ӘЛИХАНОВ Төреғали Төреәлі (видео)

Төреғали Төреәліұлы - 1992 жылы 14 қазанда Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжін актер мамандығы бойынша тәмамдаған (2009—2011). Бірнеше студенттер айтысының жеңімпазы, Республикалық айтыстардың жүлдегері.
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қазақ тойындағы ойналатын ойындар (видео)

Санамақ ойыны

Көпшілік қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтып шығу керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атау керек.
kz
Толық

Мақта қыз бен мысық (видео)

Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз:
– Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
– Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
– Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта қыз:
– Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың.....
Ертегілер
Толық