Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі психологиялық жұмыстың мазмұны

Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі бар. Оның үстіне мұндай таңдау — республика халқының саны ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге дейін төмендеуі мүмкін.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен өзгерулері жағдайында болып жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің түпкілікті емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу қаупінің шындыққа айналып келе жатқанын байқауға болады. Соған орай көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жүйелі тұғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға шығады.
Әрине, көші-қон үдерістерін зерттеулер жүргізілуде, алайда олардың ауқымы жеткіліксіз және өзара байланыстырылмаған. Олар негізінен көші-қонның ең кең тараған көріністерін зерттеуге бағытталған. Көші-қонның осындай аспектілерінің бірі еңбек миграциясы болып табылады, оның үстіне көп жағдайда мұндай зерттеулердің нәтижесі дамыған индустриялық дәуірден соңғы елдер үшін дұрыс болып табылатын тұжырымдамаларды қайталайды. Бұл жағдайда әңгіме осы құбылыстың себептері жөнінде болып отыр — басты себеп ретінде жалақының төмен болуы көрсетілуде. Мұндай көзқарас мәселені тым қарабайырландырып жібереді, себебі, бұл жағдайда өндірістің типтері мен қозғаушы күштерінің модельдерінен бастап экономикалық дамудың мақсаты мен құралдарына дейінгі экономиканың барлық құрам бөліктерінің іс жүзіндегі өзгерулеріне байланысты туындайтын өтпелі экономиканың заңдылықтары есепке алынбайды. Бұл жағдайларда өздігінен алғанда жалақы деңгейінің көші-

Біз халықтың миграциясын еңбек бөлінісінің ең алдымен өндіріс саласына, иелену, меншікке алу салаларына қатысты екенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырамыз. Адамдардың өндірістік өзара әрекеттесуімен байланысты болған миграциялық үдерістердің нәтижесінде меншік мәселелері басшылыққа алынады — адамдардың еңбек бөлінісімен шартталған іс-әрекетінің нәтижесінде жасалатын қоғамдық байлықты иелену көзделеді. Әрине, адамдардың мұндай қозғалыстарында әрдайым экономикалық және әлеуметтік мүдделердің қатысы болады, бұның өзі халықтың көшіп-қонуға ниеттенуінің негізгі өзегі болып табылады. Егер, тіпті көшіп-қонудың себебі отбасылық жағдайлар немесе кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктері, я болмаса қолайлырақ табиғи-климаттық жағдайлар, әлде ұлтаралық қақтығыстар болған күннің өзінде миграциялық үдерістердің қалыптасуының түпкілікті себептерін талдап-зерделейтін болсақ, оның негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдделер жатқанын көрер едік. ....
Рефераттар
Толық

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жалақы мөлшері өсті

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде жалақы, зейнетақы және жәрдемақы көлемі өсті деп хабарлайды Премьер-министрдің сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Өнер, білім және тіл

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Жүсіп Баласағұн

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.
Луций Анней Сенека
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

1 Қазан - Халықаралық қарттар күні (Қарттарын қадірлеген ел ардақты)

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің тәлімгері
Пшанова Айгүл Әбубәкірқызы
1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш сценарий

Сценарий мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Технология | Қаладағы көлікпен байланысты экстремальдық жағдайлар

Адамның өзі жасаған өмір суру ортасының бірден бір бөлігі – көлік жүйесі.Кез-келген адам өзінің жасына немесе мамандығына қарамастан әр күнді осы көліктің түрлерімен күнделікті пайдаланып жатады.Көлік адамның,тіпті қоғам өмірінің боліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі.
Бүгінгі заманғы көлік жүйесі қоғамдық (теміржол, автокөлік, теңіз,өзен, әуе көлігі және труба арқылы) және жекеменшік болып екіге бөлінеді.Жоғарыда айтылғанның бәрі көлік жүргізушілер үшін ғана емес,айнала қоршаған орта үшін де аса қауіпті аймақ болып есептеледі.
Теміржол көлігі.Қазіргі замандағы теміржол жүйесі аса қауіпті аймақ ретінде белгілі.Жүк таситын пойыздар 90 км/сағ., ал жолаушы пойызы- 140 км/сағ. Жылдамдығымен жүре алады.Жолаушылар таситын пойыздың жалпы салмағы 1000 т. асса,жүк пойыздарының салмағы одан бірнеше есе ауыр болып келеді,сондықтан пойыз құрамасы бірден тоқтамай алмайды.Пойыздың тежеу жолы бірнеше жүз метрге созылады.
Теміржолдарда ірі-ірі апаттар, мыңдаған шағын оқиғалар болып тұрады,темір жол ұйымдары үлкен зиян шегіп жатады, тіпті адам өлімдері де болып тұрады.
Пойыздармен тасымалданатын жүктердің 3000-нан астам түрлері қауіп туғызатын химиялық заттар екен.Олардың ішінде 0орша5ан орта5а6 табиғатқа,адамдарға ,үлкен залалын тигізетін газ,химиялық заттар, жанғыш заттар сияқты жарылысқа әкелетін, уландыратын, ауру тарататын зардабы бар жүктер өте жиі кездеседі.
Тыйым салынады:
 Вагонның төбесінде, баспалдағында , вагондардың арасындағы алаңдарға жолаушылардың журуіне болмайды;
 Жүріп келе жатқан пойызға мінгізуге (түсүруге)болмайды
 Жүріп келе жатқан пойыздың вагондарының терезесінен, есіктерінен шығып немесе бас шығарып қарауға болмайды
 Вагондарда жеңіл жанғыш, жарылғыш заттарды алып журуге болмайды
 Платформадан темір жолға секіруге болмайды
 Вагонда, тамбурда,арнайы орындардан басқа жерде темекі шегуге болмайды
 Пойыз өтіп келе жатқанда, платформаның шетіне 2м жақын тұруға болмайды.
Пойыздың құрамасының үстіне шығу,әсіресе, электрленген темір жолдардағы пойыздарға, контакты сымдарға 2 метрге жақындау адам өміріне аса қауыпты.
Әуе көлігі.
әуе көлігіндегі қаупсіздік келесі жолдармен қамтамасыз етеді:
 Жолаушылардың өздерін және қол жүктерін тексеріп отыру
 әуе кемелерін арнайы тексеру
 әуе кәсіпорындарындағы өткізу тәртібі мен объектінің ішкі тәртібін ұйымдастыру және қатал қадағалау
 авиациялық техникалардың күзетін қамтамасыз ету
 әуе кемелерін басып алуды қамтамасыз ету үшін қажетті күш пен заттарды дайындау
 әуе жай мен азаматтық авиация объектлілерін қоршау
Осы аталған іс-шаралардың кейбіреуін қарастырайық.....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | Тілдік қатынас мәселесіне байланысты қолданылатын терминдер жүйесі

