Кіріспе. Жас балалар арасындағы маскүнемдік пен алкоголизмнің әлеуметтік себептері Ғасырлар бойы қалыптасқан алкоголь мен маскүнемдік салт-дәстүрлер қазіргі кезде алкогольге үйреніп кетудегі маңызды фактор болып табылады. Осы фактордың алкогольдік кешендегі ролін бағалай отырып, маскүнемдік салт-дәстүрінің өмір сүруін қоғамдық психология мен әлеуметтануда іздеуге болмайды, олардың түп негізі тұрғындардың қалың қабатының материалдық сферасында жатыр, әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты маскүнемдік пен алкоголизм кешенінің себебі адамға жағымсыз әсер ететін нақты –тарихи жағдаймен түсіндіріледі. Мұндай диспропорцияға мысал ретінде адамның шектен тыс бос уақытының көбейіп кетуі мен ол уақытты пайдалы өткізу арасындағы сәйкеспеушілік, әлеуметтік баспалдақ бойынша «сырғу», жұмыссыздық, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, соғыс және т.б. Маскүнемдіктің пайда болуындағы жоғарыда аталған әлеуметтік факторларды айту болады, яғни өмірде болатын объективті қиыншылықтар, жетіспеушілік. Олар моральдық нормалардан психологиялық ауытқушылықты көрсетеді, соның ішінде алкогольді пайдалануға әкеледі. Адамдардың алкогольге деген тартушылығы өмір сүрудің кейбір түріндегі стимулдың әлсіздігінен, өзін құрметтеу сезімін, авторитетін жоғалтуынан пайда болады.....
Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамның демократизация және жаңару үрдісінде қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алғаннан кейін өріс алған мәселелердің бірі өткеннің рухани, мәдени, тарихи қайта өрлеу мәселесі. Адамдар тіл арқылы бір-бірімен пікір алысады, өзара түсініседі. Қоғамдық істерді тындыру үшін адамдардың бірлесіп күш жұмсауына дәнекер ортақ тіл болуының маңызы ерекше. Ондай тіл халықтың - ана тілі. Қазақ тілі мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өркендеуінде елеулі роль атқарып келеді. Қазіргі қазақ тілі оралымды, бай тілге айналды. Дегенмен қазіргі кезде қазақ тілінің қызмет етуі потенциалды мүмкіншіліктерді аспауы көптілдік факторымен тежелгені туралы мәліметтер бар.Соңғы жылдары қазақ тілі өз құқығына жалпы енгенмен, толық оны қолдану мәселесі шешілген жоқ. Бұндай жағдайда бастауыш мектеп жастағы балаларда бай, грамматикалық жағынан дұрыс құрастырылған ауысша сөйлеуін дамыту қажеттілігі туады. ....
КІРІСПЕ Психофизиология ұғымын XIX ғасырдың, басында француз филолсофы Н. Массиас ұсынған. Писхофизиология физиологияның нақты объективті әдістеріне (сенсорлық жүйелердің табалдырық күшін анықтауға, жауап реакциясының уақытын және т.б. бағалау) сүйене отырып, психиканың көптеген қасиеттін зерттеуден басталған, жаратылыстану саласын да, әлеуметтік гуманитарлық цикіліне де кіретін ғылым. Пән ретінде білім беру бағдарламалардың жоғары, орта және арнайы оқу орындарындағы писхология, биология, педагогикалық мамандар даярлайтын бөлімдеріне, болашақта барлық мамандықтарға да қажетті, әрі бүгінгі ғылым білім саласында өз орнына да ие болатынына толық сенуге тұратын кешенді теориялық-экспериментальдық ғылым. Психофизиологияның және физиологиялық психологияның да зерттейтін объектісі де, қолданатын әдістері де физиологияның негізінде болғандықтан, В.Вундтың XIX ғасырдың аяғында ұсынған физиологиялық психологиясы да немесе Н.Массиастың психологиялық физиологиясы да біртұтас мақсатағы үндес ғылымдар. Бұған дәлелді мағлұматтар: Дж. Хассет (1981), А.Р. Лурия (1973), Л.С. Выготский (1982), П.К. Анохин (1968), Н.А. Бернштейн (1963), Е.Н. Соколов (1995), Ю.И. Александров (1997), Н.Н. Данилова (1998) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде ашылып берілген.....
Кіріспе Дефектология ғылымының, сондай-ақ арнайы мектептің ең күрделі мәселелерінің бірі- кемістігі бар балаларды тәрбиелеу. Тәрбие- педагогикалық ұғымдардың бірі. Тәрбие деп- мұғалімнің және тәрбиешінің, ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Курстық жұмысымды мына жазған еңбектерден жаздым. Соның ішінде: С.Б.Хмыров, В.П.Ермаков, Г.А.Якушин, А.М.Мещеряков, С.А.Зыкова, Л.А.Головчиц, М.И.Никитина, А.Г.Басова, С.Ф.Егоров, Н.М.Белова, А.И.Дьячкова, Г.Н.Пенин, З.А.Понмарова, Н.А.Рау, П.П.Печапина, Б.Г.Лавинсон сияқты ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жаздым. Кемістігі бар балаларды жан-жақты тәрбиелей отырып, қоғамның бір мүшесі етіп қалыптастыру және көптеген арнайы мектептерде сияқты, естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің негізгі проблемаларының бірі- тәрбиешілердің арнайы мамандықтарының жоқтығы. Сондықтанда біз, келешек дефектолог-сурдопедагогтар осындай жағдайларды тудырмауға тырысуымыз керек. 1. Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны.....
