Шыққаным – Шыңғыстағы бiр биiк тау, Жақсы екен тауға шығып тағдыр сынау. «Қайырлы түн болсын» деп үнсiз айтып, Күн кеткен соң түн келдi қараңғылау. Аспандағы ай, жұлдыз – бәрi айланды, Жалғыз-ақ Темiрқазық тапжылмайды-ау. Күн батып, ай, жұлдыздың айналуы – Шынында дөңгелеген жер жүрiсi-ау.....
Бір-бірінен көз айырмай үздігіп Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт. Қыранымсың күллі Кавказ мақтаған, Қанатыңа алғаныңа шаттанам. Тағдырымды бердім, жаным, қолыңа, Енді өзің біл, Сенсіз өмір жоқ маған! – Деді сұлу жасаурап от жанары. .....
Тәрбие сағат тақырыбы: Отан – отбасынан басталады Тәрбие сағат мақсаты: Ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Тәрбие сағат көрнекілігі: Нақыл сөздер. Тәрбие сағатқа Шақырылды: ата-аналар мен оқушылар, психолог Тәрбие сағат әдісі: тренинг, сауалнама
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27–бап, 2–тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу –ата–ананың табиғи құқығы, әрі парызы" делінсе, "Қазақстан–2030" бағдарламасында "Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді..." делініп ұрпақ тағдыры айтылады. Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени–әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата–бабаларадың, ұлылардың ақыл–кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл–кеңестері, ата–ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір–бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келген күннен бастап ата–ананың ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде. Бала нені білсе жастан, ұядан – Өле–өлгенше соны таныр қиядан. Өнер–білім берем десең басынан, Бер оқуға балаларды жасынан, Ата–анадан өсіп ұрпақ тараған, Жақсы–жаман болса, бала–соларда», деп, ХI ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата–аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күннен танып, соған қарай бағыт–бағдар, тәрбие берудің маңызы ерекше. Ата–ананың балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы –бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата–ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сіңімді және негізді. Ата–ана бала тәрбиесіне ерекше мән беруі қажет. Ана–бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе?! ....
Кімнің болса да жүрек түкпірінде туған жерге, Отанға, отбасына да деген қимастық сезімі болады. Осылардың ең биігі елжандылық, отансүйгіштік қасиет. Бұл қастерлі ұғым арқылы қоғамның негізі қаланады. Отан отбасынан басталады, демек өзіңнің ата-анаңды қалай қастерлесең, Отаныңды да сондай қасиеттей біл. Ер жігіт елі үшін туады деген ғой. Отан қорғау саласында еңбек етуімнің өзі елжанды болуымнан деп ойлаймын.
1. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС. Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату. В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты дәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең - бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады. Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі. Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян. А.С.Макаренко: «Тәрбие -баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі - өнеге көрсетуінде», - деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал. Баланың айхайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. ....
Отбасы – ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен органикалық байланыста болады. Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса маңызды талаптары. Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілермен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады. Сонымен қатар отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады. Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік , өзара сыйластық, т.б. жатады. Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады. Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Оладың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырды. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы – отбасы әлеуметтануы қалыптасты. ....
Отбасы дегеніміз- некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы- бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жқбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметік нормалардың, санкциялардың және міңез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы- некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерімен отбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиясының сипаты өзгереді. Алайда барлық уақытта да бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекелеген функциялардың маңыздылығы өзгеріп отырады. Отбасы дегеніміз- қоғамның нақты тарихи типінде өз ерекшеліктері, дәстүрлері бекітілімдері бар әлеуметтік құрылым. Отбасы екі позициядан сарапталады: 1) Әлеуметтік институт ретінде 2) Шағын әлеуметтік топ ретінде Әлеуметтік институт ретінде отбасы анализінде нақты отбасы қарастырылмайды белгілі мәдениетке тән отбасылық мінез-құлық үлгілері қарастырылады. Жас отбасы дегеніміз- жастары 29- дан аспаған және неке тұрғандарына 3 жылдан артық уақыт тұрмаған отбасын айтамыз. Неке ұғымның астарында ересек индивид арасындағы қоғам мен реттелетін қарым-қатынастарының тарихи шапталған формасын айтамыз. Қазіргі атаумызға болады. Ең көп таралған түрі нуклеарлы отбасы. Екінші орында толық емес отбасы. ....
Шымкенттік Айдана Ыбырайдың қаладан ауылға келін болып түскеніне жеті жылдан астам уақыт өткен. Бүгінде үлгілі келін атанып отырған ол, NUR.KZ тілшісіне қайын жұрттың тілін тауып, қалай үлгілі келін атану керектігін айтып берді.