Пән: Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашақтағы компьютердің құрылғысы (ортақ тақырып «Болашаққа саяхат) Сабақтың тақырыбы: Видеоларды құру Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 4.3.1.1 ақпаратты іздеу (компьютердегі файлдар мен бумаларды, құжаттағы мәтіннің үзіндісі); 4.3.1.2 браузер құралдарын қолдану (бетбелгілер орнату, жүктеулерді және тарихын қарау) Сабақ мақсаттары: • болашақтағы компьютердің құрылғысы туралы интернеттегі және компьютердегі фотосуреттерді іздеу; • фотосуреттерді біріктіріп видео жасау;....
1. Youtube видеохостингінің негізін салушылар (Steve Chen, Chad Hurley, Jawed Karim) өз жобасын бастар алдында Paypal компаниясында жұмыс істеген. 2. Youtube домені 2005 жылы 15 ақпанда тіркелген. 3. Youtube-қа тіркелгендердің 70 пайызы АҚШ азаматтары, ал 50 пайызы жасы жиырмаға толмағандар. 4. Егер Youtube Голливуд кинокомпаниясы болғанда оның аптасына 60 мың жаңа фильм шығаруға материалы жетер еді. 5. Егер Youtube-қа соңғы екі ай көлемінде салынған видеоларды дайындау үшін оларды NBC, ABC, CBS (АҚШ) телеарналарына берсе, 1948 жылдан бастап демалыссыз жұмыс істеулеріне тура келер еді. 6. Youtube-тің қазіргі интернет трафигі 2000 жылғы бүкіләлемдік интернет трафигімен бірдей. 7. Youtube видеохостингіндегі барлық....