Экономика | Каспий маңы аймағы антропогендік геожүйелер

Адам мен табиғат арасындағы өзара әрекет әр уақытта да күрделі бір ғылыми проблема болып қала бермек. Адам іс-әрекеті техникалық прогрестің артуына байланысты соңғы кезде ландшафтының әсер етуші күшті факторлардың қатарына қосылуда.
Антропогендік процестердің қарқыны да, аумағы да күн сайын артып келеді. Қазір жер бетінде адам әрекетінің тікелей және жанама әсерлері тимеген бірде-бір ландшафт жоқ. Көптеген ландшафт адам әрекетінің нәтижесінде табиғи қалпын өзгертіп, антропогенді ландшафтының тобын құрыстыруда.
Антропогендік фактор нәтижесінде жаңа сипатқа ие болатын ландшафттың құрамдас бөліктерінің тұрақтануы ортаның экологиялық жағдайымен үйлесім тапқанда ғана байқалады. Олардың құрамдас бөліктер тізбегінен орын алуы тарихи жағдайлармен ландшафтының өздігінен даму ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Анторопогендік фактордың тікелей әрекеті көбіне ландшафтының морфологиялық құрылымдық бөліктерінің өзгерісінде тез байқалады. Ондай құбылыстар мен процестерге жер бетінің жыралануын, топырақ жамылғысының шайылуын, құм шағылдардың көшпелі құм жондарына айналуын, тағы басқаларды жатқызуға болады. [1]
Жанама әсер ететін адам әрекеті негізінен ландшафттың құрамдас бөліктерінің өзара байланыстарын бұзады. Олар алғашқыда көзге көрінбейтін табиғат құбылыстарын қоздырады да, ұзақ уақыттардан кейін ғана нәтиже береді. Көпшілік жағдайда ландшафтының қалпына келмейтін өзгерісін тудырады. Ф.Энгельс «Табиғат диалектикасы» еңбегінде: «Месопотамияда, Грецияда, Кіші Азияда және басқа жерлерде, егістік жер таппақ болған адамдар орман ағаштарын түп-тамырымен қопара қазғанда, осы арқылы өздерінің бұл елдерді ормандарымен бірге ылғалды жиып, сақтайтын орталықтарынан айырғаны, бұл елдердің қазіргі тып-типыл қалыпқа түсуін бастап бергені түстеріне де кірген жоқ», - деп жазған. Кітапта: «Альпілік итальяндар таудың теріскей беткейінде мұқият сақталып күтілетін қылқанды ағаштарды кесіп тастағанда, олар осы арқылы өз аймағында биік тау баурайларындағы мал шаруашылғының тамырына балта шабамыз, деп ойлаған жақ, олардың мұнан да бетер бір болжай алмаған нәрсесі-олар осы арқылы өздерінің таудан шығатын бұлақтарын жыл ішінде көп уақыт бойы сусыз қалдырды», - деп адам әрекеті мен табиғат құбылыстарының бір-біріне өтулері арқылы әсер ететінін өте нанымды тұжырымдады.[4] ....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Гендік инженерия және биоқауіпсіздік

Гендік инженерия - молекулалық және клеткалық генетиканың қолданбалы саласы. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады.
Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру. Бұған рестриктаза мен лигаза ферменттерінің ашылуы мүмкіндік туғызады. Рестриктазалар ДНҚ молекуласын белгілі жерлерден жеке үзінділерге қиып бөлшектейтін ыдыратушы фермент. Қазір ДНҚ молекуласын бір-бірінен өзгеше 120 жерінен үзетін 500-ден астам рестриктазалар анықталған. Алынған полинуклеотид бөлшектерінінің комплементарлық немесе жабысқыш ұштарны ДНҚ лигазасы – бір-біріне желімдеп реттеп жалғасытырып қосады. Осы ферменттердің көмегімен бір ДНҚ молекуласынан қажетті ген бөлініп алынып, басқа ДНҚ молекуласын үзінділерімен құрастырылып рекомбинанттық, яғни жаңа будан ДНҚ жасалады.
Биологиялық қауіпсіздік – адамзаттың ең басты міндеттерінің бірі.
1975 жылы биоқауіпсіздік туралы Халықаралық конференцияда (Асиломар, Колифорния) рекомбинантты ДНҚ молекуласы экспериментінің негізгі қағидасы қабылданды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Техногендік факторлардың өсімдіктегі биомассаның жинақталуына әсері

Алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды [1].
Қазіргі кездегі дүние жүзі ғалымдарының басты мәселелердің бірі-пестицидтерден кейін ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы тек табиғи жағдайда ғана емес, сонымен қатар антропогенді жолмен де қарқынды түрде жүзеге асуда. Олардың қатарына өндіріс қалдықтары, тау-кен өндірісі, транспорт, түсті және қара металл өндіру, құрамында ауыр металдар кездесетін тыңайтқыштарды ретсіз пайдалану, жылу-электр орталықтары (ЖЭО) немесе жалпы урбанизацияны жатқызуға болады.
Овчаренко М. М. (1995) мәліметтері бойынша жоғарыда келтірілген түсті металл балқыту заводтардан әр жыл сайын қоршаған ортаға - 154650 т. мыс, 121500 т. мырыш, 89000 т. қорғасын, 12000 т. никель, 765 т. кобальт, 1500 т. молибден, 30,5 т. сынап, ал көмір және мұнай өнімдерін жағудан 1600 т. сынап, 3600 т. қорғасын, 2100 т. мыс, 700 т. мырыш, 3700 т. никель және автотранспорт газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді [2], ал Новосибирскідегі Қоршаған ортаны қорғау комитетінің анықтауы бойынша ауаның ластануының 70 %-дан көбі автотранспорттан болса, 11 %-дайы ЖЭО үлесіне тиеді [3]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | МИРКАРДТЫҢ КОРОНАРОГЕНДІК ДИСТРОФИЯСЫ НЕМЕСЕ НЕКРОЗЫ

Коронарлық артериялары арқылы қанмен дұрыс қамтамасыз етілмеуі нәтижесінде жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)дамиды,Ол жүрек қызметінің бұзылуымен және жүректің ұстамалы ауыру синдромымен(стенокардиямен)сипатталады.Бұл аурудың 95%жағдайында негізгі себебі болып атеросклерозбен бүлінген коронарлық артериялардың саңылауының тарылуы есептеледі.Екінші бір себебі болып,коронарлық артериялардың нервтік-рефлекстік қатты жиырылу(спазмы)саналады.Артериялардың спазмы жан-дүниелік күйзелістердің нәтижесінде немесе ішкі ағзалардың (өт қабынан асқазаннан,көкет жарықтарынан,омыртқа аралық табақшаларынан,шеткі нервтерінен т,б) түсетін серпіндерге рефлекстік түрлерде даму мүмкін.Сонымен бірге .....
Рефераттар
Толық

Мэрилин Монроның бетін күніне 15 рет жуғанын білесіз бе?

Атақты жұлдыздардың сұлулық құпиясы әр түрлі болады. Солардың ішіндегі ең ерекшесі Мэрилин Монроға тән болар. Қандай ерекшелігі бар екенін өзіңіз оқып көріңіз.

1. Мэрилин бетін күніне 15 рет жуған.

2. Ол терінің балғындығы мен әдемілігін сақтап қалады деп сенгендіктен, үйде болған....
kz
Толық