Әбіш Кекілбайұлы (Заманға айтпай маған айттың бар зәріңді ақын дос)

Заманға айтпай, маған айттың бар зәріңді, ақын дос,
Тепсінісіп шығатынға,- дедің бе екен,- тақым бос,
Тепсініскен бабаларың тентіресіп кеткен-ді,
Ойқастамай, ойласайық, одан да, бауырым, ақыл қос .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Қиын не бар?)

Мың құбылған қуаныштан, дерттерден,
Қиын не бар, адам жанын зерттеуден?
Мен келемін өз жанымды зерттеумен,
Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем.
Арзан не бар ойнау менен күлуден,
Қымбат не бар, адам сырын білуден?
Мен әуремін, өз сырымды білумен, .....
Өлеңдер
Толық

Абай Құнанбаев (Жүректе көп қазына бар бәрі жақсы)

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы,
Теңіздің түбіндей-ақ қарап бақшы.
Сол жүректен жылылық, достық пенен
Бұлақша ағып ғаламға тарамақшы.
Жан шөлдер өзіңдеймен танысқанша,
Бірінен бірі үлесіп алысқанша.
Құмарланар, сүйісер жүрек тауып,
Қытықсыз қызықпенен бас қосқанша. .....
Өлеңдер
Толық