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
Оқушылардың қабілеттілігіне байланысты іріктеп алған жөн. Спорттағы іріктеу және екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші іріктеу - келешек спортшымен танысу, оны жан -жақты зертеу. Ол мынадай іріктеуден тұрады: 1) Қозғалыс қасиеттерін әр түрлі сынақтар арқылы бағалау. 2) Дене құрлысы ерекшеліктерін көру, бағалау. 3) Психо- физиологиялық тексерулер (сұрақ қою әдісі). 4) Ата-аналарымен танысу. Екінші іріктеу кезеңінде жас спортшының қабілеттілігі және бастапқы мамандану кезіндегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударган жөн (организмнің ңұрлысы және дене мүшелері). Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза, граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы, ауыр салмақты болуымен бірге, айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардың аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с. Физиологиялық ерекшеліктер.....
Баскетболда күш жылдам дайындықтың әдістемелік ерекшеліктері, бүгінгі баскетболға ұқсас ойындардың сипаттамаларын көне нормандар мен Колумбқа дейінгі Америка мәдениетінен табуға болады. Осы ойынның жаңартылған түрі - пок-та-пок бұрын діни салт болса керек. Осы салт қазіргі кезде Мексиканың солтүстік штаттарында спорттық ойын-сауық пен туристтерге арналған аттракцион ретінде ұйымдастырылады. Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) —- доппен ойналатын командалық спорт ойыны. Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.....
Ерекше білім алу қажеттілігіне ие адамның оқу – танымдық іскерлігі бірқалыпты дамушы балаларды оқыту кезінде қаралатын дәстүрлі құралдарды қолдану кезінде әрдайым тиімді бола бермейді. Сол себепті оқыту мен тәрбиелеудің спецификалық әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Кез - келген оқу пәні құрамының үлкен көп түрлілігінен сипатталады. Оқыту құралдары арнаулы білім беру жүйесінің ұстанымдарына сәйкес келуі тиіс. Осыған байланысты қандай да бір құралды қолдану құны оның оқушылар үшін білімді қаншалықты жеткілікті және мәжбүрлі ететіндігімен анықталады, олардың түрлі жас ерекшеліктік сатылардағы танымдық мүмкіндіктерін ескереді, оқу материалын меңгерудің саналық және беріктілік деғгейінің қажетті дәрежесін қамтамасыз етеді. Арнаулы жүйеде білімді меңгеруге білімді өзінше меңгеру бойынша жүйелі жұмыстардың әдептерін қалыптастыруға әкеп соқтырады, оқушылардың индивидуалды ерекшеліктерін фронтальды және индивидуалды жұмыстардың рационалды сәйкестілігі оқытуға дифференциалды түрде жақындасуды ескереді, сөйлеу ойлау қабілеттінің артуына үлесін қосады, материалды меңгерудің іскерліктік көрнекілік - тәжірибелік негізін қамтамасыз етеді, оқытудың коррекциялық - компенсациялық батылдығын қамтиды, әлеуметтік бейімделу үшін қажетті білімдер мен әдіптердің дамуына ат салысады, әрекет етудің әдістерінің қалыптасуы мен білімдерді меңгеруге ғана әкеп соқтырмай сондай - ақ тұлғаны тәрбиелеуді жалпы дамытуды қамтамасыз етеді. Оқытушының сөзі оқушыларға білім берудің құралы болуы тиіс. Оны балалар жетік қабылдауы қажет. Сол себепті арнаулы білім беру жүйесінде қызмет жасайтын педагогтың сөйлеу қабілеттілігіне оқушылардың контигентінің спецификасына орай, ерекше талаптар қойылады. Оның сөзі түсінікті, анық шынайы түрде шығуы қажет. Арнаулы білім беру мекемесінде жұмыс істейтін педагог сөйлеу оқиғасы ретінде оқыту сабағының құрамы мен ритмін жобалай алуы тиіс, сөздік импровизация техникасын жетік білуі, оқушылардың сөйлеу іскерлігінің белсенді түрде енуіне ықпал ететін жағдайларды табуы және қолдана алуы, қысқа әрі фразаларды құруда хас шебер болуы өте маңызды....
Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрлішс ауытқулары бар және жаллы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз -ол апоmolоs грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді. Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе - бүл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулыктардағы тақырыптарды окуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткеиі оның психикалық даму цроцессі қалыпты жағдайда өтті. Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады. Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар: 1. есту қызметі бүзылған балалар (керең немесс саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); 2. көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін); 3. сөйлеу қабілеті бұзылған - логопаттар; 4. интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелген ....