Күләш Ахметова (Түбі бір түрік)

Аллаға сеніп, құдіретіне сыйынып,
Әзіз бауырлар, оралдыңдар ма жиылып?!
Ата жұрт — осы.
Арада — мың жыл көрмеген,
Тізе бүгіңдер, киелі топыраққа иіліп.
Көп заман бөлігі, көп жасқа толды көздерім,
Көздерім менің көздерін көрді өзгенің.........
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Мен бір бақыт іздеп жүрмін достарым)

Мен бір бақыт іздеп жүрмін, достарым,
Ұқсамайтын бақытына басқаның.
Жұлдыздардай жарық әрі биік тым,
Сол бақытты іздеп жүріп жиі ұқтым:
Ортақ болу керек оған Отаным,
Бауырларым, сәбилерім, сүйіктім.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Бұлбұлмен бірге оянған)

Шаштарына сәуле түскен күмістен,
Әділетті жақтағанда — үні үстем.
Мүмкін оның, бірнеше күн үй көрмей
Жүруі де қызметпен, жұмыспен.
Ол өмірден талай жұмбақ сырды ұқты,
Сақтамайды көңіліне кір, дақты.
Кім болсаң да, жүрегіңе зер салып,
Кім болсаң да, бетке айтады шындықты.......
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Жамбылды бірінші көргенім)

[quote]Бірінші аттанғанда алыс жолға,
Алыппын жұлдызымды сәтті оңға.
Еркебай ертіп барып қырғыз жаққа,
Босатқан боз торғайды түскен торға.
Кедейлер көшіп жүрген зар заманда,
Өрісі ақындардың тар заманда,
Сұлудың күппен кезіп жасыратын
Бай-манап, би-болыстар бар заманда,
Сол тойға ат жетер жер бәрі барған,
Тай ақын, тарлан боздай кәрі барған.......[quote]
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Бір жыл)

Бір жыл бұрын көсемім,
Бейне тасқан дария,
Ой өзенін ағытып
Сөйлегенде жария —
Тыңдағанбыз миллион жұрт,
Басы боп мендей қария. .....
Өлеңдер
Толық

Мағжан Жұмабаев (Бір күні)

Бір күні, ерте оянып, жаттым ойлап
Көп шыбын өрмелеген уық бойлап
Ұшқан боп жақындасып бір-біріне
Тайдырып, орнын қозғап, түртіп ойнап....
Өлеңдер
Толық