1128 жылы Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнның билеушісі Арыслан өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлүқтарға қарсы күреске қара-қытайларды көмекке шақырды. Қарақытайлар көсемі Елюй Даши Баласағұнды басып алып, Қарахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырды. Сойтіп, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Осыдан кейін қарақытайлар жаулап алу жорықтарын жалғастырып, мемлекет шекарасын Енесейден Таласқа дейін кеңейтеді. Олар қарлұқтарды бағындырып, Шығыс Түркістанды қосып алды. .....
XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты есті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, қүман, ертедегі башқүрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді. .....