Тілдік коммуникация туралы мәселені қарастырмастан бұрын, "коммуникация" немесе "коммуникативтік" терминдері қандай мағынаны білдіріп, қалай қолданылатындығы жөнінде айта кеткен жөн.
Қазақ тіл біліміне қатысты шыққан еңбектерде "коммуникатив" деген сөз алпысыншы жылдардан бастап кездеседі. Тілшілер кітаптарында бұл терминді тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне қатысты қолданғанмен, оның мән-мағынасына түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ.
1959 жылы шыққан казақ тілі сөздігінің бірінші томында "коммуиикация" сөзі берілмеген. Бұл сөздікте "коммуникациялық" деген сын есім көрсетіліп, оған қысқаша түсініктеме айтылған. Мысалы, "Коммуникациялық" — сын. Қатынастық, қарым-қатынастық.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі мен орыс тілінің түсіндірме сөздіктерінің арасында байланыс бар. Әсіресе ертеректе шыққан сөздіктерде "коммуникация" сөзінің мағыналары бірдей болып келеді.
С.И.Ожеговтың сөздігінде де екі сөзге түсініктеме беріліен. Мұнда "коммуникация"' сөзінің екі мағынасы көрсетілген. Соның екіншісі бұл терминнің тілге қатысты қолданылу ерекшелігін атап өтеді:....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты

Біздің ұлы көршіміз Қытай мемлекетінің тарихының ең бір күрделі де қызық оқиғаларға толы кезеңі - оның 19 ғасырлардағы тарихы болып саналады. Дәл осы кезеңнен бастап, Қытай өзінің осыған дейін өзін қоршаған елдер туралы ежелгі заманда қалыптастырған дәстүрлі өркөкірек саясатына өзгерістер енгізіп, өзінен де күшті елдер мен халықтардың өмір сүретінтіндігін, олармен тең дәрежедегі, тіпті кейде оларға тәуелділікті мойынадайтын саясат ұстануға мәжбүр болады. Осындай жағдайларға байланысты Қытай дипломатиясының нағыз қитұрқы саяси принциптері дүниеге келеді.
Қытай, осы жылдары, өзiмен көршi жатқан көшпелi тайпалардың шабуылына ұшырап, тiптi Қытай мемлекетiнiң территорияларын жат жерлiктердiң бөлшектеп, оны өз иелiктерiне айналдырған кезеңiн де бастан кешiрдi. Қьrтай көшпелiлердiң басқыншылығы салдарынан осы кезеңнен бастап eкi үлкен аймаққа - Солтүстiк Қьrтай және Оңтүстiк Қытай деп бөлiнiп, бiртұтас Қытай халқының тiлi мен мәдениетi, өмip сүру тiршiлiгi, тұрмыс салты мен шаруашылығы жағынан бiр-бiрiнен айырмашылығы бар eкi аймақтың өзiндiк сипатқа ие халқы болып eкire бөлiндi. Солтүстiк Қытай жерi көшпелiлердiң ғасырлар бойғы шабуылдары мен басқыншылық ошағына айналғандықатн және орта ғасырларда, бұл жерде көшпелілердің бірнеше мемлекеттерi өмір сүргендіктен тiптi, жергiлiктi халықтың антропологиялық түр сипаты да өзгеріске ұшырап, олардың тілі де мәдени лингвистикалық жағынан бұрыңғы көне қытай тілінен, әрине, оңтүстік қытайлықтардың тілінен көп айырмашылыққа ұшыраған.....
Курстық жұмыстар
Толық