Өсімдіктер қайда өседі

Мақсаты: Балаларға өсімдіктер әлемі жайында түсінік беру. Бау – бақшада өсетін жеміс – жидектерге тоқталу, жылдың қай мезгілінде өсетінін балаларға түсіндіру. Балалардың көргендерін өз бетінше айтуға үйрету.
І кезең
Дәлелдеу - ояту
Жылулық шеңбері:
Қуыр, қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Бас бармақ, Сен тұр - қозыңа бар!
Балалы үйрек, Сен тұр - лағыңа бар!
Ортан терек, Сен тұр - құлыныңа бар!
Шылдыр шүмек, Сен тұр - бұзауыңа бар!
Кішкене бөбек, Сен тұр - ботаңа бар! Балалар бір - біріне қарама - қарсы тұрып саусақ ойынын ойнайды.

II кезең
Іздену, ұйымдастырушы Өсімдіктер қайда өсетіні жайлы әңгімелесу. Жемістермен көкөністердің қайда өсетінін айту.
Тәрбиеші: Балаларға бау - бақшада, ағашта өсетін өсімдіктердің қай мезгілде отырғызып, қай мезгілде пісіп, қай мезгілде жинап алынатынын көру үшін «өсімдіктер әлеміне» саяхатқа баратынын хабарлайды. Саяхатқа барғанда балалар кедергілерден: судан, көпірден, ұзын - қысқа ирек жолдардан өтеді. Көктем, жаз, күз мезгілдеріне кездеседі. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық