХХ-ХХІ ғасырлар аралығында негізгі қауіп-қатердің бірі - қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты экожүйені әлемдік, аймақтық және ұлттық дәрежеде қорғау жалпы мақсатқа жетудегі негізгі міндеті болып табылады. Әлемдегі ең ірі және беделді табиғат қорғау ұйымы Халықаралық табиғат қорғау одағы (ХТҚО, ағылшынша қысқартылған атауы - IUCN ) болып табылады, оған бірнеше мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық және ұлттық үкіметтік емес бірлестіктер мүше болып кіреді. ХТҚО бүкіл әлемнен алты белгілі мақсатқа арналған бағытта жұмыс істейтін бірнеше мыңдаған сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі – қорғалатын территориялар жөніндегі Әлемдік комиссия (WCPA), табиғи экожүйені қорғаудың тоериялық және практикалық мәселелерімен айналысады, табиғи қор жағдайларына сараптау мен бағалау жүргізеді, тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне қорғалатын табиғи территориялар жүйесін құруға ұсыныстар дайындайды.
ХТҚО онжылдықта бір рет қорғалатын территориялардың Бүкіләлемдік конгресін өткізеді, онда табиғи экожүйелерді қорғаудағы қазіргі жағдай мәселелері қаралады және келешекке жоспар жасалады. 2003 жылы Дурбан қаласында (ЮАР) өткен бесінші Бүкіләлемдік конгресс комиссия жұмыстарын қорытындылай келе, биоәртүрлілікті қорғау және оның тұрақты дамуы үшін қорғалатын табиғи территориялар (ҚТТ) маңызын қайта бағалады. Оның ішінде, өткен онжылдықта табиғатты территориалдық қорғау мәселесінде ХТҚО келесідей нәтижелерге қол жеткізді :
- Қорғалатын территориялар Биоәртүрлілік жөніндегі Конвенция пікірін іске асыруда негізгі топ болып танылды;
- 1992 жылдан бері әлемдегі ҚТТ-ның жалпы саны және олардың көлемі екі еседен көп ұлғайды: қазіргі кезде, Антарктиданы қоспағанда, құрлық бетінің 12% -ынан көбі қорғалады, тек территорияның 10%-ына ғана қатаң қорғау тәртібі таралған;
- әлемдік мұраның табиғи және табиғи-мәдени нысаналар саны 101-ден 172-ге өсті және де табиғи және мәдени қазыналарды қатар қорғау қажеттілігі одан да бетер ақиқат болып отыр.
Бұрын қорғалатын табиғи территориялардың адам баласының басқа саладағы мүдделерімен байланысы толық емес еді. Сондықтан Дурбан конгресі келешектің негізгі бастамасы қорғалатын табиғи территория лардың біртұтас жалпы жүйесін құру туралы қаулы қабылдады. Әлемдік үлгі талабы бойынша мемлекет территориясы көлемінің 10%-ынан көбі қорғалатын табиғи территория болу керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ ТАБИҒАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Неотектоникалық қозғалыстардың табиғатын түсіну үшін алдымен қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстарды және неотектоникалық қозғалыстардың бүгінгі таңдағы айқын белгісі сейсмикалық қозғалыстарға назар аудару қажет.
Жоғары айтылғандай қазіргі тектоникалық қозғалыстар деп қазіргі кезде тікелей көзбен шолып байқалатын, сонымен бірге аспапты бақылаумен зерттелетін жер қыртысының қозғалысын айтады. Мұндай қозғалыстар әр түрлі аспаптарды қолдану арқылы зерттеледі. Бұл қозғалыстардың бірнеше зерттелу әдістері бар.
Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстардың зерттелу әдістері
Тарихи-археологиялық әдіс. Голландияда теңіз деңгейі ұдайы көтерілгендіктен Х ғасырдан бастап, онда тұратын халықтар теңіз шарпуынан қорғаныс ретінде жағалар бойында бөгеттер орнатқан. Теңіз жағасы төмен түскен сайын бөгеттердің үстіне құм, тас салып жалғастыра берген. Сол кездегі салынған қорғаныс бөгеттердің биіктігі қазіргі кезде 15 метрге дейін жеткен. Сонда есептей келгенде осы аймақтың жылдағы төмендеу жылдамдығы 0,5 – 0,7 миллиметр шамасында болған. Қара теңіз жағалауындағы ежелгі гректер отарларының теңіз астында қалғаны баршамызға аян. Сондай – ақ Индияда теңіз жағасындағы кемелер тоқтайтын гаваньдар жердің көтерілуі нәтижесінде біртіндеп тайыздап, порт құрылыстары теңіз жиегінен бірнеше километрге дейін алыстай берген.
Құрылыстық - картографиялық әдіс. Балтық теңізінің деңгейі неотектоникалық қозғалыстар әсерінен өзгерілуінен Аланд аралдарының ХIХ және ХХ ғасырларда сызылған карталарын салыстырғанда құрлықтың көлемі өткен ғасырға қарағанда едәуір ұлғайғаны байқалған.
Су деңгейін өлшейтін бақылау өдісі. Теңіз деңгейінің көтеріліп – төмендеуін жағаға орнатылған, тең сызықтарға бөлінген рейкалармен және футштоктармен өлшеп отырады. Әдетте теңіз деңгейінің қалпын өзі қағазға түсіріп отыратын мареограф деген аспап қолданылады. Осы аспаптар арқылы алынған мәліметтер бойынша Фенноскандинавиядағы Ботника шығанағының орта және солтүстік бөліктері (жылына 0,8 мм көтерілуде) (3.1-сурет). Ежелгі теңіз террасалардан және көл алаптарының таспалы саздардан алынған қосымша мәліметтері бойынша 9000 жыл аралығында Фенноскандинавия аумағның дөңесті тәрізді көтерілу амплитудасы 250 м болған. Мұндай изостазиялық көтерілу қазіргі заманға жақындаған сайын бәсеңдей берген. Мәселен, 9000 жыл бұрын көтерілу жылдамдығы жылына 13-8 см болса, 7-6 мың жыл бұрын көтерілу жылдамдығы жылына 2 см – ге дейін төмендеген, ал қазір 1 см шамасында.
3.1 сурет – Фенноскандия көтерілуінің изосызықтары (А.А. Никонов бойынша, 1977) а) соңғы 5000 - 7000 жылдар (метрлер бойынша); б) қазіргі кезеңде (мм/жыл), қайта нивелирлеу мәліметтер бойынша жылына 0.8 мм жылдамдықпен теңіз деңгейінің эвстатикалық көтерлілуінің есептеумен бірге. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Ертіс өзенінің қазіргі кездегі жағдайы

Бастау алып ағады Қытай жерінен,
Бұрынғы атақоныс қазақ елінен,
Көп өзендер суымен молығып,
Тоғысады Қара Ертіс Зайсан көлімен.
Зайсан көлінен ұзын Ертіс ағады,
Қалың тоғай көк майсалы жағалы.
Өскемен, Семей, Павлодарды қақ жарып,
Солтүстік Мұзды мұхитқа құяды,- дегендей, бастауын сонау Қытай жерінен алатын Ертіс өзенінің өз өлкеміздегі жағдайымен таныстыру.
Жұмыстың мақсаты: Мен бұл жұмысымның негізгі тақырыбын экологиялық тұрғыдан қарап, көбінесе Ертіс өзенін ластаушы көздерге тоқталуға тырыстым.
Қойылған мақсатқа жету әдіс - тәсілдері: Жұмысты бастамас бұрын Ертіс өзені жайлы жазылған еңбектерді, яғни әр - алуан кітаптар мен энциклопедияларды қарастырып, жұмысымның негізгі тақырыбына арқау бола алатын материалдар жинастырдым. Жетекшіммен бірге жыл мезгілдеріне байланысты өзен температурасын өлшеп, судың жылдамдығын, ағындық мөлшерін анықтап отырдық. « Семей водоканал» зертханасында болып, судың құрамын, сапасын анықтадық. .....
Ғылыми жобалар
Толық

География | География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі

КІРІСПЕ
Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдайдың күн сайын қиындап бара жатқанын көрсетіп отыр.
Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында басты орын алады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді: біріншіден, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру; екіншіден, тұлғаның дүниеге деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу; үшіншіден, экологиялық мәдениетті дамыту; төртіншіден, қоршаған ортаны қорғауда белсенді бағытты ұстау және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.
Экологиялық білім мен тәрбие беру тәжірибелік табиғат қорғау ісінсіз жүзеге аспайтындығы белгілі. Соған байланысты дәстүрлі емес білім алудың жаңа бір түрі: оқу экологиялық соқпақ білім беру жүйесіне енді. Ол адамдардың демалыс уақытындағы табиғат туралы білім мен тәрбие алу мүмкіншілігін тудырады.
Оқу экологиялық соқпақта экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісінің ерекшелігі дидактикалық тұрғыда үйрету ғана емес, оқушының еркін түрде ақпаратты қабылдауды, табиғи ортада жүріс-тұрыс ережесін сақтауды негіздейді. Бүның бәрі оқу экологиялық соқпақта демалу және танып білу кезінде органикалық үйлесімділікпен іске асады. Табиғат соқпағында экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері шешілуімен қатар олардың дұрыс ұйымдастырылуы табиғатты қорғау шараларына жәрдемдеседі. Оқу экологиялық соқпақ демалушылар ағынын реттеуге, табиғатқа зиянын келтірмейтін қауіпсіз бағыттарды меңгеруге себебін тигізеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақ белгіленген аймақтағы табиғат қорғау ережесінің сақталуына мүмкіндік береді. Соның арқасында келушілерге бақылау жасауды және экологиялық соқпақ орындалуын жеңілдетеді.
