Жұмағали Саин (Екі жалын бір жүректе маздаған)

Кешіктің сен,
Келмедің сен, зарықтым.
Шыдар деген үмітіңді жаңа ұқтым.
Күт демедің,
Мезгілінде таппадың!
Төрде тұрды,
Орныңды көп сақтадым...
Енді келіп өз қолыңды ұсындың,
Өкініш жоқ...
Жан сырыңа түсіндім.
Кешір мені!
Жұбайым бар қасымда,
Саған жер жоқ біздің оттың басында.
Сен кетерсің,
Маған теріс қарарсың!
Жүзі суық жат адамға санарсың.
Қалар менің дастаным боп жазбаған
Екі жалын бір жүректе маздаған.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Бір түнде)

Колхозды ауыл бұлтсыз таза күн батқан
Мезгіл еді ұйқысына ел жатқан.
Келі жатты жігіт пен қыз қыдырып,
Қалған білем оңашалау кідіріп...
Ауыл сыртын бұлар кезіп келеді,
Қыз тыңдайды, жігіт сөйлеп береді...
Күліседі, әзілменен қағады,
Екеуіне не айтса да жағады...
Бұлар міне бір бақшаға бұрылды,
Әне отырды, тағы неге кідірді?...
Сезім жеңді, отты қ ұшақ ашылды,
Ыстық беттер бір-біріне басылды........
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Бір ақынға)

Екінші түрі

Сыртың сенің жылтырар, ішің мұздап,
Сөз айтасың әркімге сен жалғыздап,
Бітеу жара секілді тырыс - тырыс етіп,
Жұмбақ денең тұрады әр күн сыздап.
Өз бөркін қолыңа өзің алып —
Көтересің қоям деп бұлтқа апарып,
Бос бөшкедей жел үрген даурығасың,
Жын қақ қандай жүресің жалаң қағып.
Кейде тұман, сағымдай, кейде мұнар,
Секілді булы булау шақтарың бар.
Сайқалдықпен безейсің тіл - жағыңды,
Бір жансың атақ құмар нәпсі құмар........
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Біреуге)

Көлденеңдеп әр жерден кез келесің,
Сұм ниетпен күнде қырық өзгересің.
Өзің алтын секілді жарқ-жұрқ еткен

Адам алмас өзгені жез кересің.
Тұңғиық ой түбіне бір бармаған.
Өз анаңды сұмдықпен күнде арбаған...
Ішің жауыз... Қап-қара жан жүресің,
Ит екенсің, ежелден ел қарғаған......
Өлеңдер
Толық

Декреттегі әйелдерге құлаққағыс

Декрет - бала бағу үшін мемлекет тарапынан әйел адамына берілетін заңды демалыс. Декретке ер адамға да шығуға болады. Бірақ бұл біздің елде сирек кездесетін құбылыс. Әйел үшін декрет - өміріндегі ең жауапты, шыдамдылықты, жинақылықты қажет ететін қиын кезең. 24 сағат үйде отыру, ешкіммен бұрынғыдай етене араласпау, үй шаруасынан көз ашпау жүйкені біраз жұқартады. Ғалымдар еркектің әйел энергиясынан қуат алатындығын дәлелдеген...
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

"Әркім өзінің бұзылғанына қарай бағамдар": Дина Төлепберген тағы бір "жалаңаш" суретін жариялап елді таңғалдырды

Қазақстандық тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген тағы да сын астында қалды. Бұған дейін көпшілікпен бірге жастықпен денесін жапқан суретін желіге жүктеген әнші бұл жолы купальникпен түскен суретін жариялады.

"Менің жастықпен түскен суретім соңғы үш күн бойы құдды вирус секілді кеңінен тарап кетіпті. Тіпті ресми бұқаралық ақпарат құралдарының сайттарына шығып, көптің көзайымы болып отырмын. Жұлдызды сәтім осы болады деп кім ойлапты?

Менің түсінбей отырғаным, «Дина тыр жалаңаш» деп жазасыздар. Неге? Қай жерім көрініп қалыпты? Әлде сол бір суретті түсірерде жанымда болып, мені өз көзіңізбен көрдіңіз бе? Иә, әркімде бар бір қиял, ал қиялды кім тияр?!
Жаңалықтар
Толық

Қазақстанда 4 мамырдан бастап аймақтарға бірқатар рейстер қайта ұша бастайды

4 мамырдан бастап Қазақстанда бірқатар рейстер қалпына келеді. Мұндай шешім бүгін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық