Алтын сандық

Мақсаты:

- «Алтын сандық» интеллектуалды ойын арқылы балалардың алған білімдерін бақылау.
- Сөздік қорын, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүние танымын кеңейту.
- Еркін сөйлеуге,Отанды сүюге, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын, сұрақ–жауап, сергіту сәті, қортынды.
Көрнекіліктер: Шарлар, гүлдер, алтын сандық, жұлдызшалар, әр балаға көтеретін таяқшалар, үлестірмелі суреттер тақта.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, бүлдіршіндер мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылып отырған «Алтын сандық» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер.

Ән: «Бау- бақша белдер» хор

Ойын төрт бөлімнен тұрады:

1) «Ұшқыр ой» (берілген әріптерге сөз ойлау)

2) «1001 жұмбақ» (жұмбақтарды шешіп, суреттерін табулары керек.)

3) «Озық болсаң, шауып көр» (әр топқа бес-бестен сұрақтар қойылады, шапшың жауап берулері керек.)

4) «Біз дайындаған сыйлық» (қиынды суреттер арқылы каллаж жасау)

Ойынымыздың ерекшелігі әр тапсырманы орындаған сайын жолымыздағы шарларды бір – бірден жарып отырамыз. Жолымыздағы шарлар біткенде Алтын сандыққа да келіп жетеміз, алтын сандықтың ішінде бізге арналған сыйлықтар болады. Ойын шарты түсінікті ме?.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық