Түс көрген патша

Ескі заманда бір патша «түс көрдім, түсімде не көрдім?» деп, өзіне қарасты жұртын жинап, қинай береді. «Не көрдіңіз?» десе, айтпайды. «Көргенімді табасың» деп ашуланып, ақыры қырық күн мерзім қояды.
«Осы күнге дейін табасың, таппасаң бәріңнің басыңды аламын. Маған қарасты бірің аман қалмайсың, – деп уағда берген. Бұның жұрты күңіренеді, жылайды, теңселеді, тебіренеді. Құмырсқадай қара қалың ел біреуі де таба алмайды, сонда мерзімді күнде патша бәрін жиып, сұрап, таппаған соң, қыратын болып: «Маған қарасты жаннан есін білген, ақылын таныған, қартайып алжығаннан бөлек адам, ішкері-тыскері жолаушы жүрген, шажау-шайғы келмей қалған адам бар ма?» – деп сұратады.......
Ертегілер
Толық