Тәуелсіздік... Осы сөзде қаншама мән, шаттық, бақыт жатыр десеңізші! Осы бір ғана сөз елдің тыныштығын,азаттығын, бостандығын, ынтымағын білдіреді. Осы тәуелсіздікке жету үшін қанша аға-апаларымыз тер төккен. Міне, сол бір ғана сөздің арқасында алтын күн аспанымызда нұрын шашып тұр. Біздің ел – азат ел! Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тұғырға байлаған асқақ ел. Осы жиырма жыл ішінде талай жетістікке, талай күйініш-сүйінішке бөленіп, талай өрлеудің жолында келе жатырмыз. Еліміздің кірпішін қалаған Елбасымыз бар. ......
Кіші жастан бастап-ақ біз Қазақстан Отанымыздың қадірін арттыруға үлкен үлес қосуымыз керек. Елімізді биік шындарға жетелуін әрбір азаматтың абыройы деп саналады. Бойында намысы бар патриот адам - ең бірінші кезекке өзінің елінің гүлденуіне үлкен үміт етіп қалауда. Әр күн сайын бір ғажап тосудамыз. Әр күн тылсым жұмыстамыз. Тек отбасы арасында ғана тыныштық таба алатындай сияқтымыз. Бұл рахат қой, үйде тосқан адам болғанда! Өзін ғана емес, қоршаған адамдардың жарығын отындай жандырасын. Оты жанбаған жансыздар да бар. Олар дүниедегі тылсым ағыстағы ағаш жапырағы. Әлі қурап кететінін білмейтін бір ағза. Олай болса да, үлкен дүниенің бөлшегі ғой! Соңына дейін ағаш бұтағындағы салбырап жүрген жапырақ,......
Мақсаты: Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету, балалардың сөздік қорын, тілін, ой - өрісін кеңейтіп дамытумен бірге оларды отансүйгіштікке, бауырмалдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Барысы: Жүргізуші: Айналайын, балалар, Сендерде ой, сана бар. Өздеріңнен өседі, Өнершілер, даналар. Өсті, міне, бойларың,.....
Мақсаты: Балалардың білімді, жан - жақты болуға үйрету. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар; Сұрақтар жинағы, нақыл сөздер, сигналдық белгілер. Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, жарқын болашаққа нық қадам басқан жас бүлдіршіндер. Зерделі де, білімді мектепалды даярлық сыныбы бүлдіршіндерінің «Білімді біздер - баламыз» танымдық сайысына қош келдіңіздер! Үш қасиет кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім адамның шын мағынасындағы білімді болуына аса қажет. Қазір жан - жақты білімдерімен өз өнерлерін сарапқа салатын, сайысқа қатысатын биік талапты топпен таныс болыңыздар. Жүргізуші: Оң жақтағы «Ботақан» тобы, ал сол жақта «Балапан» тобы......
Бала негізгі өнегені ең алдымен отбасында ата - анасынан алады. Әркім өзінің баласын жаман болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді болғанын қалайды әрі еңбексүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді. Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын – ата - ана. Бала тәрбиесі – бесіктен басталады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн. Баламызды мектеп жанынан ашылған шағын орталық тобына жіберіп, тәрбие, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы шағын орталық тобына берген соң ата - ана тәрбиешімен тығыз байланыста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан - жақты білімді болуына көп байланысты. Кейбір ата - аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтаулатып, баласының тәрбиесіне 30 минут та көңіл бөлмейді, тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бірде бір әрекетін ата - ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап, білмегенін айтып, түсіндіріп, үйретіп отыруы керек. Сонда ғана көп жетістіктерге қол жеткізеді......
Сабақтың мақсаты: Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту. Қол жуу мен тіс тазалау туралы түсініктерін кеңейту. Білімділігі: Балаларды ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптастыру. Тіс туралы түсініктерін кеңейту, тістің ауыртқан жолдарымен таныстыру. Дамытушылығы: Сабақ барысында сөздік қорын байыту, ой қабілеттерін дамыту. Өз беттерімен және бірігіп жұмыс істеуге қарым - қатынастарын қалыптастыру. Тәрбиешілігі: Тісті күніне екі рет жуу. Таңертең, кешке. Әр адамның жеке тіс щеткасы болу қажет. Түрі: Ашық сабақ. Типі: Дамыта оқыту. Тәй - тәй бағдарламасы. Қолданылған әдіс - тәсіл: ойын, сөздік, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, сызба арқылы. Көрнекіліктер: суреттер, слайд, ғажайып кезең, дәрумендер, дидактикалық ойын. Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері Дос бол сабын, сумен сен, .....
Білімділігі: Балаларға құстар туралы әңгімелеу. Құстардың көктемгі тіршілігі, Табиғатқа келтіретін пайдасы туралы кеңінен түсінік беру. Дамытушылығы: Құстарға қамқорлық жасауға деген көзқарасын кеңейту. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: Құстарға қамқорлық жасауға баулу, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, слаидтар көрсету, түсіндіру, ойындар, құстар туралы өлең тақпақтар Көрнекіліктер: Құстар суреттері, ақкөгершіндер, адам алақаны, ағаштар, инт тақта Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, математика Сергіту сәті «Торғай, торғай» «Ақ көгершін»
Ұйымдастыру: Қонақтармен амандасу Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой Ал қанеки бәріміз Сәлем дейік үлкенге Достарымен амандасу Қайырлы таң достым Ісің сәтке толсын Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын Ынталандыру сезімдерін ояту Көңіл күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынсыңдар ма? Сұрақтар қою Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Қай ай? Ал табиғатта қандай өзгерістер болды? Нелер бүршік атып жапырақ жая бастады? Көп ағаштар қайда өседі? Ағаштардың адамдар үшін қандай пайдасы бар? Инт. тақтамен жұмыс .....
Мақсаты: Балалардың даярлықта алған білімдерін тексеру, қорытындылау. Міндеттері: 1. Балалардың білімдерін пысықтау, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру. 2. Сөздік қоры мен тіл байлықтарын дамыту. 3. Үлкендерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: шар, гүлдер, мерекелік жазулар. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Жүргізушілер сахнаға шығады. 1 - ші жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, қадірлі қонақтар, құрметті мұғалімдер бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді даярлықпен қоштастырғалы отырмыз. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын. 2 - ші жүргізуші: Өтті қызық көп күндер.....
Мақсаты: Дене шынықтыру жаттығуларына деген ызығушылықтарын дамыту. Технология: «Тәй-тәй» технологиясы Қажетті құралдар: Доп, қапшық, резенке есектер, арқан. Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Балалар: Сәлеметсіз бе? Жүргізуші: Балалар, сендердің естеріңде ме, ең алғаш балабақша табалдырығын аттағанда кіпкішкентай едіңдер. Ал, қазір сендер өсіп, денелеріңді шынықтырдыңдар, жылдамдыққа, шапшандыққа, шыдамдылыққа үйрендіңдер. Ендеше бүгінгі сабағымызға өзіміздің қандай мықты, алғыр, күшті екенімізді көрсетейік. Бірақ жарысты бастамас бұрын денемізді жаттықтырып алайық (балалар жаттығу жасап болған соң екі қатарға тұрады). Жүргізуші: Міне, денемізді жаттықтырып алдық, жарысқа дайынбыз ба? Балалар: Иә, дайынбыз. Командалардың сәлемдесуі. Бірінші команданың капитаны Матаев Архат, команданың аты "Жас ұлан". Біздің ұранымыз: Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Тал бесігім туған жер, Туған жердің ұрпағы, .....
Тақырыбы: "Біз көңілді балдырған! Балабақша әлемі". Мақсаты: Адамгершілік қағидаларына тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Технология: «Тәй-тәй» технологиясы Көрнекіліктер: Елбасының портреті , ҚР-ның рәміздері, "Балдаурен" балабақшасының суреті. Желім, ақ қағаз, сабаққа байланысты суреттер. Шаттық шеңбері: Аспанымыз ашық болсын! Еліміз тыныш болсын! Деніміз сау болсын! Достарымыз аман болсын! -Біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз? -Қазақстанда -Дұрыс айтасыңдар, кең байтақ, бай өлке Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. -Қандай рәміздерді білесіңдер? -Елтаңба, Әнұран, Ту. Күміс күннің астында, Желбірейді туымыз. Қазақ деген халықтың, Ұлы менен қызымыз. Көк байрағы-бабамның, Бүгінгі ұрпақ алауы. Тірегі - әке баланың, Қазақстан жалауы. -Балалар,біздің Қазақстанның елбасшысы кім? -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -Отанымыздың бас қаласы қалай аталады? -Астана .....