Оқу экологиялық соқпақ экологиялық білім мен тәрбие беруге, келушілердің демалу мүмкіншілігін арттыруға, белгілі бір аймақта таби-ғатты сақтауға, т.б. мәселелерді шешуге бағытталған. Дәстүрлі түрде оқу экологиялық соқпақтар қорықтарының, ұлттық табиғат бақтардың ландшафтық қорықшаларымен жанаса жатқан аралық (буферлік) аймағында өтеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақтың салынуына орман бақтары, демалыс белдемдері, қаланың жасыл желек аймақтары, өндірістік қолданысы бар ормандар, ормансыз алқаптар (дала, жартылай шөлейт) жарай береді. Соңғы жылдары мектеп, лагерлер төңірегінде оқушылар өз күштерімен де оқу табиғи соқпақтарын ұйымдастыруда. Бұл үрдістің өзі оқушыларға табиғат-анаға деген мейірімділік, жанашырлық, тәрбиелік қасиеттерін қалыптастырады. Жастарға экологиялық білім мен тәрбие берудің дұрыс уйымдастырылуы табиғатқа деген көзқарасын өзгертеді, яғни табиғат-анаға саналы түрде қарым-қатынас жасайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Кіші Азия түбегін рекреациялық пайдаланудың географиялық мәселелері

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Азия елдерінің ішінде Түркия экономикасы біршама жоғары деңгейде дамыған ел болып табылады. Оның географиялық орны, табиғатының басты ерекшеліктері, тарихи-географиялық жағдайы, шаруашылығының салалық құрылымының өзгешелігі, халықаралық маманданған қызмет көрсету салаларының қазіргі жағдайына сипаттама жасай отырып, тәуелсіздік жылдарындағы басты даму бағыттарына сараптама жасалынды. География мен экономика ғылымдарын ұштастыра отырып, Кіші Азия түбегінің қазіргі таңда туристік-рекреациялық жағынан дамуының бағыттарын қарастыру және Қазақстандағы туризм саласын дамытуға Түркия тәжірибесін пайдалануды талдау зерттеу жұмысының өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі дерек көздерін талдау негізінде Кіші Азияның қазіргі заманғы әлеуметтік-географиялық даму бағыттарын анықтап, аймақ дамуының тәжірибесін Қазақстан жағдайында пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.
Диплом жұмысының мақсаты алдыға қойған келесі міндеттерді шешуді көздейді:
• Кіші Азия түбегінің физикалық-географиялық жағдайына талдау жасау мен табиғи ресурстарына баға беру; ерекше қорғауға алынған ұлттық саябақтардың аймақ табиғатының тепе-теңдігін, табиғат эталонын сақтаудағы маңызын қарастыру;
• Кіші Азия түбегі қалаларының әлеуметтік-географиялық даму бағыттарына сипаттама беру; аймақтағы туристік-рекреациялық ресурстарының халықаралық маңызын анықтау.
Диплом жұмысының нысаны ретінде Кіші Азия түбегі және оның рекреациялық бағытта игерілуі алынды.
Ғылыми зерттеудың жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысында Кіші Азия түбегінің физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық ерекшеліктері мен туристік-рекреациялық мүмкіндіктері айқындалып, қазақ тілінде жазылды. Шаруашылық салаларының әрқайсысына талдау жасалып, бүгінгі күнгі экономикалық көрсеткіштері ұсынылды. Қазақстанда түрік тәжірибесін пайдалану зерделенді. Сонымен қатар даму жобалары енгізіліп, оларды саралау бойынша дамудың жаңа бағыттары ұсынылған.
Диплом жұмысының қолданбалы мәні. Зерттеу нәтижелерін 7, 10, 11 сыныптардың география сабағында, жоғарғы оқу орындарында «Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы», «Қызмет көрсету географиясы», «Тұрғындар географиясы», «Рекреациялық география» сабақтарында қосымша дерек көзі ретінде пайдалануға болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | ҚР-ның ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде әлемдік экономикалық интеграция барлық елдерді қамтып отырғанда аймақтағы елдер арасындағы өзара байланысты дамыту барынша маңызды болып саналады. Еліміз ашық нарықтық ұстанымды қолға алған аз уақыт ішінде Орталық Азия аймағында, ТМД елдері арасында қара озып алға шығып келеді. Еліміздің осы жетістіктерінің себебі оның жан жақтылы әлеуетінде болып отыр. Жұмыста аталмыш әлеуеттері жан жақтылы ортаға салынып талдау жасалады, сол арқылы еліміздің жеткен жетістіктеріне құр сөзбен емес нақтылы ғылыми деректер мен дәйектер негізінде талдау жасалып дәлелденеді.
Еліміз болашағының тіпті де баянды боларына, өркениетті елдер санатына, Ел басы айтқан дамыған елу елдің қатарына қосылуға толық мүмкіндігі бар екендігі бүгінгі және таяу болашақта қолға алынуға жоспарланған келелі жұмыстар арқылы ғылыми тұрғыда тиянақталады.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу.
Жұмыстың міндеті: Көздеген мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының шаруашылығының дамуына қажетті мүмкіндіктеріне экономикалық географиялық тұрғыда сипаттама берілді, Қазақстанның нарықтық экономикасының даму барысы мен даму мәселелеріне талдау жасалды, болашақтағы даму мүмкіндіктері ең басты салалар болып табылатын ғылым білім саласы, денсаулық сақтау саласы, ғарыштық өнеркәсіп саласы және бүгінгі экономиканың тірегі саналған мұнай өнеркәсібі саласы бойынша қарастырылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері

Кіріспе
Әлемдік экономикада отын энергетика кешенінің рөлі айрықша маңызды. Мұнай және мұнай өнімдері шаруашылықтың барлық дерлік салаларында қолданылады. Кез-келген экономикасы дамыған мемлекеттің өзінің шаруашылықта қандай салалардың басым екендігін көрсетеді. Біздің еліміз үшін мұнай өндіру және ауыл шаруашылық салалар экспорттық табыстардың басым бөлігін қамтамасыз етеді. Қазақстанда шетел инвестициясын тартымды ететін салалардың бірі мұнай индустриясы. Бүгінде мұнай өнеркәсібі республикаға валюталық түсімнің 30 пайызын береді.
Диплом тақырыбының маңыздылығы, көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік мұнай нарығына шығуы мұнай нарығын дамытудың негізгі бағыт – бағдарын мұнай экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың негізгі шарттарын, мұнай саласын қаржыландыру мен инвестициялау мәселелеріне елдің қатысуының саяси және экономикалық салдарының зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін тудырады.
Осыған байланысты Қазақстанның мұнай – газ кен орындарына «Қазақстан – 2030» стратегиялық мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанның дамуын және оның әлеуметтік – экономикалық дамуы деңгейі жоғары елдердің қатарына енуін қамтамасыз ететін басымдықты салалардың бірі ретінде анықталған. «Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану біздің еліміз үшін негізгі басым мақсаттарға жетудің бірі». Жаңа мыңжылдықта Қазақстан ұзақ мерзімді келешекте экономикалық өсімнің негізгі көзі ретінде мұнай өнеркәсібіне ерекше көңіл бөліп отыр.
Диплом жұмысының өзектілігі – Қазақстан экономикасын дамыту бағдарламасын талдау отын энергетика кешенін дамытудың жыл сайын анықталатын басымдықты бағыттардың тізімдемесінде мұнайдың ішкі және сыртқы құбырлары құрылысы, көмірсутек шикізатын өңдеу, әрекет етуші мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар мұнай – газ саласында ресурсты жоғарлатудың маңызды бағыты көмірсутек шикізатын өндіру, өңдеудің прогрессивті технологиялық процестерін енгізу мен ресурс үнемдеуші және экологиялық факторларды ескере отырып өндірістік циклдік элементтерін бағалау керек.
Дипломдық жұмыстың мақсат, міндеттері – Қазақстан Республикасының мұнай – газ саласының қазіргі заманғы жағдайына толық сипаттама беру, сол арқылы мұнай – газ саласын дамыту бағыттарын анықтау. Республиканың экономикалық мүддесін қамтамасыз ету және Ресейден экономикалық тәуелділікті төмендету үшін қолданылып отырған мұнай құбырларын нығайту, жаңғырту, қайта және жаңа құбырлар құрылысы талап етіледі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛДЕРІ

КІРІСПЕ
Қазақстанның кең-байтақ аумагында көлдер көп. Мұнда ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлідерден басқа, көбі (94%) - көлемі 1 км2-ден кем шагын көлдер. Көлдердің барлығы демек - ағынсыз 1 тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 км2-ден астам 21 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын альш жатыр. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке карай кемиді. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда 21580 көл бар (еліміздегі көлдің 45%-ы). Ал Орталық және Оңтүстік Қазакстан аумағында 17550 көл (36%) кездеседі. Алып жатқан ауданы жағынан солтүстік көлдерінің үлесі бүкіл көлдердің 35%-ын, ал орталық және оңтүстік көлдерінің үлесі 10%-н кұрайды.....
Курстық жұмыстар
Толық