file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Есеп және аудит | Шардара ауданы бойынша салық комитетінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

2005 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылуының алдын ала қорытындыларына келетін болсақ, ішкі жалпы µнім 9,4 пайызға өскен.(жан басына шаққанда 3620 АҚШ долларына жетіп отыр). Құрылыс жұмыстары көлемінің артуы 34,1 пайызды, жүк тасымалдау көлемінің артуы 4,8 пайызды құрады. Байланыс қызметінің көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 27,7 пайызға өссе, ұялы байланыс қызметі 65,3 пайызға артқан. Тұрғын үй құрылысына 241 миллиард теңге инвестиция бөлінген. Бұл оның алдындағы жылғы деңгейге қарағанда 1,6 есе көп. 2005 жылы инфляция орта есеппен 7,6 пайызды құраған. Халықтың нақты ақшалай табысы бағалау бойынша 11,6 пайызға өскен. Бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 33,8 мың теңге болған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары

Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарына және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Бухгалтерлік есеп саясаты мен аудитті жетілдіру мәселелері

Елімізде нарықтық қатынас жылдан – жылға келеді. Нарықтық экономиканы әрі қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынасқа түсуші жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі зор.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық - әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі бір ғалым Б.Де Солазано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің, ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған.
Бүгінгі таңда ел экономикасыныі нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорының қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдар....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Банктің қаржылық жағдайын талдау бухгалтерлік есептердің ерекшеліктері

Кіріспе
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының экономикасында болып жатқан көптеген өзгерістері банк саласында да жаңа банктік операциялар, құжаттар алып келді, мұның барлығы банктің бухгалтерлік есебінде бейнеленуі тиіс.
Қазақстанның бухгалтерлік есеп жүйесі мен есеп беруі халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жетілдіруде. Өзгерістер тек бухгалтерлік есеп шот жоспарында ғана емес, сонымен қатар 2 – ші деңгейлі банктер ұсынатын қаржылық есеп беруде де жүргізілген.
2-ші деңгейдегі банк қызметінде жаңа шот жоспарын енгізу аналтиткалық және синтетикалық есептін бірыңғай формасын қалыптасрыуға, сондай-ақ ҚР–сы Ұлттық банкі тарапынан банктер қызметің қадағалау мен реттеуге мүмкіншілік жасайды. Екінші жағынан дүниежүзілік бухгалтерлік есеп принцптеріне мөлшерлері мен стандарттарына өту барсында жаңа қадам жасауға, бухгалтерлік есеп сапаын көтеруге, өз кезегінд банктік басқару процесіне жағдай жасауға мүмкін береді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі

Кіріспе
Бұл курстық жұмыста өндірістің шығысы туралы өзекті мәселені ашып көрсеткенмін. Кіріспе бөлімінде шығындардың мазмұнына тоқтала кететін болсақ, шығындар туралы, шығындарды есептеу, шығындарды жіктеу туралы мәселелер қарастырылған, яғни кәсіпорындағы ақша қаражаттарын тиімді әрі дұрыс жұмсалуы бұл біздің еліміздегі экономикалық жағдайларға айтарлықтай әсерін тигізеді. Сондықтан да, бұл мәселелерді өзімнің курстық жұмысымда толық қамтып, ашып көрсеткім келеді. Қазіргі таңда бухгалтерлік есеп пен басқару есебі барлық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерде ең басты орын алып отыр. Себебі ол өндірістің барлық қаржылық жағдайын және осы кәсіпорында болып жатқан өндіріс процестерін шынайы түрде көрсетеді. Өндірістің шығындарын есептеуде бухгалтерлік есеп басты роль атқарады. Себебі барлық есептеулер бухгалтерлік корреспонденция шоттары арқылы жүргізіледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | АҚ Қазақстан Халық Банкіде бухгалтерлік есеп пен аудиттің құрастырылу принципі

Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс....
Курстық жұмыстар
Толық

Бизнес кеңес: Өз ісімізді ашамыз, негізгі және қосымша шығындарға не жатады?

Жаңа бизнесті ашпастан бұрын болашақ жобаға кететін барлық шығындарды есептеп алған жөн. Себебі жобаның пайда әкелуі мен өзін-өзі ақтау мерзімі сіздің есептеулеріңізге тікелей байланысты болады.
Бизнес және қаржы
Толық

6 Қазан - Есепші (Бухгалтер) күні

Дебит, кредит құлағында ойнаған,
Есепшілер мерекесін тойлаған.
Мерекеңіз құтты болсын әрқашан,
Арманыңыз орындалсын ойлаған.

Кіріс, шығыс есептеп,
Сандары сөйлер кесектеп.
Есепші деген....

Құттықтау, тілектер
Толық