ӨНЕР КӨЗІ ХАЛЫҚТА

Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Өнер көзі – халықта»
Мақсаты: Қазақ халқының өрнегін орамалдың түсіне сәйкес түстерді іріктеп, ерекшелеуге үйрету. Таныс қазақ өрнегінің элементтерінен өздігінен оюды жапсыру дағдысын бекіту. Мұқияттылыққа, ұқыпты жапсыруға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: басқұр, орамал, безендіру.
Қолданады:оюлардың суреті, жапсыруға қажетті құрал-жабдықтар, киіз үй.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері
 Алақандарымызды үйкелейікші.
– Алақандарыңды үйкелегенде не сездіңдер?
 Енді, осы жылуымызды бір-бірімізге ізгі тілектер білдіру арқылы берейік. Мен бастаймын, сендер жалғастырасыңдар. Айлана ақылды бол! Алақандарын үйкелейді.
– Жылу сезіндік.
– Аспанымыз ашық болсын! Денің сау болсын! Әрқашанда әдемі болып жүр! Достарың көп болсын! т.б. тілектер айтады. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық