Жұмағали Саин (Кел, бауырым!)

Кел, бауырым!
Орыс ұлы өзімсін.
Ақыл, ойым, аузындағы сөзісің
Шаршағанда сүйенетін тірегім,
Әрқашан да жарық берер көзісің.
Кел, бауырым!
Той, мереке жасайын,
Саған ыстық құшағымды ашайын.
Тың жерлерді сенімен бір жыртайын,
Енбек әнін сенімен бір шырқайын.
Кел, бауырым!
Партия ұран тастады,
Тағы да зор игілікке бастады.
Сол ұранға жұмылайық бірлікпен.....
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Қош, бауырым)

Кенеттен алып ұшты, жүрек жанды,
Қайғылы суық сөзді құлақ шалды,
Сұңқылдап радио хабар шашты
Тыңдады барлық әлем, қайғыланды.
Өлді кім? Валерий ме?.. Тандың ба естен?
Аспанды тұрақ еткен, бұлтты кешкен,
Өлімге кім қияды Чкаловты,
Бақытты Отанымның нұрында ескен.
Аспанда ол жүрген шығар ойын салып,
Ер қыран айды айқайлап, күнді оралып,
Жазық төс, болат қанат, құрыш құспен
Бұлтты ойып, жұлдыздардан алқа тағып.
Чкалов арыстаным бүгін өлген,
Жанары отты көздің мәңгі сөнген.
Валерий арамыздан кетті біздің.....
Өлеңдер
Толық

Бауырым Дос (2 сынып, I тоқсан)

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құру, тірек сөздерді пайдаланып, мазмұндама жазу. Бауырым. Дос.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып, мазмұндама жазу.
2.3.7.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру.
Сабақ мақсаттары: Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздер бойынша негізгі ойды анықтау, жоспар құру, мазмұндама жазу.
Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Бауырыма туған күнге тілектер

Бүгін сенің туылған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып - қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!

Құттықтау, тілектер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Бауырымның бас терісі

Көптен көрмеген ауылыма сағынып жеттім. Колхоз іріленгелі бері мұнда келе алмай жүргенмін. Арасы тай шаптырым екі ауыл бұрын екі коллективтік шаруашылық болып, қысқа жіптері байлауға келсе де, күрмеуге келмей, былай тартса арба сынып, былай тартса егіз өліп дегендей болып жататын. Осы ауылдың бірінен мен оқуға аттанып едім. Енді міне, екі ауыл бірігіп бір үлкен колхоз болған. Мына бір төбесі қызыл қаңылтырлы еңселі үлкен үй бұрын жоқ еді, әлгі колхоз председателі Айтбай салғызып алды деп менің туысқандарым шағым айтып есігімді тындырмайтын. Жұрттың көзіне сүйелдей батқан, арыз қоздырушы құрылыс шамасы осы болды. Оған жалғас мына бір қыштан тұрғызылған ғимарат ауылдық совет председателі Көбектікі болса керек.

Қысқасын айтқанда, бәрін де біліп келе жатырмын. Келмесем бұл ауылға өзім келген жоқпын, ал менің көзім бұл ауылды талай сыртынан шолған. Қай шұңқырдан үй салғызуға Айтбай қанша қап топырақ қазып алғанын, оған дөңгелек күпшегінің ұңғысы желініп кеткен елуінші жылдар ішіндегі колхоздың шиқылдақ өгіз арбасының қай жолмен қанша рет барғанын естіп, талай көз алдыма елестететінмін. Ал менің миым да бұл ауылда талай болып қайтты. Кімнің үйінде қандай өзгеріс бар, қайсысы баласын қай күні сүндеттеткені, қай шеше қызын қай күні әкесінен жасырып, түн жамылтып күйеуге қашырып жібергені, олардың арасына кімнің жеңгетай болғаны, қашқан қыздан кімнің көйлек кигені, «өлі-тірісін» қай күні, қалай, кімдердің әкелгені, құдалыққа құйрық-бауыр асаса келгендерді тұнжырап, әлде қуана қарсы алғаны бәрі маған белгілі. Өсек-аяңды жақсы тыңдағыш менің журналистік құлағымның жайын жақсы білгендіктен ауыл адамдары маған Көпенбайдың есігінің алдында жатқан жұдырықтай тасты Шөпенбайдың алдарына. .....
Әңгімелер
Толық

Иса Байзақов (Бауырым Ахметжан!)

Бауырым, денің сау ма, Ахметжан!
Халқыңды жауынгерім мақтандырған.
Жарың жайнап, бауырлар гүлдей күліп,
Жас қырандай түледі алтын анаң.
Ту тігіп, туған жерің Баянаула,
Шаттанып ер ұлына, аспандауда.
Масатпен жігерленед....
Өлеңдер
Толық