Қазақ елінің ел болу ұяты біздің мойнымызда


Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ елі. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дарқан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам аз Отаным жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Тәуелсіздіктің жарқын жиырма екінші таңын атырып, еңсені ел атандық. Кемеңгер көшбасшы – Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде алдымыздан шыққан сын сағаттардан сүрінбей өтіп, әлеммен санасатын дәрежеге жеттік. Тәуелсіз Қазақстан көп ұлтты, кең байтақ жері бар, жерінің асты – үсті толған байлыққа ие. Осынай алып та алуан түрлі ұлт, дін өкілдерінің басын бір шаңырақтың астында біріктіріп, оларды келешекке нық сеніммен бастай білу әрбір басшының тағдырына жазыла бермесі анық.

Экономикалық әл – ауқаты тұрақты, өзге елдермен иық тіресе алатын дәрежеге жетіп келе жатқан еліміздің жеңісі мен жемісі – әлем назарында.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халқына жолдаулары жемісті жетістіктерге қол жеткізудің алғышарттары еді десем қателеспеймін.

«XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін», - деп атап көрсеткен Елбасымыз «Қазақстан - 2050» стратегиясын Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын халыққа ұсынады. .....
Әңгімелер
Толық

Біздің директордың ең сұлу орынбасары


Болса екен ұстаздардың бәрі сіздей,
Жүресіз әрқашанда күліп күндей.
Аямайтын ақылын көпшіліктен,
Аяулы жан арамызда мәңгі жүргей!

Шуағын төгіп жайқалған гүл көктемге де қадам бастық. Сұлу да көркем көктем мезгілі жеткенде барша қыз-келіншектер де сұлуланып, ажарлана құлпырып шыға келеді.

Сұлулық дегеніміз не? Иә, біз көбінесе сұлулық деп сыртқы сұлулықты айтамыз. Десек те, тән сұлулығы уақыт өте келе көмескіленетіні жасырын емес. Ал жан сұлулығына келетін болсақ, ол - мәңгілік, оның берері де мол! «Сұлулық адамның жүзінде емес, жүрегінде болады деген мақал да тегін айтылмаған ғой.

«Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу–ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой - ұлы, ойландыра алған сұлулық - ұлы»- деп жазушы Ғ. Мүсірепов айтқандай, мен бүгін қаламымды қолыма алып, осындай ұлы қасиетті бойына дарытқан, жан дүниесінде мейірімділіктің, махаббаттың сұлулығы толып жатқан жан туралы сөз қозғамақпын. .....
Әңгімелер
Толық

Жұмағали Саин | Біздің заманның геройы


(Аударма. М. Ю. Лермонтовтан)

Барлық кітаптарда алғысөз әрі бірінші, әрі ең соңғы нәрсе; ол не кітаптың жазылу мақсатын түсіндіреді де, не дәлелдер айтып сынға жауап береді. Әдетте оқушылардың рухани жағында да, журналдардың сөккенінде де жұмыстары болмайды, сондықтан олар алғысөзді оқымайды да. Әсіресе бізде мұның былай болуы өте күйінішті. Біздің халқымыз сондай жас, сондай ақкөңіл ғой, мысалдың аяғынан ақыл айтқан сәуегейлікті таппаса оны ұға алмайды. Олар қалжыңды түсінбейді, мысқылды сезбейді; олар асылында қисық тәрбиеленген. Олар осы күнгі білімпаздық бұрынғыдан гөрі өткір және көзге түсе қоймайтын, мақтау пердесін жамылып отырып, қарсыласуға мұршасын келтірмей тура соғатын құрал тапқанын, сондықтан тәуір орта мен тәуір кітапта балағатқа орын болмайтынын әлі білмейді. Біздің халық біріне-бірі қарсы екі орданың төңірегіне жататын екі дипломаттың әңгімесін естігеннен кейін, е, бұлар өздерінің сыпайы достығы үшін әрқайсысы өз үкіметін алдап жүр екен ғой деген қорытындыға келетін провинциалдарға ұқсайды.

Бұл кітап жуық арада бірқатар оқушылардың, тіпті, журналдардың сөздің тікелей мағынасына сену зардабын тартты. Біздің заманның геройы тәрізді адамгершіліктен жұрдай біреуді бізге үлгі етіп тартты деп біреулер өте қатты намыстанды, ал, енді біреулер шығарушы өз портретін және өзінің таныстарының портретін суреттеген екен десті... Тым ескі, бишаралық қалжың! Шамасы, өзіндегінің бәрі жаңарып жатқанда осы бір сандырақтары жаңармайтын болған-ау, русь тегінде солайша дүниеге келген ғой. Сиқырлы әңгімелердің ішіндегі ең барып тұрған сиқырлысының өзі де бізде біреуді балағаттау үшін жазылыпты деген даудан аулақ бола қояр ма екен! .....
Әңгімелер
Толық

Ана біздің гүліміз

Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді.......
Шығармалар
Толық

Құстар - біздің досымыз

Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құс – біздің досымыз. Маған үнемі анам құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүр деп айтады. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені ерекше. Олар өте әдемі. Кейбір құстар далаға салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылығанда қайта ұшып келеді.......
Шығармалар
Толық

Біздің үй

Біздің үйіміз үлкен және таза. Біздің үйде төрт адам тұрамыз.......
Шығармалар
Толық