Қаржы | Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Коммерциялық банктермен агросаланы несиелеуді дамыту жолдары

Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды.
Адам өміріне, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға керек игіліктерді алудың басты көзі – агро сала болып табылады.
Агро шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясат негізгі ұлттық мүдделерге сәйкес орындалатын мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл саясат шаруашылық жүргізуші субъекттердің, әсіресе белгілі бір өңірде немесе тұтастай бір елде максималды әлеуметтік – экономикалық тиімділік беретін саладағы бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау қағидасы негізінде қалыптасады. Нақты өндіріс саласындағы агро салады белсендірудің икемді тұтқалары ретінде салық, сақтандыру, инвестиция, лизинг және әріне банктік несие тәрізді нысандар саналады. Индустриалдық – аграрлық дамыған елдерде агро саланың белсенділігін арттыру құралы ретінде негізінен қаржы – бюджет ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Коммерциялық банктердің несиелендіру жүйесін жетілдіру жолдары

Ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: «20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микро деңгейіне жылжытуға септігін тигізеді» деп еліміздің дамуы болашағында алға қойған шаралардың ауқымдылығын айта кетті .....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Коммерциялық банктердің несиелендіру жүйесін жетілдіру жолдары

Ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: «20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микро деңгейіне жылжытуға септігін тигізеді» деп еліміздің дамуы болашағында алға қойған шаралардың ауқымдылығын айта кетті . ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктердің шығыстары мен кірістері

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының банктері нарықтық экономика жүйесіне өтті. Тәуелсіздік алғанымызда құрылған банктер нарықтық экономикада жақсы жұмыс істеп, соның нәтижесінде пайда алу үшін көптеген әдістер іздестірді. Негізінде Қазақстанның банктерінің кірістері тәуелсіз алған жылдан бастап, қаіргіге дейін онша жоғары көлемде болған жоқ еді. Бірақ, соңғы жылдары, яғни 2003 жылдан бастап банктердің кірістілігі артуда. Оған дәлел болып келетін статистикалық мәліметтер.
Әрине әр бір банк белгілі бір кіріс алады, бірақ ол банктің қызмет атқаруына байланысты болып келеді. Неғұрлым өз қызметін жақсы атқарса, соғұрлым көп көлемде кіріс ала алады.
Кіріс- активтің көбеюі немесе несиелі қарыздың азаюы формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың көбеюі. Яғни банктің өз қызметі нәтижесіндегі алған пайдасы.
Шығын- активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың азаюы. Шығындар капиталдың азаюына да себеп болып табылады. Шығын -кірісті төмендету көзі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктердің пассивтік операцияларының құрылымы және жалпы сипаттамасы.Депозиттік және депозиттік емес операциялар

Кіріспе
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды.Қазақстан банктерінің депозиттік операциялары пассивтік операциялардың ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік агенттер есебін қамтиды.Сондықтан Қазақстан банктері депозиттермен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптсатырып отыруы керек. Депозиттік саясат дегеніміз- коммерциялық банктердің нарықтық ортада сырттан қаржат тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылған іс-әрекеттердің жиынтығы.
Банк жүйесінің капиталдануы дамып отырса да, әлі де көптеген кемшіліктердің бар екндігін атап айтуға болады. Бұл жіберіліп отырған кемшіліктер Қазақстан Республикасының Нарықтық экономика жолына түскеніне онша көп бола қоймағандығымен түсіндіріледі.
Осы тақырыптың ең бір өзекті проблемалы мәселенің бірі - ол банктік жүйенің халық пен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін, яғни депозиттік салымдарын қайтарып беру бойынша кейбір жағдайларда өз міндеттемелерін мезгілінде орындай алмай қалып отыруында болып тұр. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктердің мәні және атқаратын қызметтері

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстыорындаудың мақсаты курсты тереңдетіп үйренумен қатар, библиографиялық, статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал мақалалары және бұл жұмысты орындауда өзімнің тақырыбымды терең зерттеп түсіну, оны жан-жақты қамту, өзімнің даму мүмкіндігімді жетілдіру болып табылады.
Бұл тарау Қазақстан Республикасының банк жүйесіне арналған. Қазіргі кезде Қазақстан республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады. ҚР Ұлттық банкі – мемлекттің орталық банкі ретінде бірінші деңгейді білдіреді. Өзге банктердің барлығы екінші деңгейді сипаттайды, сондқтан да оларды екінші деңгейдегі банктер деп атайды. Мұнда біз Ұлттық банк пен коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері, мақсаттары және ерекшеліктерімен танысамыз. Сондай-ақ Ұлттық банк басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық банктермен қаржылық қатынаста болады. Сонымен бірге Ұлттық банк ҚР аумағында банкноталар мен монеталарды эмиссиялайды және резервтік қорды құрайды. Ал коммерциялық банктер депозиттер жинайды және халыққа несие берумен шұғылданады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ

КІРІСПЕ
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды.Қазақстан банктерінің депозиттік операциялары пассивтік операциялардың ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік агенттер есебін қамтиды.Сондықтан Қазақстан банктері депозиттермен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптсатырып отыруы керек. Депозиттік саясат дегеніміз- коммерциялық банктердің нарықтық ортада сырттан қаржат тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылған іс-әрекеттердің жиынтығы.
Банк жүйесінің капиталдануы дамып отырса да, әлі де көптеген кемшіліктердің бар екндігін атап айтуға болады. Бұл жіберіліп отырған кемшіліктер Қазақстан Республикасының Нарықтық экономика жолына түскеніне онша көп бола қоймағандығымен түсіндіріледі.
Осы тақырыптың ең бір өзекті проблемалы мәселенің бірі - ол банктік жүйенің халық пен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін, яғни депозиттік салымдарын қайтарып беру бойынша кейбір жағдайларда өз міндеттемелерін мезгілінде орындай алмай қалып отыруында болып тұр. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктердің депозиттік операциялар

Кіріспе
Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан несие банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер үшін жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруалық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынады.
Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық мемлекеттік, аудиторлық құрылтайшылық деп бөлуге болады.
Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттердің бөлінуі тағы сол сияқты көптеген факторларға байланысты болады және экономикалық біртұтастығымен анықталады. Шағын банк өз құрылымы бойынша ірі банктерден: мысалы, ауыл шаруашылық ауданындағы банк-өндіріс ауданындағы банкіден, сол сияқты бөлімшелері бар банктер бөлімшелері жоқ банктерден ерекшеленеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктердегі тұтыну несиелері және олардың қазіргі кездегі жағдайы

К І Р І С П Е
Экономика – көп тармақты сала. Оның қомақты бөлігінің бірі – банк ісі. Қазіргі таңда еліміздегі коммерциялық банктердің экономиканың нақты секторын және де сауда ұйымдарын несиелендіруі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді, әрі пайдалы.
Банктік жүйе көп функционалды, ол ақша-несие саясатын жүргізеді, тәуекелдерді бағалайды, есеп айырысуларды жүзеге асырады, клиенттерге көптеген дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерді ұсынады. Соның ішіндегі ең маңыздысы және ең бастысы - халыққа несие ұсыну. ....
Курстық жұмыстар
Толық