Қадыр Мырза Али (Кәрі бұлбұл)

Бұл тірлікте махаббат пен от егіз.
Бірақ оны түсінбей ғой өтеміз.
Алпысында,
Жетпісінің өзінде
Әлденеше ғашық болған Гетеңіз.
Бұл арулар кімге де бас игізген.
Тап осындай табылар ма күй бізден! .....
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Бұлбұлмен бірге оянған)

Шаштарына сәуле түскен күмістен,
Әділетті жақтағанда — үні үстем.
Мүмкін оның, бірнеше күн үй көрмей
Жүруі де қызметпен, жұмыспен.
Ол өмірден талай жұмбақ сырды ұқты,
Сақтамайды көңіліне кір, дақты.
Кім болсаң да, жүрегіңе зер салып,
Кім болсаң да, бетке айтады шындықты.......
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Бұлбұл мен көкек)

[quote]Саяда бұлбұл тұрса сайрап әнге,
Ұйытып жан-жануар күллі әлемге,
«Көк - көк» деп таста отырған тау көкегі,
Мақтанды ұялмастан жалғыз әнге.
К ө к е к:
Ау, бұлбұл, көрінсеңші, үнің өшкір,
Дүниеден жасырынып күнің өткір!
Күн-түні көз ілмейсің қақсап босқа,
Гүл құсап үш күн жайнап мүрдем кеткір!
Б ұ л б ұ л:
Мақтаншақ, тәкаппарсың, көкек есер,
Қарғысың маған айтқан тасты тесер,
Әуелеп аспанға айтқан жалғыз әнді,
Шақырып өз атыңды жүрсің бекер.......[quote]
Өлеңдер
Толық

Бұлбұл жарқанат және қарақұрт

Бұрынғы өткен заманда гүл-бәйшешегі жайқалған жалпақ бір аңғарда таңдайынан күй төгілген әнші бұлбұл болыпты. Өз тұқымының ішінде одан асқан әнші болмапты. Жалпақ аңғардағы орманды аралап, ағаштан-ағашқа қонып, күні-түні тыным таппай, сайрайды да жүреді екен. Мүлгіген тауды, қалғыған орманды, шық оранып, балбыраған гүлді әсем әнімен тербетіпті. Таң арайын, күн шұғыласын сұлу әнімен қарсы алады екен.......
Ертегілер
Толық

Бұлбұл

Қытайда императордың өзі де, оның қарауындағы халық та қытайлық болатынын өзің білесің ғой. Бұл оқиға баяғыда болған, сондықтан да ұмытылмай тұрып, саған айтып берейін!

Дүниенің төрт бұрышында император сарайымен сұлулыққа таласатын ешбір сарай болмаса керек: ол өте жұқа, аса бағалы фарфордан салынған, нәзіктігі сонша, тіпті саусағыңмен түртіп қалсаң быт-шыт боп сынып түсе ме – деп қорқасың.......
Ертегілер
Толық

Қазақ әдебиеті |Шаншар Бұлбұлұлы

Шаншар Бұлбұлұлы(16-17 ғ.), қоғам қайраткері. Өз заманында қазақ хандығының нығаюына, ұлттың бірлігіне өлшеусіз қызмет еткен тұлға «Шаншар абыз» атанған. Ол Арғын тайпасының «бес Мейрам» тобына жататын Қаракесек руынан тарайды. Шежіреде оның ата-тегі төмендегі ретпен тарайды: Қаракесек — Ақша — Бошан — Таз — Бұлбұл — Шаншар. Шаншар — қазақ тарихында жарқын із қалдырған тұлғалар — Келдібек, Бертіс, Қаз дауысты Қазыбек, Бекболат, Алшынбай, Еспенбет тәрізді билер мен бектердін, Тәттімбет, Мәди, Айтбай, Балта, Ғаббас тәрізді өнерпаздардың түп атасы. Бұл жайлы Ш. Уәлихановтың, А. Құнанбаевтың, Ш. Құдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М.Әуезовтің, С. Мұқановтың т. б. шығармаларында жазылған. Есім және Жәңгір хандар билік құрған 17 ғасырдың алғашқы жартысында Орта жүздің төбе биі болған Шаншар. Қазақ хандығының .....
Рефераттар
Толық