Бағдарламалау | Шешім қабылдау теориясы

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда адамзат қызметінің барлық аясында белгілі бір мақсатқа жету үшін түрлі шешім қабылдау кезінде операцияларды зерттеу теориясы негізгі құрал болып табылады. Бұл теорияның қайнар көзі – математикалық моделдеу.
Мәселен қайбір шаруамен сіз өзіңіз тұратын қаладан басқа қалаға бес апта бойы барып тұруыңыз керек болсын делік. Ол қалада Сіз алғаш рет бірінші аптаның дүйсенбісінде болып, өз қалаңызға бесінші аптаның сәрсенбісінде ақырғы рет оралуыңыз қажет. Билет құны 400 доллар. Дегенмен, аптаның аяғында ұшатын болсаңыз, сізге 20 пайыз жеңілдік жасалады. Мұның сыртында бір бағыттағы билеттің құны тапсырыс берілген билет құнының 75 пайызына тең. Әрине, сіз жол шығынын азайтқыңыз келеді. Бұл жағдайды тиімді таңдау жасау үшін негізгі үш компонентті анықтауды қажет ететін шешім қабылдау есебі ретінде қарастыруға болады:
1. Бұл жағдайдлағы альтернатив шешім деп нені қабылдаймыз?
2. Мүмкін болатын шешім қандай шектеулерді қанағаттандыруы қажет?
3. Алтернатив шешім қандай критерий бойынша қабылданады? ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Турбо-Паскальдағы графикамен жұмыс

Кіріспе
Дисплей экраны нүктелер жиыны болып табылатын төртбұрышты аймақ болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режімдерде жұмыс атқара алады. Графикалық режімде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады. Графикалық программалау процесі тиімділігін арттыру мақсатында Borland International фирмасы GRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған болатын, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар. Экранға мәлімет шығаруды аппараттық жағынан сүйемелдеу екі модуль – бейнеадаптер және бейнемонитор арқылы қамтамасыз етіледі. Бейнемонитор- немесе дисплей- мәтін және графикалық бейнелер шығарылатын құрылғы, ол электрондық сәулелік түтікшеден немесе сұйық кристалды тақтадан тұрады. Дисплей теледидар сияқты жұмыс істеп, экрандағы бейне секунд сайын 25 рет жаңаланып отырады. Адамның көзі бейнелердің мұндай жиілікпен ауысуын байқай алмайды да, мониторда сол бейне қозғалмай тұрғандай болып көрінеді. Экрандағы бейнелер кішкене нүктелерден (пиксельдерден) тұратын қатарларға біріктірілген. Сондықтан экранның басқарылатын ең кіші элементі пиксель (pixel) болып табылады. Экрандағы кез келген бейне осы пиксельдер арқылы салынады. Графикалық режімде экран тіктөртбұрышты пиксельдер жиынынан құралады да, мұнда оның кез келген пикселінің түсін әр түрлі етуге мүмкіндік бар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Турбо Паскальдың графикалық мүмкіндіктері

КІРІСПЕ
Қазіргі дербес компьютерлердің графикалық информацияларды енгізу, шығару және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар. Графикалық информацияны енгізу үшін — сканер, ал шығару үшін дисплей экраны және плоттер пайдаланылады.
Стандартты Паскальдың графикалық информациямен жұмыс істейтін командалары жоқ.
Турбо Паскаль жүйесінде графикалық информациялармен жұмыс істеу үшін GRAPH.TPU модулі пайдаланылады. Бұл модульде графикалық процедуралар мен функциялардың программасы машиналық тілде жазылған.
Турбо Паскаль графикасын, көбінесе, псевдо - графика деп атайды, өйткені тілдің өзінде графикалық командалары келтірілмеген. GRAPH модулінде графикалық информацияларды дисплей экранына шығаруға және өңдеуге арналған командаларды сүйемелдейтін типтер, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар мен функциялар сипатталады.
Graph модулі IBM — типтес дербес компьютерлердің графикалық адаптерлерімен жұмыс жасауға есептелінген, графикалық процедуралар мен функциялардың, тұрақтылардың, айнымалылар мен типтердің қуатты кітапханасы болып табылады. Turbo Pascal ортасын қолданатын Паскаль тілінде программалауда Graph модулінің 132 тұрақтысы, 7 қосымша типі, 2 айнымалысы, 57 процедурасы мен 22 функциялары пайдаланады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Турбо Паскальдағы функция

I. Кіріспе бөлімі:
Қазіргі кезде кеңінен қолданатын программалау жүйесінің бірі-
Turbo Pascal. Американың Borland Internation корпарациясының бұл өнімі сол корпарацияның қызметкеі Адерсон Хейсбергтің жетекшілігімен құрастырылған. Turbo Pascfl-дың түп нұсқасы швейцария ғалымы Нуклаус Вирт жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Сол кездерде кең тараған АЛГОЛ, ФОРТРАН,
БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы, программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді
құрал болып табылған. Паскаль тілінде жазылған пограмманың дұыстығын компьютерде тексеру және жібеілген қатені түзету оңай.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады(машина тіліне аудаылады), объект программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі- алгаритімдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі-объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған прогамма арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгаитмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді.
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын , кең тараған стандартты оқу тіліне айналды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Турбо Паскаль тілінің операторлары

Қайталау операторы
1. Турбо Паскаль тілінің операторлары.
Операторлар-программадағы нұсқаулардың (бұйрықтар,алгоритмдер) машиналық тілде жазылуы. Яғни берілген есепті шешу мақсатында орындалатын іс-әрекеттердің машинаға түсінікті түрде жазылуы. Сонда, программа данасі бірінен кейін бірі жазылған операторлар тізбегінен тұрады. Операторлар арасына нүктелі үтір (;) белгісі қойылады.
Операторлар қарапайым және күрделі (құрама) операторлар болып екі топқа бөлінеді. Егер оператор құрамында басқа операторлар боламса, онда ол қарапайым оператор деп аталады. Бұл топқа: меншіктеу, процедураны шақыру, шартсыз көшу – GOTO, бос орын операторы жатады.
Күрделі (құрама) оператор бірнеше қарапайым операторлар тұрады. Бұл операторлар begin (басы) және end (соңы) қызметші сөздер арасында жазылады. Әр оператордан кейін (;) нүктелі үтір таңбасы қойылады.
Құрама оператордың жалпы жазылуы: ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Турбо Паскаль жүйесіндегі графика. Жұмыс істеп тұрған бағдаршамның бейнесін шығару

КІРІСПЕ
Паскаль тіліндегі графика
Қазіргі дербес компьютерлердің графикалық информацияларды енгізу, шығару және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар.
Turbo Pascal жүйесінде графикалық информациялармен жұмыс істеу үшін GRAPH.TPU модулі пайдаланылады. Бұл модульде графикалық процедуралар мен функциялардың программасы машиналық тілде жазылған.
Turbo Pascal графикасын көбінесе псевдо-графика деп атайды, өйткені тілдің өзінде графикалық командалары келтірілмеген. GRAPH модулінде графикалық информацияларды дисплей экранына шығаруға және өңдеуге арналған командалары сүйемелдейтін типтер, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар мен фукциялар сипатталады.
GRAPH модулі ІВМ – типтес дербес компьютерлердің графикалық адаптерлерімен жұмыс жасауға есептелінген, графикалық процедуралар мен функциялардың, тұрақтылардың, айнымалылар мен типтердің қуатты кітапханасы болып табылады. Pascal тілінде программалауда GRAPH модулінің 132 тұрақтысы, 7 қосымша типі, 2 айнымалысы, 57 процедурасы мен 22 функциялары пайдаланылады.
GRAPH модулі іске қосылысымен оның ішіндегі процедуралар мен функцияларды пайдалана беруге болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Турбо Паскаль жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі – Turbo Pascal. Американың Borland корпорациясының бұл өнімі сол корпорацияның қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жетекшілігімен құрастырылған. Turbo Pascal – дың түп нұсқасы швейцария ғалымы Никлаус Вирт жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Бастапқыда Паскаль тілі программалауды алғаш үйренушілер үшін өте тиімді құрал болып табылған. Қарапайым Паскальды өңдеудегі А. Хейлсбергтің үлкен еңбегінің нәтижесінде Turbo Pascal қазіргі заман талабына сай , қуатты программалау жүйесіне айналды. Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Сондықтан , оқушылар мен студенттерге программалаудың негізін Turbo Pascal тілін оқытып–үйретуден бастап, программкалаудың қыр – сырын меңгертудің маңызы зор. Turbo Pascal – жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт (Niklaus Wirth) ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап , тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы

КІРІСПЕ
Бағдарламалау тілі дегеніміз – адам мен компьютердің (ЭЕМ) өзара байланыс жасасу құралы. Бағдарламалау тілі екі топқа бөлінеді: таза машиналық кодпен, не белгілі бір машина кодына арналып ассамблерде жазылған тіл- төменгі дәрежедегі және жоғарғы дәрежедегі адам тіліне жақындатылған Basic, Qbasic, Ci, Turbo Pascal т.б. көптеген бағдарламалау тілдері. Мемлекеттік бағдарлама бойынша осы тілдерден Basic, Turbo Pascal, Visual Basic тілдерінің бірін меңгеру ұсынылған. Паскаль бағдарламалау тілі француз математигі Блез Паскаль құрметіне аталған. Ол 1968-1971 жылдарда Никлаус Вирттің Цюрихтағы Жоғарғы Техникалық мектепте оқыту тілінің бірі ретінде жазылған. Кең қолдана бастауы 1984 жыл, себебі осы жылдары қарапайым қолдануға ыңғайлы Турбо Паскаль компиляторы пайда болады. Ол Borland International компаниясында жасалды. Компилятор дегеніміз транслятордың бір түрі, ал транслятор дегеніміз белгілі бір компьютер мен бағдарламалау тілі түріне арналып жазылғанбағдарлама, оның міндеті жазылған бағдарламаны машиналық кодқа айналдыру.
Турбо Паскаль тілінің негізі Turbo.exe және Turbo.tpl файлдары арқылы берілген. Turbo.exe файлында компилятор, экран редакторы, жүйелегіш орналасса, Turbo.tpl файлында арнайы қойылған функциялар мен процедуралар (көмекші бағдарламалар) кітапханасы жазылған. Қазір жетілдіріле келе мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді: ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Транспорт түрін таңдап алу

КІРІСПЕ
Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - Мәліметтер қорын құру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттардың мәліметтер қорын құру кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Мәліметтер базасы(М)-белгілі бір арқауы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау,сақтау менамал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы.Адамның қатысуы ықтимал,автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.
Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі. Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын,поездар қозғалысы кестесін,кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді,студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атуға болады. Электронды мәліметтер базасының басты қасиеті-ақпараттықтез іздестіру мен сұрыптау,сондай-ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру мүмкіндігі.Мысалы,сынақ кітапшаларының нөмерлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты -жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық