Қыс туралы тақпақтар

Қыс туралы тақпақтар жинағы балабақша, бастауыш балаларына арналған қыс, қар жайлы тақпақ жарияланды.

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.

Тақпақтар
Толық

Міне қандай аққала

Сабақтың мақсаты: Табиғат ерекшеліктерін, оның әсемдігін байқау. Жапсыру сабағы арқылы бейне жасап үйрету.
Білімділігі: Балаларға аққала құра білуді (қыс пен жаз) үйрету. Қыс пен жаздың, суық және жылы түстердің айырмашылығын ажырату, түс ерекшеліктерін байқау. Желіммен дұрыс жұмыс істеу дағдысын пысықтау. Аққала қандай түсте болатынын анықтау және бекіту.
Дамытушылығы: Балалардың ой қиялын дамыту, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Қайшымен қию арқылы қол, саусақ ұсақ моторикасын дамыту. Табиғат сұлулығын сезіне білу, аялай білу.
Тәрбиелігі: Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікті, әсемдікті көре білуге, ұжым болып жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Қажетті материалдар: Желім, көк түсті қатырма қағаз, түрлі - түсті қағаздар, қайшы, әртүрлі жанрда салынған суреттер. Үнтаспа, сүлгі, сандық, Аққаланың суреті, доптар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ойын элементтері, сұрақ - жауап, көрнекілік
Сабақтың барысы:
Балалар, бүгін тағы бір жаңа күн келді. Ол бізге бар жылуымен «Қайырлы күн!» дейді. Қане, бізде сәлемдесейік. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Аққала – ақ бала

Аққала мен ақ бала,
Сырғанайды сырғанақта.
Жаздым тақпақ бәріне,
Ақ қыс сұлу ақ өлең.
Ақ бала жасады аққала.
Ақ қар жатыр далада.
Тақпақтар
Толық

Қыс туралы 11 шумақ тақпақ

Аққала соқты балалар,
Шаңғы, шана теуіп жүр.
Өте қызық ойнауда,
Мұзда коньки теуіп жүр.
Айбек, Жалғас қырға барыпты.
Балалармен қызыққа батыпты.
Балалар үйге келіпті,
Анасы тамақ беріпті.
Сосын сабақты оқыпты,
Сабақты бітіріп болған соң,
Ұйқыға жатыпты.

Тақпақтар
Толық