Көз көріп құлақ естімеген

Кімде-кім ешкімнің көзі көріп, құлағы естімегенді жасаса, сол корольдің қызына үйленеді, жасауына жарты корольдік беріледі.

Солай деп хабарлау мұң екен, барлық жігіттердің, олардан қалыспай шалдардың да бастары қатты. Бәрі де жаппай жанталасты: екеуі лықа тойып тамақ жеді, тағы екеуі ес-түстен айрылғанша ішті өздерінше көз көріп, құлақ......
Ертегілер
Толық

Қырық өтірік

Бар екен де жоқ екен, аш екен де тоқ екен. Ерте, ерте, ертеде, ертегі еткен заманда, халықты хан билепті, халық ханнан зар илепті. Хан бүлік бопты, хан еріксе халық ойыншық болыпты... Нақ осы айтқанның өзіндей заң, ұстараның жүзіндей хан, қаны тасып еріккен хан, шарап ішіп желіккен хан — халқына жар шақырыпты.

— Кім де кім......
Ертегілер
Толық

Жеті жасар Алисия Рейнбердтің қаламынан туған таңғажайып ертегі

Диккенс мен үшін алдында ізетпен бас иер жазушым болып қала береді.

А. М. Горький

Бағзы бір кезде король мен королева өмір сүріпті. Король еркек кіндік атаулының ең ер жүрегі де, королева әйел затының ең сұлуы екен. Жалақыны король басқармада қызмет етіп тауып тұрады. Ал королева деревнядан шықса керек, әкесі село дәрігері болыпты.

Олардың балалары......
Ертегілер
Толық

Қожанасыр әңгімелері

I

Қожаның үйіне бір күні шәкірттері жиылып келіп байқаса, қораның ішінде бір семіз тоқты тұр екен. Қожаның сойғалы семіртіп отырған тоқтысы болады. Шәкірттері Қожаның аңқаулығына сеніп, оны алдап, тоқтыны сойғызбақ болып, қасына жиылады да:

— Қожеке-ай, мына тоқтыға көп еңбекті босқа сарп қылғаныңыз-ай! Енді қызығын көрмей қаласыз-ау! — деседі.......
Ертегілер
Толық

Бақытты семья

Сіздегі жапырақтың ең үлкені, әрине, түйежапырақ: алдыңа байлап алсаң белдемше, жаңбырда басыңа жамылсаң қолшатыр. Түйе жапырақтың аты затына сай, сондай үлкен! Ол жалғанда жалғыз-жарым өскен емес. Ұдайы біреуі бар жерде көп кездеседі, тіпті айтып жеткізгісіз мол мөлшерде. Және осы молшылық түгелімен ұлулардың тамағы. Ал енді ол ақ, үлкен ұлулардың өзін ертеректе мәртебелі мырзалар жейтін; ұлудан тағам әзірленіп, оны жеп отырған игі жақсылар: «Шіркін, қандай тәтті», деуді ұмытпайтын.......
Ертегілер
Толық

Корольдер мәткелер мен балталар

Қағаздан қиып, желімдеп, қандай ғажап ойыншықтар жасап алуға болады десеңші! Бірде қиып, желімдеп ойыншық қорған жасалынды; оның үлкендігі сондай бір өзі бүкіл үстелдің үстін алып кетті; сонан соң оны құдды қызыл кірпіштен жасалғандай етіп бояп қойды. Қорғанның әдемі мыс шатыры, мұнарасы мен ашылмалы көпірі болды, ордың ішіндегі суы айнадай жалтырады, ол араға өзі де айнала шыны қойылған болатын. Ең биіктегі қарауыл мұнарасында қолында кернейі бар күзетші қойылды, ол кернейді......
Ертегілер
Толық

Не қылса да көн күйеуіңдікі жөн

Ал, кәне, мен саған ертеде болған бір оқиғаны айтып берейін. Мен оны бала күнімде естіп едім. Содан бері сол әңгіме есіме түскен сайын жасара беретін тәрізді. Әңгіме де адам тәрізді ғой: олардың тіршілігі жасы ұлғайған сайын кемелденіп, ақыл-парасаты толыса түседі, оған да шүкіршілік.

Сен, әрине, деревняда болған шығарсың, шатырына сабан жапқан кәдімгі шаруалар үйін де көрдің ғой. Мұндай......
Ертегілер
Толық

Қола қабан

Болған оқиға Флоренциядағы Грандук алаңының төңірегінде, ұмытпасам, Порта-Росса – деп аталатын шағын көше бар. Сол жерде жеміс дүкенінің алдында қоладан тамаша қылып құйған қабанның ескерткіші тұр. Қабанның аузынан мөп-мөлдір салқын су атқылайды. Ескерткіш әбден ескіріп қошқыл тартқан, тек тұмсығы ғана сырлап қойғандай жып-жылтыр. Өйткені қаптаған бала-шаға, үлкен кісі еңкейіп, аузын тосып, су ішкен сайын, әлгі тұмсықтан қолдарымен ұстайтын. Жартылай жалаңаш сүп-сүйкімді балалардың......
Ертегілер
Толық

Бәйшешек

Қыстың үскірік желі соғып тұрған, ал үйшіктің іші әрі жылы, әрі жайлы еді. Онда гүл тығылып жатты. Ол өзінің үйшігі баданасының ішіне жасырынып қар басқан жер астында жатқан-ды. Бірде жаңбыр жауды. Тамшылар қардың қыртысын тесіп өтіп, гүлдің баданасын ұрғылай бастады. Олар жер бетіндегі жарық дүние жайында жыр қып айтты. Өзі нәзік, әрі өжет күн сәулесі олардың ізімен іле-шала қардан өтіп келіп бадананы жылыта бастады.......
Ертегілер
Толық

Жаға

Баяғыда бір сәнқой болыпты. Оның жатса-тұрса бар ойлайтыны етіктің қалыбы, тарақ және тамаша бір сәнді жаға болыпты. Міне, әңгімеміз де сол жайында болмақ.

Жарық дүниеде біршама ғұмыр сүрген сол қыстырма жаға енді үйлену жайлы ойлана бастады. Бірде оның шұлықтың баулығымен жуылуына тура келді.

— Ой, – деді жаға. – Неткен сымбат, неткен......
Ертегілер
Толық