Қазақстандықтар 1 наурызда алғыс айту күнін атап өтеді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы” жарлыққа өзгеріс пен толықтыру енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
Толық

Қалай танымал қыз болуға болады

1 - кеңес

Кемшіліктер мен артықшылықтар
Өзің кемшілігің деп санап жүргендеріңнің кемшілік екеніне сенімдісің бе?
Қарап көрейік.
Кейде ірі, толық қыздар өзінің толық денесінен ұялып жатады. Олар өзін түрлі диеталармен, жаттығулармен зорықтырады. Мұның барлығы сенің толық болу жаман деген пікірге сенімді болуыңнан пайда болады.
Толық болған жаман деп саған кім айтты?
Тек сәнбикелер ғана жұрттың алдында қылдай жіңішке белімен, артық салмағы жоқ сымбатты денесімен жарқ-жұрқ етеді. Ал күнделікті өмірде барлығы бұлайша біртекті емес.

Стильді әрі көңілді томпақ қыздар ең сәнді, ұзын сирақты арық қыздарды жолда қалдыра алады. Сондықтан өзіңе ұнамағанның бәрін кемшілік деп ойлаудан аулақ бол. Асықпасаң уақыт өте келе өзіңді түсініп, бағалауды да үйренесің. Ал әзірге бір-екі кеңесті қабыл ал.

Өзіңнің жетіспейтін тұстарыңды мойында. Бұл сенің табиғи болмысың. Сондықтан өзіңді осы қалпыңда жақсы көруді үйрен.
Өзіңнің кемшіліктеріңді жасырып, артықшылық-тарыңды көрсете білуді үйрен. Үйлесімді шаш үлгісі, макияж, киім, аксессуарлар, өзіңді ортада ұстай білуің мен адамдармен қарым-қатынасың - міне өзін сыйлайтын кез-келген қыз білуге тиісті әйел құпиясының сыры осында.

2 - кеңес

Бастысы өзіңді таныта білу

Кейбір қыздар көпшілік көзіне бірден шалынып, өзіне жұрттың назарын аударып тұрады. Ал сол қыздарға зер салып қарасаңыз олардың басқа қыздардан еш айырмашылығы жоқтығын байқай-сыз. Соған қарамастан олар өзіне бірден назар аудартады.
Мұның себебі неде? Өйткені олар өзін көрсете.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Месси «Алтын доп» иегерін марапаттау рәсіміне ерекше киініп бармақ (фото)

Футболдан «Барселона» командасы мен Аргентина ұлттық құрамасының ойыншысы Лионель Месси Швейцарияда өтетін «Алтын доп» жүлдесін табыстау рәсіміне басқаша стильде киініп бармақ деп жазады baq.kz.
Жаңалықтар
Толық

Қазақстандағы байланыс операторлары 4G қызметін ұсынуға рұқсат алды

Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қолданыстағы жиіліктер және қосымша жиіліктер бөлудің «технологиялық бейтараптылық» тұжырымдамасы бойынша ұялы байланыс операторларына 4G қызметін көрсету құқығын беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
Толық

Илья Ильин Рио Олимпиадасынан алтын медаль әкелетінін айтып, уәде берді

2016 жыл әлем спортшылары үшін айрықша дата. Себебі, биыл Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Аталған сында Қазақстан намысын қорғайтын ауыр атлет Илья Ильин Олимпиада ойындарынан алтын әкелуге уәде берді деп хабарлайды Астана арнасы.
Жаңалықтар
Толық

Ай астындағы Айбарша сұлу

Баяғыда Күлмесхан деген хан болыпты. Оның шын аты Баяухан екен. Күлмесхан аталған себебі, Баяуханның заманында жаугершілік қатты болып, бір ел бір елді шауып, жаншып ала береді, содан кейін Баяухан бір күні жұртын жиып, бірнеше әскер алып, жұртқа тыю саламын, әлемге әділдік орнатамын деп, жер қайысқан қолмен аттанған екен.

Жарты жолға жеткен соң, Баяуханның пір тұтып жүрген бір абызы бар екен, сол есіне түседі. Баяухан: «Қой, мен қайда барсам, не істесем де абыздан рұқсат алушы едім ғой. Қате болған екен, абыздан бата, ақыл алмай.......
Ертегілер
Толық

Танымал отандық әншіге туғаны үшін күйеуі $200 мыңның көлігін сыйлады

Танымал отандық әнші Сиви Махмуди биыл екі ұлдан кейін көптен күткен қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы 31 арнаның “Жыл жаңалығы” бағдарламасына сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық

Қазақстанда «мобильді құлдық» енді болмайды

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда абонеттік номерлерді басқа операторға көшіру қызметі іске қосылды. Бұдан былай әр абонент мобиль телефон номерін сақтай отырып, басқа оператордың қызметіне жүгіне алады деген сөз. Осының бәрі "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңының арқасында мүмкін болып отыр. Ел ішінде мобиль телефон номерін сақтай отырып оператор ауыстыру мүмкіндігі "мобиль құлдықтан" құтылу деп аталып кетті.
Жаңалықтар
Толық