Агранулалы эндоплазмалық тор немесе тегіс эндоплазмалык тор (грек, а — жоқ және лат. granulum — дән, дәнше, түйіршік) — қабырғалары биологиялық жарғақтардан тұратын жасуша цитоплазмасы ішіндегі жарғақтық тор түтікшелері қабырғаларына іргелес жатқан рибосомалар (органеллалар) болмайтын жасушаның жалпы органелласы. Тегіс эндоплазмалық тор жарғақты түтікшелерінің ені гранулалы эндоплазмалық тордың жарғақты түтікшелеріне қарағанда кендеу (50-100 нм) келеді. Агранулалы эндоплазмалық тор жасушадағы липидтер (стероидтар) мен көмірсулардың (гликоген) алмасуына және .....
'Адаптация' (лат. adaptatio — бейімделу) — жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу процесі; бір биологиялық түрдің морфофизиологиялық мінез-құлық - популяциялық т.б. оған ыңғайлы табиғи ортада өзіне тән өмір сүруіне мүмкіндік беретін ерекшіліктері. Бейімделу әрбір түрдің барлық даму сатысында даму арқасында қалыптасады. Бейімделу жиынтығы ағзалардың құрлысы мен тіршілігінің табиғи қажеттілігін қалыптастырады.[1] Адаптация теориясы (лат. adaptatioбейімделу, икемделу) — үндіеуропалыкфлективті формалардын шығу тегі туралы 19 ғасырдың ортасында ұсынылған ғылыми болжамдардын бірі. Ол бойынша сөз түрлендіруші-қосымшалар мен есімдіктер бір-біріне тәуелсіз дербес дамыған, тек кейін грамматикалык мағыналарды білдіру үшін өзара бейімделген. .....
Аддуктор (adductor; лат. ad — ішке қарай; лат. duco — серпу, яғни ішке тарту, жақыңдатқыш) - адамда қол мен аяқ, ал жануарларда алдыңғы және артқы аяқтар буындарына эсер ете отырып, аталған мүшелерді дене түлғасына жақындататын бұлшықет. Аддукторларға иық буынына әсер ететін "жауырынасты бұлшықеті", жамбас-ортан жілік буынын қозғалтатын "сымбат бұлшықеті" мен "санды жақындатқыш бұлшықет" жатады .....
Аденил қышқылы — адам мен жануарлар бұлшықеттер ұлпаларының қызметінде маңызды рөл атқаратын қарапайым нуклеотид. Аденил қышқылы фосфор қышқылының бір молекуласынан, дезоксирибозаның бір молекуласынан және адениннен (азоттық негіз) тұрады.Аденил қышқылы — адам мен жануарлар бұлшықеттер ұлпаларының қызметінде маңызды рөл атқаратын қарапайым нуклеотид. Аденил қышқылы фосфор қышқылының бір молекуласынан, дезоксирибозаның бір молекуласынан және адениннен (азоттық негіз) тұрады. .....
Аденогипофиз (adenohypopphyisis; грек, aden — без; hypo — төменгі, асты; physis — құрылым) — ұрықтық даму кезінде біріншілік ауыз қуысы эктодермасынан жетілетін гипофиздің безді бөлігі. Гипофиздің бұл бөлігін "безді гипофиз" деп те атайды. Аденогипофизді — гипофиздің алдыңғы, аралық және төмпектік бөліктері құрайды .....
Адецидуаттар (грек, а — жоқ; лат. deciduus — түсіп қалу, бөліну) — буаздық кезеңінде, жатырдың ішкі кілегейлі қабығыңда (эндометрийінде) төл туғаннан кейін, арнайы бөлініп түсетін қабықшасы түзілмейтін және болмайтын жануарлар. Адецидуаттарға барлық тұяқты үй жануарлары жатады. Төлді туғаннан кейін, бұл жануарларда ұрық қабықтары: бүрлі қабық (хорион), несепқабық (аллантоис) және қағанақ (амнион) жатырдан оңай бөлініп ажырайды. Жатыр эндометрийі зақымданбайды. Себебі, эндометрийдің ішкі бетінде төлден кейін бөлініп түсетін арнайы қабықша болмайды. .....
Адренэргиялық жүйке жүйесі — вегетативтік жүйке жүйесінін жүйке түйіндерінен (ганглийлерінен) кейін орналасқан (постганглионды) симпатикалық жүйке талшықтарынан кұралады. Олардың жүйке ұштары адреналин және норадреналин олигопептидті нейрогормондарын бөледі. Адренэргиялық жүйке жүйесіне тер бездерін жүйкелендіретін жүйке талшықтарынан басқа, адам мен жануарлар организмдеріндегі барлық симпатикалық жүйке талшықтары жатады.....
Азу тістер — тістің шығып тісеуі мен пішініне байланысты: алдыңғы азу тістер (премолярлар) және нағыз азу тістер (молярлар) болып екіге бөлінеді. Алдыңғы азу тістер (dentes praemolares; лат. dens — тіс; лат. praemolaris - алдыңғы азу) адам мен жануарлардың жоғарғы және төменгі тіс доғаларында (аркадаларында) күрек тістерден кейін орналасады. Нағыз азу тістер (лат. dentes molares) алдыңғы азу тістерден кейін, тіс аркадаларының шетіне қарай орналасады. Азу тістер тамақты (азықты) шайнап үсақтауға арналған, өте берік те, қатты ас қорыту мүшелері. Алдыңғы азу тістер адам мен жануарларда .....